"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына, бюджет қаражаты есебінен оқу ақысын төлей отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсетін адамдармен келісімшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 26 қазандағы № 736 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 қазанда № 21522 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына, бюджет қаражаты есебінен оқу ақысын төлей отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсетін адамдармен келісімшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 500 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13796 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына, бюджет қаражаты есебінен оқу ақысын төлей отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсетін адамдармен келісімшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ІІМ-нің білім беру ұйымдарына оқуға түсетін адамдармен Келісімшарт қабылдау комиссиясының ІІМ білім беру ұйымының магистратурасына немесе PhD докторантурасына қабылдау туралы шешімі және ІІМ білім беру ұйымы бастығының қабылдау туралы бұйрығы шыққаннан кейін жасалады.

      Келісімшарт осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және оған ІІМ білім беру ұйымының бастығы, магистратураға немесе PhD докторантураға қабылданған қызметкер және қызметкерді оқуға жіберген қызметті жетекшілік ететін Ішкі істер министрінің орынбасары, немесе аумақтық полиция органдарының, ІІМ және оның ведомстволарының бағынысындағы мемлекеттік мекемелерінің (бұдан әрі – аумақтық ІІО) басшылары қол қояды.

      Келісімшарт үш данада қазақ немесе орыс тілдерінде жасалады, оның біреуі жеке іске тіркеледі, екіншісі магистрантқа (докторантқа) беріледі, үшіншісі магистрантты (докторантты) оқуға жіберген ІІМ, аумақтық ІІО, білім беру ұйымына жолданады. Келісімшарттың әрқайсысының бірдей заңды күші бар.".

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. ІІМ-нің білім беру ұйымы Жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес курсантты оқытуды ұйымдастыру бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдайды:

      __________________________________________________________________________

                        (білім беру бағдарламасының коды және атауы)

      Оқыту мерзімі: __________________________________________________________";

                        (білім беру ұйымындағы оқу кезеңі көрсетіледі)

      3-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) курсантты "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім алу шарттарымен қамтамасыз етуге;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) аумақтық полиция департаменттерінің, Көліктегі полиция департаментінің, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің өтінімдеріне сәйкес ішкі істер органдары бөліністеріне курсанттарды бөлу.";

      4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) егер ол оқуды үздік бітірсе, аумақтық полиция департаменттерінде, Көліктегі полиция департаментінде, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінде қызмет орнын таңдауға құқылы.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшаның 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. ІІМ білім беру ұйымы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша магистрантты/PhD докторантын күндізгі оқыту нысаны бойынша жоғары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытуды ұйымдастыру жөніндегі міндеттемелерді өзіне алады.

      _____________________________________________________________

                  (білім беру бағдарламасының коды және атауы)

      Оқу мерзімі: __________________________________________________

      ____________________________________________________________";

                  (білім беру ұйымында оқыған аралықты көрсету)

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2020 жылғы 26 қазаны
№ 736 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің білім
беру ұйымдарына, оқу ақысын
бюджет қаражаты есебінен
төлей отырып,
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
жолдамасы бойынша шет
мемлекеттердің құқық қорғау
органдарының жоғары білім
беретін кәсіптік оқу
бағдарламаларын іске
асыратын білім беру
ұйымдарына түсетін адамдармен
келісімшарт жасасу, ұзарту,
өзгерту, бұзу және тоқтату
тәртібі туралы қағидаларға
3-қосымша
  нысан

КЕЛІСІМШАРТ

Нұр-Сұлтан қаласы.

20__жылғы "__" _________

      Бұдан әрі "ІІМ" деп аталатын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 20____жылғы "___" ________ №___ бұйрығы негізінде әрекет ететін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі атынан

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      бір тараптан және бұдан әрі "Қызметкер" деп аталатын, шет елге оқуға

      жіберілетін ________________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), лауазымы, арнаулы атағы)

      екінші тараптан, ал бірге "Тараптар" деп аталатын төмендегілер туралы осы Келісімшартты жасады:

      1. Келісімшарттың мәні

      1. ІІМ қызметкерді _____________________________________________

      __________________________________________________________________

                              (ел, қала, оқу орны)

      20 ___ жылғы "___" _________ бастап 20 ___ жылғы "___" _________ дейінгі кезеңде оқуға жібереді.

      2. Тараптардың құқықтары

      2. ІІМ:

      1) Қызметкер осы Келісімшарттың талаптарының біреуін бұзуға жол берген жағдайда, сондай-ақ қызметтік қажеттілік туындаған барлық жағдайларда оны мерзімінен бұрын шақыртып алуға;

      2) "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңға сәйкес қызметкерден мынадай жағдайларда:

      оқуын жалғастырудан бас тартқан;

      шет мемлекетің заңнамасында көзделген елде болу және оқу орнының ішкі тәртіптеме қағидаларын бұзған;

      Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан;

      ішкі істер органдарындағы қызметтен босатылған жағдайларда қызметкерді шетелде оқыту республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылған кезде оның шет елде оқуымен және жол жүруімен байланысты Қазақстан Республикасы ІІМ жұмсаған барлық шығындарды "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өндіру бойынша шаралар қабылдауға құқылы.

      3. Қызметкер:

      1) Оқуын мынадай негіздер бойынша:

      қызметкер оқитын елдің тиісті құжаттарымен расталған жағдайда Қызметкердің өзінің ауруына байланысты;

      растайтын құжаттар болған жағдайда Қызметкердің жақын туыстарының немесе оның асырауындағы адамдардың ауруы немесе қайтыс болуына байланысты мерзімі аяқталғанға дейін уақытша тоқтатуға немесе бұзуға;

      2) ІІМ алдында осы келісімшарттың мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ ақшалай қаражатты мемлекет кірісіне қайтару мерзімін ұзарту туралы өтініш білдіруге құқылы.

      3. Тараптардың міндеттері

      4. ІІМ:

      1) оқыту республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылған жағдайда қызметкерді жоғарыда көрсетілген оқу орнында 20___жылғы "____" ______ мен 20___жылғы "____" ______аралығында оқытуды ұйымдастыруға не оқыту Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер арқылы қаржыландырылған жағдайда оқуға жіберуді ұйымдастыруға;

      2) жоғарыда көрсетілген оқу орнындағы қызметкерді оқыту, оның тұру, тамақтану, ай сайынғы стипендиясын толық төлеуді ұйыымдастыру (қызметкерді жеңілдік және өтеусіз негіздегі оқытудың жағдайларынан басқа), сонымен қатар білім беру мекемесіне (оқыту орнынна дейін), жазғы каникулдық демалысты өткізу орнына және қайта оқыту орнына жолданғанда автокөліктегі, теміржолдағы және ондайлар болмаған кезде немесе экономикалық нәтижелі жағдайда – көрсетілген жол жүру құжаттарының негізінде (көлік билеті және отырғызу талоны, автобуспен жүрген уақытта тек көлік билеті), экономикалық класс тарифімен әуе көлігінің құны төленсін;

      3) шет елде оқуын аяқтағаннан кейін Қызметкерді алған мамандығына сәйкес лауазымға тағайындауға;

      4) шет елде оқу кезеңінде Қызметкер қайтыс болған жағдайда ІІМ қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағында оның денесін жерлеуді ұйымдастыруға міндеттенеді. Жақын туысқандары Қазақстан Республикасынан тыс жерде жерлеу орнын белгілеген жағдайда ІІМ Қызметкердің денесін Қазақстан Республикасының аумағына жеткізуді төлейді.

      5. Қызметкер:

      1) өзі оқитын шетелдік оқу орны қоятын талаптарды орындауға;

      2) оқу орнының бағдарламасында көзделген білім мен кәсіби дағдыларды меңгеруге;

      3) демалыс орнына келген соң және кері қайтқаннан кейін бір ай ішінде жол жүру құжаттарын ІІМ-ге ұсынуға;

      4) оқуды тоқтату қажеттілігі туралы ІІМ-ге уақтылы хабарлауға;

      5) оқуын аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасына қайтып келуге және ішкі істер органдарында оқуын аяқтаған сәттен бастап кемінде бес жыл қызмет етуге міндеттенеді. Осы міндеттемені орындамаған жағдайда Қызметкер "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңға сәйкес қайта еспетеуді ескере отырып, оқуға жұмсалған қаржылай қаражатты толық көлемде ІІМ-ге қайтарады.

      6) Қызметкер осы Келісімшарттың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда оқудан шығарылған сәттен бастап бір жыл ішінде оның шет елде оқуына жұмсалған қаржылай қаражатты (оқу орнына бару және кері қайту билеттерінің құнын, оқуына, тамақтануына, тұруына, заттай үлесіне, демалыс кезеңіндегі жолақысын, медициналық сақтандыруға, стипендияға, оқу әдебиеттері мен Қызметкерді шет елде ұстауды растайтын басқа да шығыстарды) қайтаруға міндеттенеді.

      4. Тараптардың жауапкершілігі

      6. Осы келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапкершілікте болады.

      5. Келісімшарттың қолдану мерзімі

      7. Келісімшарт Қызметкердің оқу кезеңіне жасалады және Тараптар осы Келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.

      8. Тараптардың жазбаша келісімі бойынша Келісімшарт мерзімінен бұрын бұзылады немесе өзгертіледі, сондай-ақ екінші тарап Келісімшарттың талаптарын бұзған жағдайда, бір тараптың бастамасы бойынша бұзылады.

      9. Осы Келісімшартта тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт ұзартуға жатпайды.

      6. Келісімшарт бойынша тараптардың жауапкершілігін болдырмайтын мән-жайлар

      10. Егер орындалмауы еңсерілмейтін күш әрекетінің (форс-мажорлық мән-жайлар) салдарынан, яғни: Қызметкердің қайтыс болуы, су басу, өрт, жер сілкінісі, басқа да дүлдей зілзалалар, сондай-ақ соғыс, әскери іс-қимыл, бүлік, блокада, заңнамада немесе атқарушы билік органдары белгілеген актілер немесе шектеулер, жарияланған немесе жарияланбаған ереуілдер немесе Тараптардың бақылауынан тыс Келісімшарт жасалғаннан кейін туындаған басқа да кез келген мән-жайларда осы келісімшарт бойынша кез келген міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін тараптардың ешқайсысы жауапкершілікте болмайды.

      11. Міндеттемелерін орындауға еңсерілмейтін күштің мән-жайлары кедергі жасаған Тарап жазбаша түрде (факсимильдік байланыспен, телеграммамен) олар аяқталған сәттен бастап 24 сағат ішінде бұл туралы екінші тарапқа хабарлауға міндетті. Форс-мажорлық мән-жайлар қолданылуы аяқталғаннан кейін тараптар үш күн ішінде бір-біріне хабарлайды, әйтпесе Тараптар залалдың орнын толтырудан босатылмайды.

      12. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі 11-тармақта көрсетілген форс-мажорлық жағдайлардың қолданылу мерзіміне және оның салдарына шамалас ұзартылады.

      7. Дауларды қарау

      13. Осы келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындау барысында туындаған кез келген даулар келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі. Жойылмайтын қарама-қайшылықтар туындаған жағдайда соңғы шешімді Қазақстан Республикасының соты қабылдайды.

      8. Өзге де шарттар

      14. Осы келісімшарт Қызметкердің кінәсінен бұзылған жағдайда келтірген материалдық залалдың орнын толтыру осы Келісімшарттың міндетті шарты болып табылады.

      15. Келісімшарт екі данада, әр тарап үшін бір данадан жасалған, екі данасы да ұқсас және бірдей заңды күші бар, екі тарап қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.

      9. Қорытынды ережелер

      16. Осы Келісімшарттың ережелері Тараптар жасаған өзге келісім-шарттар бойынша тараптардың міндеттемелерін қозғамайды.

      10. Тараптардың деректемелері

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
010000, Нұр-Сұлтан қаласы,
Тәуелсіздік көшесі, 1
Тел. 8-7172 __________
БИК ККMFKZ2A
ИИК KZ92070101KSN0000000
БИН 960340000514
Банк: "Қазақстан Республикасы
Қаржымині Қазынашылық комитеті" ММ
______________________
М.О.

_________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
_________________________
мекенжайы
_________________________
лауазымы
_________________________
телефон
_________________________
кызметтік куәлік
_________________________
жеке куәлік,
_________________________
кім және қашан берді
_________________________
ЖСН
________________________
(қолы)


О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 мая 2016 года № 500 "Об утверждении Правил заключения, продления, изменения, расторжения и прекращения контракта с лицами, поступающими в организации образования Министерства внутренних дел Республики Казахстан, в организации образования, реализующие профессиональные учебные программы высшего образования правоохранительных органов иностранных государств по направлению Министерства внутренних дел Республики Казахстан с оплатой обучения за счет бюджетных средств"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 октября 2020 года № 736. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 октября 2020 года № 21522

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 мая 2016 года № 500 "Об утверждении Правил заключения, продления, изменения, расторжения и прекращения контракта с лицами, поступающими в организации образования Министерства внутренних дел Республики Казахстан, в организации образования, реализующие профессиональные учебные программы высшего образования правоохранительных органов иностранных государств по направлению Министерства внутренних дел Республики Казахстан с оплатой обучения за счет бюджетных средств" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13796, опубликован 1 июля 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в Правилах заключения, продления, изменения, расторжения и прекращения контракта с лицами, поступающими в организации образования Министерства внутренних дел Республики Казахстан, в организации образования, реализующие профессиональные учебные программы высшего образования правоохранительных органов иностранных государств по направлению Министерства внутренних дел Республики Казахстан с оплатой обучения за счет бюджетных средств, утвержденных указанным приказом:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. С лицами, поступающими на учебу в организации образования МВД, реализующие образовательные программы послевузовского образования контракт заключается после вынесения приемной комиссией решения о зачислении в магистратуру или докторантуру PhD организации образования МВД и издания приказа начальником организации образования МВД о зачислении.

      Контракт составляется и подписывается начальником организации образования МВД, сотрудником, зачисленным на учебу в магистратуру или докторантуру PhD, а также заместителем министра внутренних дел, курирующим линию деятельности направляемого сотрудника, или руководителями территориальных органов полиции, государственных учреждений, находящихся в введении МВД и его ведомств (далее – территориальные ОВД) или организаций образования МВД, направивших сотрудника на учебу по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      Контракт составляется в трех экземплярах на казахском или русском языках, один экземпляр приобщается к личному делу, второй выдается магистранту (докторанту), третий направляется в МВД, территориальный ОВД, организацию образования, направивший магистранта (докторанта) на учебу. Каждый из контрактов имеет одинаковую юридическую силу.";

      в приложении 1 к указанным Правилам:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Организация образования МВД принимает на себя обязательства по организации обучения курсанта в соответствии с государственным общеобязательным стандартом образования по очной форме обучения по образовательной программе высшего образования:

      _______________________________________________________________________________________________
                              (код и наименование образовательной программы)

      Срок обучения: _________________________________________________________________________________
                              (указать период обучения в организации образования)";

      в пункте 3:

      подпункт 1) изложить в следующей редакции:

      "1) обеспечить курсанту условия получения образования в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об образовании" от 27 июля 2007 года и требованиями государственных общеобязательных стандартов образования Республики Казахстан;";

      подпункт 11) изложить в следующей редакции:

      "11) распределить курсанта в подразделения органов внутренних дел согласно заявкам территориальных Департаментов полиции, Департамента полиции на транспорте, Департаментов уголовно-исполнительной системы.";

      подпункт 5) пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "5) выбора места службы в территориальных Департаментах полиции, Департаменте полиции на транспорте, Департаментах уголовно-исполнительной системы, если он окончил обучение с отличием.";

      пункт 1 приложения 2 к указанным Правилам изложить в следующей редакции:

      "1. Организация образования МВД принимает на себя обязательства по организации обучения магистранта/PhD докторанта в соответствии с государственным общеобязательным стандартом образования по очной форме обучения по образовательной программе послевузовского образования:

      ___________________________________________
      (код и наименование образовательной программы)

      Срок обучения: ______________________________
__________________________________________________
(указать период обучения в организации образования)";

      приложение 3 к указанным Правилам изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту кадровой политики Министерства внутренних дел Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представить в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведения об исполнении мероприятий, предусмотренных пунктом 1) и 2) настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
Е. Тургумбаев

  Приложение к приказу
Министра внутренних дел
Республики Казахстан
от 26 октября 2020 года № 736
  Приложение 3 к Правилам заключения, продления,
изменения, расторжения и прекращения контракта
с лицами, поступающими в организации
образования Министерства внутренних дел
Республики Казахстан, в организации образования,
реализующие профессиональные учебные программы
высшего образования правоохранительных органов
иностранных государств по направлению
Министерства внутренних дел Республики Казахстан
с оплатой обучения за счет бюджетных средств
  форма

КОНТРАКТ

г. Нур-Султан

"____" _________20__года

      Министерство внутренних дел Республики Казахстан, в лице____________________________________,
действующего на основании приказа Министра внутренних дел Республики Казахстан от "__" _______20__г.
№________ именуемое в дальнейшем "МВД", с одной стороны и лицо _______________________________
_____________________________________________________________________________________________,
                  (фамилия, имя, отчество (при его наличии), должность специальное звание)
направляемый на обучение в иностранное государство, именуемый(ая) в дальнейшем "Сотрудник", а вместе
именуемые "Стороны", заключили настоящий Контракт о нижеследующем:

      1. Предмет Контракта

      1. МВД направляет Сотрудника на обучение в ______________________
____________________________________________________________________
                  (страна, город, учебное заведение)
на период с ______________20___года по _____________20___года.

      2. Права сторон

      2. МВД имеет право:

      1) досрочно отозвать Сотрудника в случае допущения последним нарушения одного из условий настоящего Контракта, а также во всех случаях возникновения служебной необходимости;

      2) принимать меры по взысканию с Сотрудника в соответствии с Законом "О правоохранительной службе", всех затрат, понесенных МВД, связанных с его обучением в зарубежной стране и проездом при условии финансирования обучения сотрудника в зарубежной стране за счет средств республиканского бюджета в следующих случаях:

      отказа от продолжения учебы;

      нарушения правил пребывания и внутреннего распорядка учебного заведения, предусмотренных законодательством зарубежного государства;

      выхода из гражданства Республики Казахстан;

      увольнения из органов внутренних дел.

      3. Сотрудник имеет право:

      1) временно прервать либо расторгнуть настоящий Контракт до истечения срока обучения по следующим основаниям:

      в связи с болезнью самого Сотрудника, подтвержденной соответствующими документами той страны, в которой Сотрудник проходит обучение;

      в связи с болезнью или смертью близких родственников Сотрудника либо лиц, находящихся на его иждивении, при наличии подтверждающих документов;

      2) ходатайствовать перед МВД о продлении срока действия настоящего контракта, а также по продлению срока возмещения финансовых средств в доход государства.

      3. Обязанности сторон

      4. МВД обязуется:

      1) организовать обучение сотрудника в вышеуказанном учебном заведении в период с "___" _______20___года по "___" _______20__года в случае финансирования обучения за счет средств республиканского бюджета либо организовать направление на обучение, в случае финансирования обучения за счет иных, не запрещенных законодательством Республики Казахстан источников;

      2) организовать полную оплату стоимости обучения, проживания, питания, ежемесячной стипендии Сотрудника в вышеуказанном учебном заведении (за исключением случаев при обучении сотрудника на льготной и безвозмездной основе), а также выплатить стоимость проезда на автомобильном, железнодорожном и в случае отсутствия таковых или при экономической эффективности – воздушным транспортом, по тарифу экономического класса на основании предъявленных проездных документов (проездной билет и посадочный талон, по проезду автобусом только проездной билет) при направлении в учебные заведения (до места обучения), к месту проведения летнего каникулярного отпуска и обратно к месту обучения;

      3) назначить Сотрудника после окончания обучения в зарубежной стране на должность в соответствии с полученной специальностью;

      4) организовать захоронение тела Сотрудника за счет средств МВД на территории Республики Казахстан в случае его смерти в период обучения в зарубежной стране. В случае определения близкими родственниками места захоронения за пределами Республики Казахстан, МВД оплачивает доставку тела Сотрудника на территорию Республики Казахстан.

      5. Сотрудник обязуется:

      1) выполнять требования, предъявляемые учебным заведением зарубежной страны, в котором обучается;

      2) овладеть знаниями и профессиональными навыками, предусмотренными программой учебного заведения;

      3) представлять в МВД проездные документы в течение месяца по прибытию к месту отпуска и обратно;

      4) своевременно информировать МВД о необходимости прекращения учебы;

      5) после завершения учебы возвратиться в Республику Казахстан и отработать в органах внутренних дел не менее пяти лет с момента окончания учебы. В случае невыполнения данного обязательства Сотрудник в соответствии с Законом "О правоохранительной службе" возмещает МВД финансовые средства в полном объеме, затраченные на обучение, с учетом перерасчета;

      6) возместить в течение года с момента отчисления финансовые средства, затраченные на его обучение за рубежом (стоимость билетов до места учебы и обратно, оплата за обучение, питание, проживание, вещевое довольствие, проезд в период отпуска, медицинское страхование, стипендию, приобретение учебной литературы и других расходов, подтверждающих содержание Сотрудника за рубежом в случаях, предусмотренных подпунктом 2) пункта 2 настоящего Контракта.

      4. Ответственность сторон

      6. За неисполнение, либо ненадлежащее исполнение обязательств по настоящему контракту стороны несут ответственность в соответствии с Гражданским Кодексом Республики Казахстан.

      5. Срок действия Контракта

      7. Контракт заключается сроком на период обучения Сотрудника и действует до полного выполнения Сторонами своих обязательств по настоящему Контракту.

      8. Контракт расторгается или изменяется досрочно по письменному соглашению сторон, в случае нарушения другой стороной условий Контракта, по инициативе одной из сторон.

      9. Настоящий Контракт не подлежит продлению, за исключением случаев, прямо предусмотренных данным Контрактом.

      6. Обстоятельства, исключающие ответственность сторон по Контракту

      10. Ни одна из сторон не будет нести ответственность за полное или частичное неисполнение любого из своих обязательств по настоящему контракту, если неисполнение будет являться следствием действия непреодолимой силы (форс-мажорные обстоятельства), т.е. таких обстоятельств как: смерть Сотрудника, наводнение, пожар, землетрясение, другие стихийные бедствия, а также война, военные действия, мятеж, блокада, акты или ограничения, установленные законодательством или исполнительными органами власти, объявленные или необъявленные забастовки или любых других обстоятельств, находящихся вне контроля Сторон, возникших после заключения Контракта.

      11. Сторона, исполнению обязательств которой препятствуют обстоятельства непреодолимой силы, обязана письменно (факсимильной связью, телеграммой) уведомить об этом другую сторону в течение 24 часов с момента их окончания. По истечении действия форс-мажорных обстоятельств, Стороны уведомляют друг друга в течение трех дней, в противном случае Стороны не освобождаются от возмещения убытков.

      12. Срок исполнения обязательств по настоящему Контракту продлевается соразмерно времени действия форс-мажорных обстоятельств, указанных в пункте 11 и их последствий.

      7. Рассмотрение споров

      13. Любые споры, возникающие в ходе исполнения обязательств, предусмотренных настоящим Контрактом, разрешаются путем проведения согласительных переговоров. В случае возникновения неустранимых противоречий, окончательное решение принимается судом Республики Казахстан.

      8. Прочие условия

      14. Обязательным условием настоящего Контракта является возмещение причиненного материального ущерба в случае расторжения настоящего Контракта по вине Сотрудника.

      15. Контракт составлен в двух экземплярах, по одному экземпляру для каждой стороны, оба экземпляра идентичны и имеют одинаковую юридическую силу, и вступают в силу с момента его подписания обеими сторонами.

      9. Заключительные положения

      16. Положения настоящего Контракта не затрагивают обязанности сторон по иным контрактам, заключаемым Сторонами.

      10. Реквизиты сторон

Министерство внутренних дел Республики Казахстан 010000, г. Нур-Султан, ул. Тәуелсіздік 1 Тел.8-7172 __________ БИК ККMFKZ2A ИИК KZ92070101KSN0000000 БИН 960340000514 Банк: ГУ "Комитет казначейства МФ РК" ______________________ М.П.

_________________________ Фамилия, имя, отчество (при его наличии) _________________________ адрес _________________________ должность _________________________ телефон _________________________ служебное удостоверение _________________________ удостоверение личности, _________________________ кем и когда выдано _________________________ ИИН ________________________ (подпись)