ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10876 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтықтың жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Күзет қызметін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен лицензия алған тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Раимкулова |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2020 жылғы 29 қазаны № 293 бұйрығына 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығына 1-қосымша |
Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі
р/с№ | Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар |
1 | 2 |
Букмекерлік кеңсе үшін | |
1 | осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысандағы "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Азаматтық қорғау туралы заң) 61-бабы 1-тармағына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер* |
2 | осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысандағы бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдықтар туралы мәліметтер |
3 | осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысандағы "Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Күзет қызметі туралы заң) 5-бабы 1-тармағына сәйкес лицензия алған заңды тұлғалармен шарттың (шарттардың) болуы туралы мәліметтер** |
4 | "Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Ойын бизнесі туралы заң) 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес букмекерлік кеңсенің жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидалары |
5 | бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) Ойын бизнесі туралы заңының 13-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес 40 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде банктік салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт |
Тотализатор үшін | |
1 | осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысандағы Азаматтық қорғау туралы заңының 61-бабы 1-тармағына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер* |
2 | осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысандағы бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдықтар туралы мәліметтер |
3 | осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысандағы "Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағына сәйкес лицензия алған заңды тұлғалармен шарттың (шарттардың) болуы туралы мәліметтер** |
4 | "Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ойын мекемесінің, тотализатордың жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидалары |
5 | бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым), Ойын бизнесі туралы заңының 13-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес 10 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде банктік салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт |
Казино үшін | |
1 | осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысандағы 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 581-бабының 1-тармағына сәйкес үш жұлдыздан кем емес санаттағы қонақ үй кешеніндегі санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер* |
2 | осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысандағы меншік құқығындағы ойын жабдығының болуы туралы мәліметтер |
3 | қолданылатын заңдастырылған белгілердің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинациялары |
4 | осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысандағы Күзет қызметі туралы заңының 5-бабы 1-тармағына сәйкес лицензия алған заңды тұлғалармен шарттың (шарттардың) болуы туралы мәліметтер** |
5 | Ойын бизнесі туралы заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ойын мекемесінің жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидалары |
6 | бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) Ойын бизнесі туралы заңының 13-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес 60 000 айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейлі банкпен жасасқан шарт |
Ойын автоматтары залы үшін | |
1 | осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 581-бабының 1-тармағына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негізінде үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер* |
2 | осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысандағы меншік құқығындағы ойын жабдығының болуы туралы мәліметтер |
3 | қолданылатын заңдастырылған белгілердің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинациялары |
4 | осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысандағы Күзет қызметі туралы заңының 5-бабы 1-тармағына сәйкес лицензия алған заңды тұлғалармен шарттың (шарттардың) болуы туралы мәліметтер** |
5 | Ойын бизнесі туралы заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ойын мекемесінің жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидалары |
6 | бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) Ойын бизнесі туралы заңының 13-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес 60 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт |
Ескертпе:
* өтініш берушілер мәліметті "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесінен алады (жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар түрінде);
** өтініш берушілер мәліметтерді "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесінен алады.
бұйрығына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығына 4-қосымша |
|
Нысан |
Күзет қызметін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер
№ | Күзет қызметтерін көрсетуге арналған шарттың нөмірі және күні | Күзет қызметтерін көрсетуге шарт жасасқан заңды тұлғаның атауы | Күзет қызметтерін көрсететін заңды тұлғалардың бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Лицензияны берген орган | Күзет қызметін жүзеге асыру үшін лицензияның нөмірі және күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |