Алғашқы көмекті медициналық білімі жоқ, оның ішінде тиісті даярлықтан өткен адамдардың көрсету қағидаларын және Алғашқы көмекті көрсету стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-269/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 желтоқсанда № 21814 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 90-бабының 1 және 6-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Алғашқы көмекті медициналық білімі жоқ, оның ішінде тиісті даярлықтан өткен адамдардың көрсету қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Алғашқы көмек көрсету стандарты бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасында алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-114 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19290 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 27 тамызда жариялаған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 15 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-269/2020 бұйрығына
1-қосымша

Алғашқы көмекті медициналық білімі жоқ, оның ішінде тиісті даярлықтан өткен адамдардың көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы алғашқы көмекті медициналық білімі жоқ, оның ішінде тиісті даярлықтан өткен адамдардың көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 90-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және алғашқы көмекті медициналық білімі жоқ, оның ішінде тиісті даярлықтан өткен адамдардың көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) алғашқы көмек – бұл оқиға орнында зардап шегушінің өзі (өзіне-өзі көмек көрсету) немесе жақын жердегі басқа адам (өзара көмек) медицина қызметкерлері келгенге дейін жүргізетін, шұғыл жағдайлар кезінде адамның өмірін құтқаруға, асқынулардың алдын алуға арналған, сондай-ақ кезек күттірмейтін жағдай кезінде зардап шегушінің денсаулығы мен өміріне қауіп-қатерді төмендету мақсатындағы жедел базалық іс-шаралар кешені.

      2) алғашқы көмек бойынша сертификатталған жаттықтырушы – алғашқы көмек пен базалық жүрек-өкпе реанимациясы бойынша қосымша даярлықтан өткен адам;

      3) сертификат – алғашқы көмек бойынша тренингтен өту бойынша белгіленген үлгідегі құжат.

      4) медициналық білімі жоқ адамдар – бұл міндетті түрде алғашқы көмек курстарынан өтуге жататын адамдар контингенті;

      5) тиісті даярлықтан өткен адамдар – міндетті түрде алғашқы көмек курстарынан өтуге жататын, алғашқы көмек көрсету дағдыларынан өткені туралы сертификаты бар адамдар контингенті.

2-тарау. Медициналық білімі жоқ, оның ішінде тиісті даярлықтан өткен адамдардың алғашқы көмек көрсету тәртібі

      3. Алғашқы көмекті медициналық білімі жоқ, оның ішінде тиісті даярлықтан өткен, алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқытылған адамдар көрсетеді.

      4. Медициналық білімі жоқ адамдарды алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқытуды "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi Кодексі 90-бабының 2-тармағына сәйкес сертификатталған жаттықтырушы жүзеге асырады.

      5. Медициналық білімі жоқ, оның ішінде тиісті даярлықтан өткен адамдар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бекітілген жағдайлар кезінде зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсетеді.

      6. Медициналық білімі жоқ, оның ішінде зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсету кезінде тиісті даярлықтан өткен адамдар алғашқы көмек көрсету негіздерін, белгілері мен тәсілдерін білуін қамтамасыз етеді.

      7. Медициналық білімі жоқ адамдарды алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқытуға арналған симуляциялық жабдықтар тізбесін пайдалана отырып, теориялық даярлық және практикалық сабақтар нысанында жүргізіледі.

      8. Медициналық білімі жоқ, міндетті түрде алғашқы көмек курстарынан өтуге тиіс адамдар контингенті:

      1) халықпен өзара іс-қимыл жасауға байланысты жедел және өзге де қызметті жүзеге асыратын ішкі істер органдарының қызметкерлері;

      2) Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, ұлттық немесе мемлекеттік қауіпсіздік қызметі органдарының, ұлттық ұлан әскерлерінің әскери қызметшілері;

      3) өртке қарсы қызметтің қызметкерлері;

      4) авариялық-құтқару қызметінің құтқарушылары;

      5) әуе, су және темір жол көлігі экипаждарының мүшелері;

      6) қоғамдық автокөлік құралдарының барлық түрлерінің жүргізушілері;

      7) ведомстволық және жеке күзет ұйымдарының қызметкерлері;

      8) білім беру ұйымдарының қызметкерлері (оқу орындарының барлық түрлерінің оқытушылары, мектепке дейінгі және оқу-тәрбие мекемелерінің қызметкерлері);

      9) қауіпті өндірістік объектілердің қызметкерлері;

      10) медициналық білімі жоқ денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері.

      9. Ұйымның (кәсіпорынның) қызметкерлерін зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге оқытуды жұмыс беруші осы Қағидаларға сәйкес қамтамасыз етеді.

      10. Жұмысқа жаңадан қабылданатын адамдар жұмыс беруші (немесе ол уәкілеттік берген адам) белгілеген мерзімде, жұмысқа қабылданғаннан кейін бір айдан кешіктірмей зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсету бойынша оқытудан өтеді.

      11. Оқыту тиісті лицензиясы бар мамандандырылған оқу орталығында жүргізіледі немесе жұмыс беруші көшпелі оқыту циклын ұйымдастырады.

      12. Медициналық білімі жоқ адамдарды алғашқы көмек көрсету дағдыларына даярлау 3 жылда бір рет кезеңділікпен жүргізіледі.

      13. Алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту бюджет қаражаты, жұмыс берушінің қаражаты немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының өз қаражаты есебінен жүргізіледі.

      14. Алғашқы көмек көрсететін адам алғашқы көмек көрсету үшін жағдайды бағалау және қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі мынадай іс-шараларды жүргізеді:

      1) өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін факторларды айқындау;

      2) зардап шегушінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін факторларды айқындау;

      3) өмір мен денсаулық үшін қауіп төндіретін факторларды жою;

      4) зардап шегушіге зақым келтіретін факторлардың әрекетін тоқтату;

      5) зардап шеккендердің санын бағалау;

      6) зардап шегушінің орнын ауыстыру.

      15. Алғашқы көмек көрсететін адам зардап шегушінің жай-күйіне мынадай өлшемшарттар бойынша бағалау жүргізеді:

      1) зардап шегушінің өміріне қауіп төндіретін қан кетудің болуын айқындау;

      2) санасын айқындау;

      3) тыныс алуды айқындау.

      16. Алғашқы көмек көрсететін адам 103 нөмірі бойынша жедел медициналық көмек бригадасын және қажеттілігіне қарай 112 нөмірі бойынша басқа шұғыл әрекет ету қызметтерін шақырады және зардап шегуші мынадай деректерді береді:

      1) зардап шегушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жасы және жынысы;

      2) зардап шегушінің жай-күйі бойынша деректер және жазатайым оқиғаның, жарақаттанудың немесе аурудың мән-жайлары;

      3) мекенжайы мен телефоны, сондай-ақ зардап шегушінің орналасқан жеріне жету бойынша болжамды деректер.

  Алғашқы көмекті медициналық
білімі жоқ, оның ішінде тиісті
даярлықтан өткен адамдардың
көрсету қағидаларына
1-қосымша

Алғашқы көмек көрсетілетін жағдайлардың тізбесі

      1. Сананың болмауы;

      2. тыныс алу және қан айналымының тоқтауы;

      3. сыртқы қан кету;

      4. жоғарғы тыныс алу жолдарында бөгде денелер болғанда;

      5. дененің түрлі аймақтарындағы жарақаттар;

      6. күйіктер, жоғары температураның әсер ету әсерлері, жылу сәулелері;

      7. үсік және төмен температураның басқа әсерлері;

      8. улану;

      9. құрысулар;

      10. тістеу.

  Алғашқы көмекті медициналық
білімі жоқ, оның ішінде тиісті
даярлықтан өткен адамдардың
көрсету қағидаларына
2-қосымша

Алғашқы көмек көрсету дағдыларын оқытуға арналған симуляциялық жабдықтардың тізбесі

      1. Зембілдер (жұмсақ, қатты);

      2. мойын корсеті;

      3. қан тоқтататын бұраулар (салудағы әрекеттерді салыстыру үшін бірнеше түрі);

      4. жоғарғы тыныс алу жолдарының бөгде денелері;

      5. өкпені жасанды желдету үшін кері клапаны бар қорғаныш маскасы;

      6. жиналмалы шиналар;

      7. гипотермиялық пакеттер;

      8. дәрі қобдишаларының ішіндегіні зерттеуге және оны қолдану бойынша әрекеттерді өңдеуге арналған.

  бұйрығына
2-қосымша

Алғашқы көмек көрсету стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Алғашқы көмек көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 90-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Стандарт Қазақстан Республикасында алғашқы көмек көрсету жөніндегі іс-шараларға қойылатын талаптарды белгілейді.

2-тарау. Алғашқы көмек көрсету бойынша іс-шаралар

      3. Зардап шеккен адамды қалпына (қырынан) келтіру жағдайы:

      1) зардап шегушіде тыныс алу бар болған кезде оны қалпына келтіру (қырынан) жағдайына ауыстыру керек:

      зардап шегушіден көзілдірікті шешіп алу (егер ол оны киіп жүрсе) керек;

      зардап шегушінің жанына тізерлеп тұрып, бұл ретте зардап шегушінің аяғы түзу болуы тиіс;

      оның сізге жақын қолын, денеге дұрыс бұрышта қойыңыз, шынтақтан бүгіңіз, алақаныңызды жоғары қарай бағыттаңыз;

      алыс қолын кеуде арқылы, ал алақанның ішкі жағын зардап шегушінің бетіне еденге (жерге) мүмкіндігінше жақын қою керек;

      екінші қолыңызбен алыс аяқты тізеден жоғары көтеріп, ал табаны еденде (жерде) қалуы керек;

      алақанды бетке жақын ұстай отырып, зардап шегушіні бүйіріне өзіне қарай аудару үшін алыс аяқты басыңыз;

      жамбас пен тізе дұрыс бұрышта бүгілуі үшін аяқтың жоғарғы бөлігін түзетіңіз;

      тыныс алу жолдары ашық болуы үшін басын артқа қарай шалқайтыңыз;

      жедел медициналық жәрдем бригадасы (бұдан әрі-ЖМК) келгенге дейін тыныс алуды тұрақты тексеріп тұру керек;

      2) 103 (112) шұғыл қызметі келгенге дейін зардап шегушіні қараусыз қалдырмауға және оның жай-күйін бақылау керек.

      4. Жүрек-өкпе реанимациясы:

      1) ес-түссіз және тынысы жоқ зардап шеккен адамды анықтаған кезде қауіпті жою бойынша шаралар қабылдау, 103 (112) шұғыл қызметін шақыру және ол келгенге дейін үздіксіз жүрек-өкпе реанимациясын (ЖӨР) жүргізуді бастау керек;

      2) егер зардап шеккен ересек адам 12 жастан асқан болса, 5-6 см тереңдікке кеуде қуысының ортасына қолмен 30 басу жасау (бір алақанның негізімен екінші алақанмен жауып) және аузына 2 үрлеу беру (егер үрлеу жүргізілмесе, онда үзіліссіз басу керек), ЖМК бригадасы келгенге дейін басу мен үрлеуді үздіксіз жалғастыру (30:2). Өмірдің алғашқы белгілері пайда болғанға дейін басу мен үрлеуді жалғастыру керек;

      3) егер зардап шеккен бала (1 жастан 12 жасқа дейін) болса, зардап шегушінің аузы мен мұрның бір уақытта ернімен орап 5 рет үрлеу жасау, бір секунд ішінде аузына үрлеу ұзақтығы бір рет, кеуде ортасына 4-5 см тереңдікке 30 рет басу (бір қолмен басу) және 2 рет үрлеу. Өмірдің алғашқы белгілері пайда болғанға дейін басу мен үрлеуді жалғастыру керек;

      4) егер зардап шеккен сәби болса (0-ден 12 айға дейін), онда аузы мен мұрнын бір уақытта ернімен орап 5 үрлеу, кеуде ортасына кеуде қуысының үштен бірінің тереңдігіне екі саусақпен 30 басу және 2 үрлеу, бір уақытта зардап шегушінің аузы мен мұрнын ернімен орап алыңыз. Өмірдің алғашқы белгілері пайда болғанға дейін басу мен үрлеуді жалғастыру керек.

      5. Тыныс алу жолдарында бөгде дененің болған жағдайда:

      1) зардап шегуші қақалып қалса, егер ол сөйлей алса (жөтелсе, жыласа), онда зардап шегушіге кедергі келтірмей, арқасынан ұрмай, жөтелуіне мүмкіндік беру, ЖМЖ бригадасы келгенге дейін зардап шегушінің жай-күйін бақылауға алған жөн;

      2) егер зардап шегуші сөйлей алмаса, жөтелсе, жыласа, онда жауырынаралық аумағына бес рет қолмен сипап соғу қажет;

      3) егер зардап шегуші - жүкті әйел немесе іші үлкен адам болса:

      кеуде қуысының ортасына қолмен бес рет басу керек;

      егер көмектеспесе - жауырынаралық аумаққа соғуды қайталау;

      ЖМЖ бригадасы келгенге дейін зардап шегушінің жай-күйін бақылау;

      зардап шегушінің артынан тұрып, оны қолмен құшақтау;

      бір қолының жұдырығын қысып, үлкен саусақ жағынан ішіне қарай, кіңдік пен кеуде қуысының арасына қысу керек;

      екінші алақанды жұдырыққа салу;

      ішке жылдам әрі қатты ұру;

      жөтел пайда болғанға дейін ішті бес рет ұру, содан соң арқасынан бес рет ұру керек;

      4) егер зардап шегуші есінен танып қалса, базалық реанимация іс-шараларын жүргізу керек.

      6. Базалық реанимация:

      1) есі болмаса, бірақ тыныс алуы бар зардап шегушіні анықтаған кезде қауіпті жою бойынша шаралар қабылдау, зардап шегушіні қалпына келтіру жағдайына ауыстыру және зардап шегушінің жағдайын бақылай отырып, 103 (112) шұғыл қызметін шақыру;

      2) есі және тынысы болмаған зардап шеккен адамды анықтаған кезде қауіпті жою бойынша шаралар қабылдауға, 103 (112) шұғыл қызметін шақыруға және ол келгенге дейін үздіксіз жүрекке тікелей емес массаж жүргізуді бастауға міндетті;

      3) медициналық білімі жоқ адамдарға арналған тікелей емес жүрек массажының сапасын бақылау датчигі электродтарға салынған автоматты дефибрилляторды қолдану мүмкіндігі болған кезде зардап шегушінің өмір сүруін арттыру және жүрек қызметін қалпына келтіру үшін;

      4) тыныс алуды және жүрек қызметін қалпына келтіру кезінде зардап шегушіні қалпына келтіру (қырынан) жағдайына ауыстыру;

      5) 103 (112) шұғыл қызметі келгенге дейін зардап шегушіні қараусыз қалдырмауға және оның жай-күйін бақылауға міндетті.

      7. Сыртқа қан кеткен жағдайда:

      1) 103 (112) шақыру;

      2) бастан қан кеткен кезде:

      қыспа таңғышты қолда бар құралдан (бинт) бірнеше қабаттап салу керек;

      зардап шегушіні ыңғайлап отырғызу керек;

      3) мұрыннан қан кеткен кезде:

      мұрын желбезегін саусақпен 10-15 минут бойы қысу керек;

      мұрын кеңсірігіне сүлгі мен суық басу керек;

      басын артқа шалқайтпау керек;

      сіңбіруге және жатуға болмайды;

      4) мойыннан қан кеткен кезде:

      қан кеткен жерді саусақпен тез басу;

      қолда бар құралдан (бинт) таңғышты бірнеше қабаттап салып, қолмен басу;

      ЖМЖ бригадасы келгенге дейін ұстау керек;

      5) іштен, кеуде қуысынан қан кеткен кезде:

      қолда бар құралдан (бинт) таңғышты бірнеше қабаттап салу;

      егер кеуде немесе іш қабырғасында бөгде заттар болған жағдайда – тимеу керек және оларды алып тастауға тырыспау керек;

      6) аяқ-қолдан қан кеткен кезде:

      жгут ретінде шалбардың белдігін, сөмкенің бауын, галстук, матаны пайдалану керек;

      жгутты қан кеткен жерден жоғары салу керек;

      матаның астына қысқа таяқ, шыбық салып, қан кету тоқтағанға дейін 2-3 рет айналдырып бұрау керек;

      қолда бар құралдардан қыспа таңғышты (бинт) бірнеше қабаттап салу керек.

      8. Жарақаттанған жағдайда:

      1) егер зардап шегушінің тұрған жері қауіпсіз болса, есі және тынысы болса онда 103 (112) шақыру керек;

      2) жарақаттың түрін анықтаңыз: ашық немесе жабық:

      жабық жарақат кезінде:

      1) зақымдалған жерге матаның көмегімен 10-15 минут аралығында суық басу керек;

      2) аяқ-қолды қолда бар құралдармен бекіту;

      3) зардап шегушіні ыңғайлы жағдайға ауыстыру;

      4) ЖМЖ келгенге дейін зардап шегушінің жай-күйін бақылау керек;

      ашық жарақат кезінде:

      1) қан кеткен кезде жараны таза сумен шаю;

      2) қолда бар құралдардан таңғышты (бинт) бірнеше қабаттап салу;

      3) аяқ-қолды қолда бар құралдармен бекіту;

      4) зардап шегушіні ыңғайлы жағдайға ауыстыру;

      5) ЖМЖ келгенге дейін зардап шегушінің жай-күйін бақылау керек.

      Омыртқа жарақаты кезінде басты барлық уақытта қолмен демеп тұрып оны денемен бір сызықта ұстау қажет.

      Егер зардап шегушінің денесінің кеуде немесе ішперде бөлігінде бөгде заттар болса, кеуде қуысының/іштің жарақаты кезінде - тимеу және оларды алып тастауға тырыспау керек.

      Егер жарақат кезінде ішкі ағзалар көрініп тұрса - дымқыл шүберекпен, содан кейін полиэтиленмен жауып, қолда бар заттармен тығыз таңғышты салу керек.

      Ұзақ қан кету кезінде қолда бар құралдарды (шалбардың белдігін, сөмкенің бауын, галстукті, матаны) пайдалана отырып, қан кеткен жерден жоғары жгут салу керек.

      Сынық болған жағдайда ЖМЖ бригадасы келгенге дейін зардап шегушіні бастапқы қалпында ұстау керек.

      9. Зардап шегушіні тасымалдау:

      1) егер зардап шегуші ес-түссіз күйде болса, қалпына (қырынан) келтіру жағдайында тасымалданады;

      2) бас және мойын жарақаты кезінде – басының айналасына білікшелермен және мойынның астына жұмсақ білікшемен арқасына жатқызылып тасымалданады;

      3) омыртқа жарақаты кезінде арқасында мойнының, белінің және тізесінің астына білікшелерді қойып, арқасына жатқызып, қатты зембілдерде немесе ішпен жатқызып, жұмсақ зембілдерде тасымалдайды;

      4) кеуде қуысының жарақаты кезінде - тізесінің астына білікшемен жартылай отыру немесе зақымданған жағына қалпына (қырынан) келтіру күйінде;

      5) іштің жарақаты кезінде-қалпына келтіру (қырынан) күйінде;

      6) жамбас жарақаты кезінде - тізесінің астына білікше қойып және аяқтарын сәл ашып арқасына жатқызу;

      Зардап шегушінің есі болмаған және дем алмаған кезде базалық реанимациялық іс-шаралар өткізіледі және 103 (112) шақыру қамтамасыз етіледі.

      10. Термиялық күйік болған жағдайда:

      1) егер 103 (112) шақыру мүмкін болмаса, онда қауіпті жою бойынша шараларды қабылдау керек;

      2) зардап шегушінің есі болса, дем алып жатса және есі болмаса, дем алмаса ЖМЖ бригадасы келгенге дейін базалық реанимация жүргізу, 103 (112) шақыру керек;

      3) зардап шегушінің терісіндегі зақымдануларды айқындау:

      теріде сұр немесе қара түсті қыртыс пайда болған кезде:

      таңғыштың ылғалдылығын сақтау үшін полиэтилен пакетті пайдалану керек;

      қызарған, ісінген және көпіршік болған кезде:

      суық сумен кем дегенде 15 минут суыту;

      зардап шегушіге ыңғайлы жатуына жағдай жасау;

      ЖМЖ келгенге дейін зардап шегушінің жай-күйін бақылау керек.

      11. Үсік шалу болған жағдайда:

      егер зардап шегуші есі болса және дем алып жатса 103 (112) шақыру жүзеге асырылады, егер есі болмаса және дем алмаса - базалық реанимация жүргізу және 103 (112) шақыру керек;

      зардап шегушіні жылы үй - жайға ауыстыру;

      зақымданған аумақтан киім мен аяқ киімді абайлап шешіп алу;

      жылы су беру;

      дененің зақымданған бөлігін біртіндеп жылыту;

      дененің зақымдалған жерлеріне қолда бар құралдармен таңғыш салу;

      ЖМЖ бригадасы келгенге дейін зардап шегушінің жай-күйін бақылау керек;

      дененің зақымданған бөлігін ысқылауға, жақпамайларды, майларды, спиртті жағуға болмайды;

      дененің зақымданған бөлігіне ыстық заттарды (жылытқыш, жылту құралы және басқа да) басуға болмайды;

      алкогольді ішімдіктерді тұтынуға болмайды.

      12. Удың түсу жолына байланысты улану болған жағдайда:

      1) егер зардап шегушінің есі болса және дем алып жатса 103 (112) шақыру жүзеге асырылады, егер есі болмаса және дем алмаса - базалық реанимация жүргізіледі және 103 (112) шақырылады, ЖМЖ бригадасы келгенге дейін зардап шегушінің жай-күйі бақыланады;

      2) у зардап шегушінің организіміне ауыз арқылы түскен жағдайда:

      көп мөлшерде су ішкізу;

      келтіру қалпына қырынан ауыстыру (құсығына шашалып қалмау үшін);

      ЖМЖ бригадасы келгенге дейін зардап шегушінің жай-күйін бақылау керек;

      3) тыныс алу жолдары арқылы зардап шегушінің организіміне у түскен жағдайда:

      зардап шегушіні таза ауаға қауіпсіз жерге шығару керек;

      ыңғайлы жату жағдайын қамтамасыз ету;

      қысатын киімдерден босату;

      ЖМЖ бригадасы келгенге дейін зардап шегушінің жай-күйін бақылау керек;

      4) зардап шегушінің организіміне у тері және сілемейлі беттер арқылы түскен жағдайда:

      қолда бар құралдармен терінің бетін, сілемейлі бетін улы заттардан (бинт) тазарту;

      терінің сілемейлі бетіне сумен шаю;

      ЖМЖ бригадасы келгенге дейін зардап шегушінің жай-күйін бақылау керек.

      Барлық жағдайларда лоқсытпау керек және мұнай өнімдерімен, қышқылдармен, сілтілермен уланған кезде іш өткізетін дәрілерді бермеу керек.

      Қажет болған жағдайда, адсорбциялық препараттарды (белсендірілген көмір және басқалар) қабылдау керек.

      13. Талып қалған жағдайда:

      егер зардап шегуші дем алып жатса онда 103 (112) шақыру керек, егер дем алмаса базалық реанимация жүргізу, 103 (112) шақыру керек;

      арқасымен жатқызып, аяғын көтеру;

      киімнің қысып тұрған бөліктерін шешу;

      таза ауа ағынын қамтамасыз ету;

      зардап шегушінінің бетін салқын сумен сүрту немесе маңдайына дымқыл сүлгі салу;

      құсқан кезде басын қырына бұру немесе қалпына келтіру қырына ауыстыру (құсығына шашалып қалмау үшін) керек;

      зардап шегушіні тік күйде көтеруге болмайды;

      ЖМЖ бригадасы келгенге дейін зардап шегушінің жай-күйін бақылау керек.

      14. Кеуде тұсының ауырсынуы болған жағдайда:

      егер кеудеде қолға немесе мойынға берілетін қатты, қыздырып тұрған ауырсыну пайда болса:

      103 (112) шақыру керек;

      қажет болған жағдайда ауыр жұмысты тоқтату;

      зардап шегушіні ыңғайлы жағдайда отырғызу;

      қысатын киімдерді шешу;

      ЖМЖ бригадасы келгенге дейін зардап шегушінің жай-күйін бақылау (қажет болған жағдайда базалық реанимация жүргізу) керек;

      15. Құрысулар болған жағдайда:

      құрысумен зардап шеккен адамды анықтаған кезде 103 (112) шақыру керек;

      ұстаманы тоқтатуға немесе зардап шегушіні күшпен ұстап тұруға тырыспау;

      жақын жердегі жарақат тудыруы мүмкін заттарды алып тастау;

      басына жұмсақ жастық қою (кез-келген қолда бар құралмен) керек;

      Егер құрысулар тоқтаса, зардап шегушінің есі болса:

      зардап шегуші тарапынан күрт қимылға жол бермеу;

      ЖМЖ бригадасы келгенге дейін зардап шегушінің жай-күйін бақылау керек;

      Егер құрысулар тоқтамаса, зардап шегушінің есі болмаса, бірақ дем алып жатса:

      қалпына келтіру (қырынан) жағдайына ауыстыру керек;

      ЖМЖ бригадасы келгенге дейін зардап шегушінің жай-күйін бақылау керек.

      Егер құрысулар тоқтамаса, зардап шегушінің есі болмаса және дем алмаса ЖМЖ бригадасы келгенге дейін базалық реанимация жүргізіледі.

      16. Шағулар болған жағдайда:

      1) қауіпті жою бойынша шаралар қабылдау, егер мүмкін болмаса-103 (112) шақыру керек;

      2) егер зардап шегушіні анықтаған кезде алғашқы көмек көрсету үшін орын қауіпсіз болса:

      зардап шегушінің есі болса және дем алып жатса - 103 (112) шақыру;

      3) зардап шегушінің денесіндегі шағуды анықтау;

      4) қан кету анықталған кезде: жараны сумен шайып, қолда бар құралдан (бинт) қыспа таңғышты салып, ЖМЖ бригадасы келгенге дейін зардап шегушінің жай-күйін бақылау;

      5) қан кету болмаған кезде: жараны сумен шайып, шаққан жерге суық басып, ЖМЖ бригадасы келгенге дейін зардап шегушінің жай-күйін бақылау керек;

      6) улы жыландар шаққан кезде уды соруға, кесуге немесе жгут қолдануға болмайды;

      7) ара/бал аралары шаққан жерлерден бізгекті мұқият алып тастау керек;

      8) шаққан жерде ісінулер анықталған жағдайда суық компресс басу керек.

Об утверждении Правил оказания первой помощи лицами без медицинского образования, в том числе прошедшими соответствующую подготовку и Стандарта оказания первой помощи

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 15 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-269/2020. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 декабря 2020 года № 21814.

      В соответствии с пунктами 1 и 6 статьи 90 Кодекса Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:

      1) Правила оказания первой помощи лицами без медицинского образования, в том числе прошедшими соответствующую подготовку согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) Стандарт оказания первой помощи согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Признать утратившим силу приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 26 августа 2019 года № ҚР ДСМ-114 "Об утверждении Стандарта организации оказания первой помощи в Республике Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 19290, опубликован 29 августа 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      3. Департаменту организации медицинской помощи Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
А. Цой

  Приложение 1 к приказу
Министрa здравоохранения
Республики Казахстан
от 15 декабря 2020 года
№ ҚР ДСМ-269/2020

Правила оказания первой помощи лицами без медицинского образования, в том числе прошедшими соответствующую подготовку

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания первой помощи лицами без медицинского образования, в том числе прошедшими соответствуюшую подготовку, (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 1 статьи 90 Кодекса Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" и определяют порядок оказания первой помощи лицами без медицинского образования, в том числе прошедшими соответствующую подготовку.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) первая помощь – это комплекс срочных базовых мероприятий для спасения жизни человека, предупреждения осложнений при экстренных состояниях, а также в целях снижения угрозы для здоровья и жизни пострадавшего лица при неотложном состоянии, проводимых на месте происшествия самим пострадавшим (самопомощь) или другим лицом, находящимся поблизости (взаимопомощь), до прибытия медицинских работников;

      2) сертифицированный тренер по первой помощи – лицо, прошедшее дополнительную подготовку по первой помощи и базовой сердечно-легочной реанимации;

      3) сертификат – документ установленного образца по прохождению тренинга по первой помощи;

      4) лица без медицинского образования – это контингент лиц, подлежащий обязательному прохождению курсов первой помощи;

      5) лица, прошедшие соответствующую подготовку – контингент лиц, подлежащий обязательному прохождению курсов первой помощи и имеющий сертификат о прохождении навыков оказания первой помощи.

Глава 2. Порядок оказания первой помощи лицами без медицинского образования, в том числе прошедшими соответствующую подготовку

      3. Первую помощь оказывают лица без медицинского образования, в том числе прошедшие соответствующую подготовку, обученные навыкам оказания первой помощи.

      4. Обучение лиц без медицинского образования навыкам оказания первой помощи осуществляется сертифицированным тренером в соответствии с пунктом 2 статьи 90 Кодекса Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения".

      5. Лица без медицинского образования, в том числе прошедшие соответствующую подготовку, оказывают первую помощь пострадавшим при состояниях, согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      6. Лица без медицинского образования, в том числе прошедшие соответствующую подготовку при оказании первой помощи пострадавшим обеспечивают знание основ, признаков и приемов по оказанию первой помощи.

      7. Обучение лиц без медицинского образования навыкам оказания первой помощи проводится в форме теоретической подготовки и практических занятий с использованием перечня симуляционного оборудования для обучения навыкам оказания первой помощи согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      8. Контингент лиц без медицинского образования, подлежащих обязательному прохождению курсов первой помощи:

      1) сотрудники органов внутренних дел, осуществляющие оперативную и иную деятельность, связанную с взаимодействием с населением;

      2) военнослужащие Вооруженных сил Республики Казахстан, органов национальной или государственной службы безопасности, войск национальной гвардии;

      3) сотрудники противопожарной службы;

      4) спасатели аварийно-спасательной службы;

      5) члены экипажей воздушного, водного и железнодорожного транспорта;

      6) водители всех видов общественных автотранспортных средств;

      7) работники ведомственных и частных охранных организаций;

      8) работники организаций образования (преподаватели всех видов учебных заведений, сотрудники дошкольных и учебно-воспитательных учреждений);

      9) работники опасных производственных объектов;

      10) работники организаций здравоохранения, не имеющие медицинского образования.

      9. Обучение работников организации (предприятия) оказанию первой помощи пострадавшим обеспечивает работодатель в соответствии с настоящими Правилами.

      10. Вновь принимаемые на работу лица проходят обучение по оказанию первой помощи пострадавшим в сроки, установленные работодателем (или уполномоченным им лицом), но не позднее одного месяца после приема на работу.

      11. Обучение проводится в специализированном учебном центре, имеющем соответствующую лицензию либо работодателем организовывается выездной цикл обучения.

      12. Подготовка лиц без медицинского образования навыкам оказания первой помощи проводится с периодичностью один раз в 3 года.

      13. Обучение навыкам оказания первой помощи проводится за счет средств бюджета, средств работодателя или собственных средств граждан Республики Казахстан.

      14. Лицо, оказывающее первую помощь, проводит следующие мероприятия по оценке обстановки и обеспечению безопасных условий для оказания первой помощи:

      1) определение угрожающих факторов для собственной жизни и здоровья;

      2) определение угрожающих факторов для жизни и здоровья пострадавшего;

      3) устранение угрожающих факторов для жизни и здоровья;

      4) прекращение действия повреждающих факторов на пострадавшего;

      5) оценка количества пострадавших;

      6) перемещение пострадавшего.

      15. Лицо, оказывающее первую помощь, проводит оценку состояния пострадавшего по следующим критериям:

      1) определение наличия кровотечения, угрожающего жизни пострадавшего;

      2) определение сознания;

      3) определение дыхания.

      16. Лицо, оказывающее первую помощь, вызывает бригаду скорой медицинской помощи по номеру 103 и по необходимости другие службы экстренного реагирования по номеру 112 и передает следующие данные со слов пострадавшего:

      1) фамилия, имя, отчество (при его наличии), возраст и пол пострадавшего;

      2) данные по состоянию пострадавшего и обстоятельства несчастного случая, травмы или заболевания;

      3) адрес и телефон, а также ориентировочные данные по проезду к месту нахождения пострадавшего.

  Приложение 1
к Правилам оказания
первой помощи лицами без
медицинского образования, в
том числе прошедшими
соответствующую подготовку

Перечень состояний при которых оказывается первая помощь

      1. Отсутствие сознания;

      2. остановка дыхания и кровообращения;

      3. наружные кровотечения;

      4. инородные тела верхних дыхательных путей;

      5. травмы различных областей тела;

      6. ожоги, эффекты воздействия высоких температур, теплового излучения;

      7. отморожение и другие эффекты воздействия низких температур;

      8. отравления;

      9. судороги;

      10. укусы.

  Приложение 2
к Правилам оказания
первой помощи лицами без
медицинского образования, в
том числе прошедшими
соответствующую подготовку

Перечень симуляционного оборудования для обучения навыкам оказания первой помощи

      1. Носилки (мягкие, жесткие);

      2. шейный корсет;

      3. жгуты кровоостанавливающие (несколько видов для сравнения действий при наложении);

      4. инородные тела верхних дыхательных путей;

      5. защитная маска с обратным клапаном для искусственной вентиляции легких;

      6. складные шины;

      7. гипотермические пакеты;

      8. аптечки для изучения содержимого и отработки действий по его применению.

  Приложение 2 к приказу

Стандарт оказания первой помощи

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий Стандарт оказания первой помощи (далее – Стандарт) разработан в соответствии с пунктом 6 статьи 90 Кодекса Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения".

      2. Настоящий Стандарт устанавливает требования к мероприятиям по оказанию первой помощи в Республике Казахстан.

Глава 2. Мероприятия по оказанию первой помощи

      3. Расположение пострадавшего лица в восстановительном (боковом) положении:

      1) при наличии дыхания, перевести его в восстановительное (боковое) положение:

      снять очки (если он их носит);

      встать на колени рядом с пострадавшим, при этом ноги пострадавшего должны быть прямыми;

      положить его руку, находящуюся ближе к вам, под прямым углом к телу, согнуть в локте, ладонь направить вверх;

      дальнюю руку положить через грудную клетку, а тыльную сторону ладони приложить к щеке пострадавшего как можно ближе к полу (земле);

      другой рукой взять дальнюю ногу выше колена и поднять вверх, при этом стопа должна остаться на полу (на земле);

      придерживая кисть возле щеки, надавить на дальнюю ногу, чтобы перевернуть пострадавшего на бок по направлению к себе;

      поправить верхнюю часть ноги так, чтобы бедро и колено были согнуты под прямым углом;

      наклонить голову назад, чтобы дыхательные пути были открыты;

      регулярно проверять дыхание, до приезда бригады скорой медицинской помощи (далее – СМП);

      2) не оставлять пострадавшего без присмотра и контролировать его состояние до прибытия экстренной службы 103 (112).

      4. Сердечно-легочная реанимация:

      1) при обнаружении пострадавшего без сознания и без дыхания принять меры по устранению опасности, вызвать экстренную службу 103 (112) и начать проводить непрямой массаж сердца непрерывно до ее прибытия;

      2) если пострадавший взрослый старше 12 лет, сделать 30 надавливаний на центр грудной клетки руками (основанием одной ладони, накрыв ее сверху второй ладонью) на глубину 5-6 см и 2 вдувания в рот (если не проводятся вдувания, то надавливать без перерыва), непрерывно продолжать надавливания и вдувания до приезда бригады СМП. Продолжать надавливания и вдувания до появления первых признаков жизни;

      3) если пострадавший ребенок (от 1 года до 12 лет), сделать 5 вдуваний, обхватив губами рот пострадавшего, продолжительность одного вдувания в рот в течение одной секунды, 30 надавливаний на центр груди на глубину 4-5 см (надавливания одной рукой) и 2 вдувания. Продолжать надавливания и вдувания до появления первых признаков жизни;

      4) если пострадавший младенец (от 0 до 12 месяцев), сделать 5 вдуваний, обхватив губами одновременно рот и нос пострадавшего, 30 надавливаний на центр груди на глубину одной трети грудной клетки двумя пальцами и 2 вдувания, обхватив губами одновременно рот и нос пострадавшего. Продолжать надавливания и вдувания до появления первых признаков жизни;

      5. При наличии инородного тела в дыхательных путях:

      1) пострадавший подавился, если он может говорить (наличие кашля, плача), то следует поощрять кашель, не мешать пострадавшему, не бить по спине, контролировать состояние пострадавшего до приезда бригады СМП;

      2) если пострадавший не может говорить, присутствует кашель, плач, то необходимо нанести до пяти скользящих ударов рукой в межлопаточную область;

      3) если пострадавший - беременная женщина или человек с большим животом:

      провести пять надавливаний на центр грудной клетки руками;

      в случае если не помогает – повторить удары в межлопаточную область;

      контролировать состояние пострадавшего до приезда бригады СМП;

      встать сзади пострадавшего, обхватить его руками;

      одну из рук сжать в кулак и прижать со стороны большого пальца к животу, между пупком и грудной клеткой;

      вторую ладонь положить на кулак;

      сделать резкие сильные толчки в живот;

      пять толчков в живот, затем пять ударов по спине до появления кашля;

      4) если пострадавший потерял сознание, проводить мероприятия по базовой реанимации.

      6. Базовая реанимация:

      1) при обнаружении пострадавшего без сознания, но с наличием дыхания принять меры по устранению опасности, перевести пострадавшего в восстановительное положение и вызвать экстренную службу 103 (112), контролируя состояние пострадавшего;

      2) при обнаружении пострадавшего без сознания и без дыхания принять меры по устранению опасности, вызвать экстренную службу 103 (112) и начать проводить непрямой массаж сердца непрерывно до ее прибытия;

      3) для повышения выживаемости пострадавшего и восстановления сердечной деятельности при наличии возможности применять автоматический дефибриллятор со встроенным в электроды датчиком контроля качества непрямого массажа сердца, предназначенный для лиц без медицинского образования;

      4) при восстановлении дыхания и сердечной деятельности, перевести пострадавшего в восстановительное (боковое) положение;

      5) не оставлять пострадавшего без присмотра и контролировать его состояние до прибытия экстренной службы 103 (112).

      7. При наружном кровотечении:

      1) вызов 103 (112);

      2) при кровотечении головы:

      наложить давящую повязку из подручных средств (бинт) в несколько слоев;

      усадить пострадавшего в удобное положение;

      3) при кровотечении носа:

      сдавить крылья носа пальцами в течении 10-15 минут;

      приложить холод к переносице через полотенце;

      не запрокидывать голову назад;

      нельзя высмаркиваться и ложиться;

      4) при кровотечении шеи:

      быстро прижать пальцами место кровотечения;

      наложить повязку из подручных средств (бинт) в несколько слоев, прижать ее руками;

      держать до приезда бригады СМП;

      5) при кровотечении живота, грудной клетки:

      наложить повязку из подручных средств (бинт), в несколько слоев;

      в случае если есть посторонние предметы в грудной или брюшной стенке – не трогать и не делайте попыток их извлечь;

      6) при кровотечении конечности:

      использовать в качестве жгута брючный ремень, ремень от сумки, галстук, ткань;

      наложить жгут выше места кровотечения;

      вставить под ткань короткую палку, прут и закрутить в 2-3 оборота до остановки кровотечения;

      наложить давящую повязку из подручных средств в несколько слоев.

      8. При травме:

      1) при безопасном местонахождении пострадавшего, если он в сознании и с дыханием вызвать 103 (112);

      2) определить вид травмы: открытый или закрытый:

      при закрытой травме:

      1) приложить холод к месту повреждения через ткань в течении 10-15 минут;

      2) зафиксировать конечность подручными средствами;

      3) перевести пострадавшего в удобное положение;

      4) контролировать состояние пострадавшего до приезда СМП;

      при открытой травме:

      1) при кровотечении промыть рану чистой водой;

      2) наложить повязку из подручных средств (бинт), в несколько слоев;

      3) зафиксировать конечность подручными средствами;

      4) перевести пострадавшего в удобное положение;

      5) контролировать состояние пострадавшего до приезда СМП.

      При травме позвоночника необходимо зафиксировать голову на одной линии с корпусом, все время придерживая ее руками.

      В случае если есть посторонние предметы в грудной или брюшной части тела пострадавшего, при травме грудной клетки/живота - не трогать и не пытаться извлечь их.

      В случае если при травмах видны внутренние органы - закрыть влажной тканью, затем полиэтиленом, наложить тугую повязку из подручных средств.

      При продолжительном кровотечении, наложить жгут выше места кровотечения, используя подручные средства (брючный ремень, ремень от сумки, галстук, ткань).

      При наличии перелома, зафиксировать пострадавшего в исходном положении, до приезда бригады СМП.

      9. Транспортировка пострадавшего:

      1) если пострадавший находится в бессознательном состоянии, транспортируется в восстановительном (боковом) положении;

      2) при травме головы и шеи – на спине с валиками вокруг головы и с мягким валиком под шеей;

      3) при травме позвоночника – на твердых носилках на спине с валиками под шеей, поясницей и под коленями или на мягких носилках – на животе;

      4) при травме грудной клетки – полусидя с валиком под коленями или в восстановительном (боковом) положении на поврежденной стороне;

      5) при травме живота - в восстановительном (боковом) положении;

      6) при травме таза – на спине с валиком под коленями и слегка разведенными ногами.

      При отсутствии у пострадавшего сознания и дыхания проводятся базовые реанимационные меропрятия и обеспечивается вызов 103 (112).

      10. При термическом ожоге:

      1) принять меры по устранению опасности, если невозможно – вызов 103 (112);

      2) пострадавший в сознании, с дыханием и без сознания, без дыхания – базовая реанимация до приезда бригады СМП, вызов 103 (112);

      3) определить повреждения на коже пострадавшего:

      при образовании на коже корочки серого или черного цвета провести:

      срезание одежды по краю ожоговой раны;

      наложение широкой, чистой и влажной повязки на рану;

      для сохранения влаги повязки использовать полиэтиленовый пакет;

      при наличии покраснения, отека и пузыря:

      охлаждение холодной водой не менее 15 минут;

      срезание одежды по краю ожоговой раны;

      наложение широкой, чистой и влажной повязки на рану;

      придать удобное положение пострадавшему;

      контролировать состояние пострадавшего до приезда СМП.

      11. При обморожении:

      если пострадавший в сознании и с дыханием, осуществляется вызов 103 (112), если отсутствуют сознание и дыхание – проводится базовая реанимация и вызов 103 (112);

      переместить пострадавшего в теплое помещение;

      аккуратно снять одежду и обувь с пораженной области;

      дать теплое питье;

      постепенно согревать пораженную часть тела;

      наложить повязку из подручных средств на пораженные участки тела;

      контролировать состояние пострадавшего до приезда бригады СМП;

      нельзя растирать пораженные участки тела, втирать мази, масла, спирт;

      нельзя прикладывать к пораженным участкам тела горячие предметы (грелка, обогреватель и другие.);

      противопоказано употреблять алкогольные напитки.

      12. При отравлении в зависимости от пути попадания яда:

      1) если пострадавший в сознании и с дыханием осуществляется вызов 103 (112), если отсутствуют сознание и дыхание – проводится базовая реанимация и вызов 103 (112), контроль за состоянием пострадавшего до приезда бригады СМП;

      2) в случае попадания яда в организм пострадавшего через рот:

      дать выпить большое количество воды;

      перевести в восстановительное боковое положение (чтобы не захлебнуться рвотными массами);

      контролировать состояние пострадавшего до приезда бригады СМП;

      3) в случае попадания яда в организм пострадавшего через дыхательные пути:

      вывести пострадавшего на чистый воздух в безопасное место;

      обеспечить удобное положение;

      освободить от стесняющей одежды;

      контролировать состояние пострадавшего до приезда бригады СМП;

      4) в случае попадания яда в организм пострадавшего через кожу и слизистые поверхности:

      очистить поверхность кожи слизистой поверхности от ядовитого вещества подручными средствами (бинт);

      промыть кожу слизистую поверхность водой;

      контролировать состояние пострадавшего до приезда бригады СМП.

      Во всех случаях не вызывать рвоту и не давать слабительные средства при отравлении нефтепродуктами, кислотами, щелочью.

      При необходимости принять адсорбирующие препараты (активированный уголь и другие).

      13. При обмороке:

      если пострадавший дышит, то вызвать 103 (112), если не дышит проводить базовую реанимацию, вызвать 103 (112);

      уложить на спину и приподнять ноги;

      расстегнуть сдавливающие части одежды;

      обеспечить приток свежего воздуха;

      протереть лицо пострадавшего прохладной водой или положить мокрое полотенце на лоб;

      при наличии рвоты, повернуть голову на бок или перевести в восстановительное боковое положение (чтобы не захлебнуться рвотными массами);

      нельзя поднимать пострадавшего в вертикальное положение;

      контролировать состояние пострадавшего до приезда бригады СМП.

      14. При боли в груди:

      если появилась сильная, жгучая, отдающая в руку или шею боль в груди:

      вызвать 103 (112);

      в случае необходимости прекратить физическую деятельность;

      усадить пострадавшего в удобное положение;

      расстегнуть стесняющую одежду;

      контролировать состояние пострадавшего до приезда бригады СМП (при необходимости провести базовую реанимацию);

      15. При судороге:

      при обнаружении пострадавшего с судорогами вызвать 103 (112);

      не пытаться остановить приступ или насильно удерживать пострадавшего;

      убрать рядом находящиеся предметы, которые могут стать причиной травм;

      положить под голову мягкую подушку (любое подручное средство).

      В случае если судороги прекратились, пострадавший в сознании:

      не допускать резких движений со стороны пострадавшего;

      контролировать состояние пострадавшего до приезда бригады СМП.

      В случае если судороги не прекратились, пострадавший без сознания, но дышит:

      перевести в восстановительное (боковое) положение;

      контролировать состояние пострадавшего до приезда бригады СМП.

      В случае если судороги не прекратились, пострадавший без сознания и отсутствует дыхание проводится базовая реанимация до приезда бригады СМП.

      16. При укусе:

      1) принять меры по устранению опасности, если невозможно – вызов 103 (112);

      2) если при обнаружении пострадавшего место безопасно для оказания первой помощи:

      пострадавший в сознании и с дыханием - вызвать 103 (112);

      3) определить укус на теле пострадавшего;

      4) при обнаружении кровотечения: промыть рану водой, наложить давящую повязку из подручных средств (бинт), контролировать состояние пострадавшего до приезда бригады СМП;

      5) при отсутствии кровотечения: промыть рану водой, приложить холод к месту укуса, контролировать состояние пострадавшего до приезда бригады СМП;

      6) при укусах ядовитых змей нельзя отсасывать яд, делать надрез или применять жгуты;

      7) в местах укуса ос/пчел аккуратно удалить жало;

      8) в случае обнаружения отеков на месте укуса наложить холодный компресс.