2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. "Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (34-шығарылым) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 406-ө-м бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8105 болып тіркелген, 2013 жылғы 13 сәуірде № 106 (28045) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Б. Нурымбетов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 533 бұйрығына қосымша |
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым)
1-тарау. Кіріспе
1. Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым) (бұдан әрі – (БТБА (34-шығарылым) мұнай, мұнай өнімдері, газ, тақтатас, көмір өңдеу және магистральдық құбырларға қызмет көрсету жұмыстарын көздейді.
2. БТБА-ны (34-шығарылым) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген.
3. Тарифтік-біліктілік сипаттамалар осы БТБА-да (34-шығарылым) көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.
2-тарау. Мұнай, мұнай өнімдері, газ, тақтатас, көмір өңдеу және магистральдық құбырларға қызмет көрсету жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік - біліктілік сипаттамалары
1-параграф. Аспапшы, 2-разряд
4. Жұмыс сипаттамасы:
манометрлік термометрлерді, жұмыс манометрлерін, қарсыласу термометрлерін, тягомерлерді, напоромерлерді, профильдік милливольтметрлерді, логометрлерді, расходомерлерді, уровнемерлер мен қарапайым үлгідегі басқа да аспаптарды қосу және ажырату;
картограммалар мен орамдарды ауыстыру.
5. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін учаскедегі қондырғылар мен нысандардың принциптік схемасын;
қызмет көрсететін нысандардың аппараттары мен жабдығының мақсатын және жұмысын;
судың, мұнай өнімдерінің қысымын, шығысын, деңгейін, температурасын және өзге де өлшеу принциптерін;
бақылау және автоматика аспаптарының құрылымы мен мақсатын;
физика мен электротехника негіздерін.
2-параграф. Аспапшы, 3-разряд
6. Жұмыс сипаттамасы:
аспаптарды "О" тексеру;
реттеуіштерді автоматтыдан қолмен басқаруға ауыстыру;
шығыс аспаптары лубрикаторларын, деңгей мен орындаушы механизмдерді жақпамен толтыру;
тікелей әрекет ететін реттеуіштерде, редукторларда және сүзгілерде туындайтын ақауларды тексеру және жою.
7. Білуге тиіс:
қашықтықтан басқаруды автоматты реттеу және көрсеткіштерді қашықтыққа беру элементтерін;
бақылау аспаптарын пайдалану тәртібі мен тексеру схемасын;
пирометриялық трассаларды қоңыраулату және импульсті желілерді престемелеу әдістерін;
аспаптардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою әдістерін;
слесарь ісін;
электроника негіздерін.
3-параграф. Аспапшы, 4-разряд
8. Жұмыс сипаттамасы:
технологиялық қондырғылардағы, насос және компрессор бөлімшелеріндегі, құбырларындағы реттеуіштердің барлық жүйелерін процеске реттеу және баптау;
аспаптардың көрсеткіштерін жұмыс жағдайында түзеу;
аспаптарды тексеруге дайындау;
көрсеткіштерді бақылау аспаптарымен тексеру және деңгейді, шығысты, қысымды, температураны тексеруге арналған аспаптардың ақауларын жою.
9. Білуге тиіс:
аспап көрсеткіштерін есептеу және түзету енгізудің тәртібін;
ауысым стакандарын есептеудің тәртібін;
аспаптарды монтаждау тәртібін;
қызмет көрсететін учаскедегі дабылдатқыш пен блокировка схемаларын;
агрегаттық-бірыңғай жүйенің аспаптарын;
барлық жүйелердегі сапа аспаптарының құрылымын және оларға қызмет көрсету;
аспаптарды жекелеген тораптарын ауыстыра және оларды жұмыс процесінде баптай отырып, жөндеудің тәртібін.
4-параграф. Аспапшы, 5-разряд
10. Жұмыс сипаттамасы:
қызмет көрсететін қондырғыларда орнатылған автоматика құралдарын баптау және қызмет көрсету;
бақылау мен автоматты реттеудің жаңа құралдарын игеру және енгізу;
мұнай өнімдерінің диэлектрлік шығындары тангенсін анықтау жөніндегі талдауды зертхана жағдайында жүргізу;
аспаптарды кезеңдеп бақылауды және оларды мемлекеттік тексеруге тапсыруды жүзеге асыру;
ағымдық және күрделі жөндеу үшін ақау ведомостарын жасау;
орындалған жөндеу жұмыстарын қабылдау және аспаптардың жұмысқа қосуға дайындығын тексеру;
біліктілігі төмен аспапшылардың жұмысын басқару.
11. Білуге тиіс:
бақылау және автоматика аспаптарының құрылымы, жөндеу әдістері, оларға қызмет көрсетуді тексеру және баптау;
осы кәсіпорында қолданылатын мұнайды, газды, өзге де өнімдерді өңдеудің негізгі процестерін;
тарылтушы құрылғыларды, реттеуші клапандарды, ауысымды ыдыстарды есептеу әдістемесін;
радиотехника негіздерін.
5-параграф. Аспапшы, 6-разряд
12. Жұмыс сипаттамасы:
біріктірілген қондырғылар мен телемеханиканың жеке құрылғыларын басқару пульттеріне қызмет көрсету;
сапа мен құрамның автоматты реттегіштерін қосу және баптау;
каскадты реттеу схемаларын, оның ішінде құрамды талдауыштармен баптау;
аспаптар мен автоматизация құралдарын кезеңді тексеру кестесінің орындалуын бақылау;
біліктілігі анағұрлым төмен аспапшыларға агрегаттық-біріздендірілген жүйелер аспаптарын, автоматты сапа анализаторларын, каскадты реттеу жүйелерін баптау және жөндеу бойынша басшылық ету;
аспаптарды пайдалану жөніндегі техникалық құжаттаманы жүргізу;
технологиялық қондырғыларды қосуға қатысу.
13. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін учаскедегі жабдықтың технологиялық схемаларын;
автоматты сапа талдағыштары бар қондырғылардағы мұнай өнімдерінің сапасына қойылатын мемлекеттік стандарттардың талаптарын;
телемеханика аппаратурасының құрылысын, оны баптау және реттеу тәсілдерін;
телеөлшеу және телебасқару үшін қолданылатын байланыс арналары жабдықтарын;
кәсіпорындағы мұнай өңдеудің негізгі процестерін;
аспаптар мен атқарушы тетіктерді есептеу және өзара байланысты реттеу схемаларын баптау әдістерін;
радиотехника, телемеханика негіздерін.
14. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.
6-параграф. Газ тарату станциясының операторы, 4-разряд
15. Жұмыс сипаттамасы:
автоматтандырылмаған газ тарату станцияларында немесе тәуліктік газ өнімділігі 1 миллион текше метрге дейінгі бақылау-тарату пункттерінде газды аппараттарға, аспаптарға, реттеуге, өлшеуге және есепке алуға, автоматты жабдық жүйелеріне, газды тазарту және одоризациялау қондырғыларына және құбыржолдардың коммуникацияларына қызмет көрсету;
тұтынушыларға газ берудің берілген режимін қамтамасыз ету;
белгіленген жұмыс режиміне сәйкес аспаптарды, арматураны және аппараттарды қажетті қайта қосуды жүргізу;
аспаптардың, арматуралар мен аппараттардың жұмысындағы газдың кемуін және ақауларды анықтау;
қысымды реттегіштер мен есептеу аспаптарының жұмысын баптау және тексеру;
тіркеу аспаптарының картограммаларын өңдеу және тұтынушыларға берілетін газ мөлшерін есептеу;
аспаптарды мемлекеттік тексеруге тапсыруға дайындау;
газ тарату станциялары мен бақылау-тарату пункттерінің жабдықтары мен коммуникацияларын ағымдағы жөндеу және орташа жөндеу жүргізуге қатысу;
газ тарату станциялары мен бақылау-тарату пункттерінің жабдықтарын, коммуникацияларын, үй-жайлары мен аумақтарын таза ұстау;
шаң тұтқыштарға арналған одорант пен майдың есебін жүргізу.
16. Білуге тиіс:
газ тарату станциялары мен бақылау-тарату пункттерінің, коммуникациялардың, аспаптар мен аппараттарды ораудың схемасын;
қысыммен жұмыс істейтін аппараттардың жабдықтарын, реттеу, есепке алу және бақылау аспаптарын орнату және пайдалану тәртібін;
одорантпен жұмыс істеу тәртібі мен газды одаризациялау нормаларын;
қысым реттеуіштері мен газды есепке алу аспаптарын баптау тәсілдерін.
Тәуліктік газ өнімділігі 1 миллион текше метрден асатын автоматтандырылмаған газ тарату станциялары мен бақылау-тарату пункттеріндегі жұмыс кезінде немесе тәуліктік газ өнімділігі 1 миллион текше метрге дейінгі барлық қызмет көрсету түрлері бар автоматтандырылған газ тарату станциялары мен бақылау-тарату пункттеріндегі жұмыс кезінде – 5 разряд.
Тәуліктік газ өнімділігі 1 миллион текше метрден асатын барлық қызмет көрсету түрлері бар автоматтандырылған газ тарату станциялары мен бақылау-тарату пункттерінде жұмыс істеу кезінде – 6 разряд.
17. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.
7-параграф. Желілік аралап қараушы, 3-разряд
18. Жұмыс сипаттамасы:
топырақ коррозиясынан және кезбе токтардан, су жинағыштардан, құдықтардан, тиек арматурасынан, байланыс желілерінен және ондағы басқа да құрылыстардан электр қорғау құрылғыларынсыз құбырдың бір жіпті учаскесін аралау және қызмет көрсету;
бөлінген белдеуде және күзет аймағында газдың, мұнайдың және мұнай өнімдерінің кемуі, зақымданулар, әртүрлі бұзушылықтар анықталған кезде аудандық басқармаларға немесе айдау станциясына жедел хабарлау;
берілген жолақта шурф қазу, талдарды қырқу және шөпті шабу, жаға бекімелерін, бұта торларын, тас үйіндерді түзету;
трассадағы құрылғыларға, оның ішінде құдықтар мен блок-пост ғимараттарына ағымдық жөндеу жүргізу;
өзіне бекітілген көлікке қызмет көрсету және оның сақталуына жауаптылық;
желілік аралап қараушының журналына және құбырларды коррозиядан электр қорғау журналына жазба жүргізу.
19. Білуге тиіс:
бір тармақты құбыр трассасының бекітілген учаскесі, ондағы құрылыстардың, бекіту арматурасы мен шырақтардың орналасуын;
магистральдық құбырларды техникалық пайдалану тәртібін;
байланыс және сигнализация құралдарын пайдалану тәртібін;
бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен мақсатын;
өз учаскесіндегі крандар мен ысырмалардың конструкциясы және оларға қызмет көрсету;
мұнай, мұнай өнімдері мен газдың физикалық-химиялық қасиеттерін.
8-параграф. Желілік аралап қараушы, 4-разряд
20. Жұмыс сипаттамасы:
топырақ коррозиясынан және адаспа токтан электр қорғау құрылғысы бар көп желілі құбырының өзеннен күрделі ауамен өтетін өтпелері бар бір желілі учаскесінің, су жинағыштарды, құдықтарды, жаппа арматурасын, байланыс, дабылдату желісін және сондағы өзге де құрылғыларды аралап қарау және қызмет көрсету;
телемеханика бақылау пункттері мен электр химиялық қорғану нысандарын қадағалауды жүзеге асыру;
байланыс желілерін жөндеу;
құбырлардағы қысымды қашықтықтан бақылау аппаратурасына күтім жасау.
21. Білуге тиіс:
бір желілік немесе көп желілік құбыр трассасының бекітілген учаскесі және ондағы құрылыстардың орналасуы;
телемеханиканың бақылау пункттерін және электрлік химиялық қорғау объектілерінің құрылымын;
өзендер мен құдықтардың көп желілік өтпелерін қайта қосу схемасын;
слесарь ісін.
9-параграф. Желілік құбыршы, 2-разряд
22. Жұмыс сипаттамасы:
құбыр өткізгіштердің траншеяларын ашу, дәнекерлеу, үрлеу және сынау, бекіту арматурасын, су жинағыштарды және құбыр өткізгіштегі өзге де құрылғылар мен құрылыстарды жөндеу кезінде қосалқы жұмыстарды орындау;
газдалған құдықтар мен қазаншұңқырларда жұмыс істейтіндерді сақтандыру;
құбырларды тоттанудан және ақаулы жабындардан тазартудан ескі оқшаулауды алып тастау;
суды дренаждау;
траншеялар мен шұқанақтарды толтыру;
аумақты және орынжайды тазалау және тәртіпке келтіру;
апаттар мен қалпына келтіру және тиеу-түсіру жұмыстары орындарын қоршауға қатысу.
23. Білуге тиіс:
магистральдық құбырлар мен оның құрылыстарының мақсатын;
магистральдік жаппа арматураны пайдалану тәртібін;
жер жұмыстарын орындау тәртібін;
телефон аппаратын байланыс желісіне қосудың тәсілдерін және байланыс құралдарын пайдалану тәртібін;
көтеру-такелаж айлабұйымдарының құрылымын;
түсіру-тиеу жұмыстарын орындау тәртібін.
10-параграф. Желілік құбыршы, 3-разряд
24. Жұмыс сипаттамасы:
құбыр өткізгіштегі қалпына келтіру жұмыстарына қатысу;
құбырларды орталықтандыру;
диаметрі 200 миллиметрден кем құбырларды майыстыру;
құбырлардың ұштарын түзету;
металды газбен кесу және пісіру;
газбен кесіп пісіргеннен кейін құбыр жиектерін тазалау және өңдеу;
құбырларды, звеноларды, тораптар мен жабдықты орнын ауыстыру үшін көтеру-такелаж айлабұйымдарын орнату;
топырақтың дамуы;
құбырды төсеуге арналған траншеяны жоспарлау;
траншеялар мен қазаншұңқыр қабырғаларын бөренемен, кесіндімен, тақтаймен шегендей отырып, бекіту кезінде ағаш ұстасы жұмыстарын, магистральдік құбырлары құрылымдарын жөндеу кезінде қарапайым маляр жұмыстарын, магистральдік құбырларында орнатылған құрылғыларды қарапайым сылау жұмыстарын, сондай-ақ құдықтарды торкретирлеу және гидроизоляциялау жұмыстарын орындау;
бөлшектерді эскиздер мен шаблондар бойынша соғып жасау;
қарапайым ұста, құрылым құралдарын жөндеу және бекітпе бөлшектерін мен күрделі емес бұйымдарды жасау;
крандар мен жаппаларды ашу және жабу;
газды майшамдар арқылы уыттау;
құбырда резеңке шарлар мен балшық тығындарды орнату;
жаппа арматурасын орнату және ауыстыру жұмыстарына қатысу;
коррозияға қарсы оқшаулауды жағу үшін құбырлардың бетін дайындау;
грунтовка мен битум мастикасын дайындау;
құбырларға оқшаулау жағу.
25. Білуге тиіс:
құбырлардың ұштарын дәнекерлеуге дайындау тәртібін;
жаппа құрылғыларының орналасу схемасын;
үлгілік бөліктер мен жаппа арматурасын орнатуға қойылатын талаптарды;
пневматикалық құралмен жұмыс істеу жолдарын;
құбырларға коррозияға қарсы оқшаулауды салу мақсатын, қасиеттері мен тәртібін;
металдардың қасиеттері мен болаттың маркаларын;
пісіру жұмыстары технологиясын және ацетиленді генераторларға қызмет көрсету тәртібін;
ұста, ағаш шебері, сылақшы және сырлаушы жұмыстарын орындау тәртібін.
11-параграф. Желілік құбыршы, 4-разряд
26. Жұмыс сипаттамасы:
құбыржолдағы тораптарды монтаждау;
құбырларды орталандыру;
диаметрі 200 миллиметрден астам құбырларды майыстыру;
арматура мен үлгілік бөліктерді эскиздері бойынша белгілеу және орнату;
жоғары қысымды жаппа және сақтандыру арматурасын түгендемелеу және жөндеу;
жаппа арматурасын, құбырлардың тораптары мен жекелеген учаскелерін престеу;
құбыр мен арматурада газдың, мұнайдың және мұнай өнімдерінің кемуін жою;
жаппалардағы сальниктерді қағу және тарту;
конденсат жинағыштарды түгендеу;
су және бк құбырлары желілеріндегі қалпына келтіру жұмыстары, оларда орнатылған арматураны демонтаждау, жөндеу және монтаждау;
тіркеме айлабұйымдарды немесе құрылғыларды пайдалана отырып, жүктерді және металл конструкцияларды тасымалдау кезінде тракторды, жер жұмыстарын орындау кезінде бульдозерді басқару;
бөлшектерді, құбырларды слесарлық өңдеу;
бұранданы кесу;
саңылауларды бұрғылау.
27. Білуге тиіс:
құбырындағы жаппа арматураның мақсаты мен құрылымын;
конденсат жинағыштардың орналасу схемасын және құрылымын;
газ бен мұнайдың кемуін анықтау және жою нұсқаулығы мен тәртібін;
гидропресс құрылымын;
бөлшектерді слесарьлік өңдеу тәсілдері мен тәртібін;
металдардың қасиеттері мен болаттың маркаларын;
тракторлар мен бульдозерлерді алдын ала және ағымдық жөндеуді.
12-параграф. Желілік құбыршы, 5-разряд
28. Жұмыс сипаттамасы:
құбырларда монтаждау және қалпына келтіру жұмыстарын орындау;
жаппалар мен крандарды түгендеу және жөндеу;
бақылау-өлшеу аспаптарын демонтаждау және орнату;
құбыр мен монтаждау тораптарының учаскелерін үрлеу және престеу, өткелдерді, қоқыстар мен катушкаларды монтаждау;
құбырларды (құбыр кескішті) кесуге арналған машинаны, қысыммен кесуге арналған құрылғыны және өзге де құрылғыларды басқару, оларды жөндеуді орындау;
әртүрлі кесулер, арматураны бұру үшін белгілеу;
құбырдың төменгі жерлерінде конденсаттың болуын тексеру;
мұнай өнімдерін айдау, газ тарату станцияларының (пункттерінің) және авариялық-жөндеу пункттерінің жабдықтарын тексеру және жөндеу.
29. Білуге тиіс:
құбырлардың барлық құрылыстарының схемасы мен құрылғысын;
өтпелерді, қоқыстар мен катушкаларды монтаждауға қойылатын талаптар;
құбырларды үрлеу және сығымдау тәртібін;
құбырларды, ыдыстарды және ауыстырып қосу тораптарын сынауға арналған нормаларын;
құбырлардың орналасу схемасын және жабдықтың, мұнай өнімдерін айдау, газ тарату станцияларының (пункттерінің) және авариялық-жөндеу пункттерінің құрылысын;
сызбалар мен эскиздерді оқу.
13-параграф. Желілік құбыршы, 6-разряд
30. Жұмыс сипаттамасы:
магистральдық мұнай құбырларында аса күрделі монтаждау және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын орындау;
отандық және импорттық өндірістің жаппа арматурасын, редукторларын тексеру және жөндеу;
өткелдерді, захлестерді, катушкаларды, қоршауларды белгілеу және монтаждау;
құбырларды кесуге арналған отандық және импорттық станоктармен, қысыммен кесуге арналған құрылғылармен және өзге де құрылғылармен жұмыстарды орындау, оларға қызмет көрсету және жөндеу.
31. Білуге тиіс:
магистральдық мұнай құбыры, мұнай айдау станциялары, авариялық-жөндеу пункттері құрылыстарының схемасы мен құрылымын;
сызбалар мен эскиздерді оқу;
құбырларды сынауға арналған нормалар.
"ПНА", "ЦА" және "УДС-114" типті машиналар мен жабдықтар механизмдерін, дәнекерлеу жабдықтарының айлабұйымдарын, сондай – ақ жылжымалы электр станцияларының электр машиналарын пайдалану кезіндегі ақауларды жоюды анықтау бойынша жұмыстар кезінде - 7 разряд.
32. 6 және 7-разрядтарды беру үшін техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім талап етіледі.
14-параграф. Жерасты газ генераторларының операторы, 5-разряд
33. Жұмыс сипаттамасы:
газ алудың технологиялық процесін қатты отынмен жұмыс істейтін жерасты газ генераторларында жүргізу, олардың берілген жұмыс режимін ұстау;
скрубберлерге, ұңғымаларға, насостарға, жуу құрылғыларының жуғыштарына қызмет көрсету және олардың жұмысын басқару;
үрлеме ағын мен газды газдандыру арналары бойынша таратып бөлу;
ұңғымаларды қарау, қосу және ажырату;
ұңғыманың жай-күйін және ұңғыма ұштарының, панельді коммуникациялар мен газ коллекторларының герметикалылығын қадағалау;
үрлеме ағынның берілуін, газ бұрмасын және газды суыту үшін судың берілуін реттеу;
ұңғымаларды тазалау және жерасты жөндеу;
коммуникацияларды тазалау және жөндеу;
электродтарды түсіру және көтеру;
газ генераторындағы жерасты суларының деңгейін бақылау және оларды сору мен дренаждау;
кесіп алушы жаппаларды орнату;
аппаратура мен жабдықты ағымдық жөндеу.
34. Білуге тиіс:
жер асты газ генераторларының, бұрғы станоктарының, ұңғыма ұштарының, жаппа арматурасының, ортадан тепкіш насостардың, скрубберлердің, жуғыштар мен өзге де тазалау құрылғыларының құрылымы мен пайдалану тәртібін;
үстіңгі коммуникациялар схемасын;
бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты мен жұмыс істеу принципін;
көмір қабаты шөгуінің тау-кен геологиялық жағдайларын;
жерасты суларының дренаж тәсілдерін және қабатты ашатын ұңғыманың құрылымын;
слесарлық ісін.
15-параграф. Жерасты газ генераторларының операторы, 6-разряд
35. Жұмыс сипаттамасы:
қатты отынмен жұмыс істейтін жерасты газ генераторларында газ алу технологиялық процесін жүргізу және газда ылғалдың, құмның, шайыр мен өзге де қоспалардың болуын, ыстық газды тазалау құрылғыларының жұмысын бақылауды және газ генераторларында жерасты суларының деңгейін төмендету жөніндегі іс-шаралар жүргізуді жүзеге асыра отырып, олардың берілген жұмыс режимін ұстау;
ұңғыманың, газ генераторлары мен коммуникациялардың герметикалылығын қадағалау және үрлеу мен газдың жерасты шығындарын азайту шараларын мен ағындарын жою шараларын қабылдау;
көмір қорына, соғу жылдамдығына, температура мен өзге де жағдайларға қарай жекелеген ұңғыманың жүктемесін анықтау;
операторлардың жұмысына және газ генератор жабдығы мен аппаратурасын жөндеуге, ұңғымаларды жер астында жөндеуге басшылық ету.
36. Білуге тиіс:
жерасты газдандырудың технологиялық схемасын;
газогенераторларындағы жерасты суларының деңгейін түсіру әдістерін;
кен орнын кептіру әдістері мен схемасын;
газдардың қасиеттерін;
зиянды газдармен жұмыстың ерекшеліктерін;
жерасты газ генераторлары учаскесіндегі көмір қабаты шөгуінің тау-кен геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларын;
жер асты суларын дренаждау тәсілдерін, тау жыныстарындағы газдарды сүзгілеу шарттары мен ашу ұңғымаларының құрылымын.
37. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.
16-параграф. Жерасты құбырларын коррозиядан қорғау жөніндегі монтер, 4-разряд
38. Жұмыс сипаттамасы:
жер астындағы құбырларын электр қорғау құрылымдық элементтерін монтаждау, пайдалану және жөндеу;
құбыр трассасында электр өлшеулерін жүргізу;
топырақтың үлестік қарсылығын анықтау;
топырақ сынамасын алу;
катодтық қорғаныстың автоматты емес станцияларын, жартылай өткізгіш түзеткіштердегі поляризацияланған электродренажды және протекторлық қондырғыларды реттеу, тіркеу және пайдалану.
39. Білуге тиіс:
катод станцияларын, поляризацияланған дренаждарды, оқшаулағыш фланецтерді коррозияға қарсы қорғау құрылыстарының конструкцияларын;
жер асты құбырларының әлеуетті жай-күйін, топырақ кедергісін өлшеу және топырақ сынамаларын іріктеу әдістемесін;
катодты, электрренажды және протекторлы қорғаныс қондырғыларын, оқшаулағыш фланецтерді орналастыру;
тасымалданатын бақылау-өлшеу аспаптарымен жұмыс істеу;
электротехниканың қарапайым негіздерін.
17-параграф. Жерасты құбырларын коррозиядан қорғау жөніндегі монтер, 5-разряд
40. Жұмыс сипаттамасы:
катодты қорғаудың автоматты станцияларын және автоматты электрдренажды қондырғыларды монтаждау, пайдалану және жөндеу;
жер асты құбырларында және күрделі коррозиялық жағдайларда адасқан ток көздерінде бақылау электр өлшеулерін жүргізу;
топырақтың коррозиялық белсенділік дәрежесін анықтау;
құбырларда және кезбе ток көздерінде электр өлшеу деректерін өңдеу;
"рельс – жер", "құбыр – жер" әлеует графиктерін құру;
коррозиялық қауіптілік дәрежесін анықтау;
құбырдың оқшаулау жабындарын көзбен шолу және аспаптық әдістермен тексеру;
құбырдың жекелеген учаскелері үшін қосымша қорғау қажеттілігін анықтау;
құбырларды жөндеу кезінде оқшаулауды ауыстыруды бақылау;
коррозияға қарсы қорғау кезінде қолданылатын күрделілігі орташа өлшеу аспаптарын баптау және жөндеу;
жұмыс істеп тұрған құбырға катодты шықпаларды термитті дәнекерлеу жұмыстарына қатысу.
41. Білуге тиіс:
катодты қорғаудың автоматты станцияларының және автоматты электрдренажды қондырғылардың конструкциялары мен принципті схемаларын;
жер асты коммуникацияларымен мол қанықтығы бар адасқан токтардың таралу аймақтарында және адасқан токтардың көздерінде электр өлшеу әдістемесін;
түйіршіктердің коррозиялық белсенділігін анықтау әдістері;
оқшаулау жабындарының типтерін және оларға қойылатын техникалық талаптар;
электр өлшеу тіркейтін және жартылай өткізгіш аспаптар мен электр қондырғыларының құрылғысын;
жоғарыомды вольтметрлермен, жерге тұйықтау өлшегіштерімен, топырақ омметрлерімен, әмбебап коррозиялық-өлшеу аспаптарымен, қышқыл және сілтілі аккумуляторлармен жұмыс істеу тәртібін;
жұмыс істеп тұрған құбырға катодты шықпаларды дәнекерлеу жөніндегі термитті-дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу тәртібін;
электротехника негіздерін.
18-параграф. Жерасты құбырларын коррозиядан қорғау жөніндегі монтер, 6-разряд
42. Жұмыс сипаттамасы:
жартылай өткізгіш және электрондық схемалардағы катодтық қорғаныстың автоматты станцияларын және автоматты күшейтілген электр дренаждарын монтаждау, баптау, пайдалану және жөндеу;
бастапқы және қайталама тізбектер бойынша коммутацияның күрделі схемалары және күрделі бөгегіш электр сүзгілері бар электр қорғау қондырғыларын монтаждау және баптау;
катодтық поляризация әдістерімен және электрондық аспаптардың көмегімен құбырлардың оқшаулау жабынын тексеру;
құбыр өткізгіштің бүліну және коррозиялық бұзылу орындарын оны ашпай анықтау;
қорғаныс потенциалының омдық және поляризациялық құрамдастарын анықтау бойынша электрлік өлшеулер;
қосымша қорғаныс құралдарының шығу электр параметрлерін және оларды орнату орындарын анықтау;
гармоникалық компоненттерді анықтау және олардың темір жол сигнализациясы жүйесіне әсері жөніндегі электрометриялық жұмыстарды жүргізу;
кванттық генераторларды пайдалана отырып, қондырғыларды баптау және пайдалану;
коррозияға қарсы қорғаныстың күрделі өлшеу аспаптарын баптау және жөндеу;
құбыр жолдарын тоттануға қарсы қорғау бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде бригадаға басшылық ету.
43. Білуге тиіс:
катод қорғанысы автоматты стансалары мен жартылай өткізгіштер мен электронды сызбалардағы күшейтілген автоматты электр дренажды қондырғыларының конструкциялары мен схемаларын;
алғашқы және қайталама тізбе коммутациялардың күрделі жүйелерінің құрылымы мен схемаларын;
түзетілген кернеудің гармониялық құрамдастарын электр өлшеу әдістемесін;
коррозияға қарсы қорғаныстың күрделі өлшеу құралдарының құрылымын;
бөгегіш сүзгілердің құрылымы мен схемасын;
белсенді электр қорғау құралдарын тиімді пайдалануды;
қорғаныс потенциалының омдық және поляризациялық құрамдарын анықтауды.
Изоляциялық жабын ("С"-"СА" үлгісіндегі) жай-күйін контактісіз бақылау кешенімен, өлшеу нәтижелерін компьютерлік өңдей отырып жұмыс істеу кезінде - 7-разряд.
44. 6 және 7 разрядтарды беру үшін техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім талап етіледі.
19-параграф. Кокс тазалаушы, 3-разряд
45. Жұмыс сипаттамасы:
құбыр пештерінің құбырлары мен ретурбенттерін, беру және қалдық құбырларын, туннель пештерін пневматикалық турбиналармен кокс пен балшықтан тазарту;
аппараттарды, реакциялық камераларды, ректификациялық колонналарды, буландырғыштарды және өзге де аппараттарды қолмен тазарту;
қос пештерді ашу және жабу;
кокс тазалайтын пневматикалық турбиналардың бойковтарын қайрау.
46. Білуге тиіс:
мерзімді тазалауға жататын құбырлы пештердің, конденсаторлардың, тоңазытқыштардың, колонналардың және өзге де аппараттардың құрылысын;
пневматикалық турбинаны қолдана отырып коксты тазалау тәртібін;
турбинаның құрылымы және оны жөндеу тәртібін;
слесарлық ісін.
20-параграф. Кокс түсіруші, 3-разряд
47. Жұмыс сипаттамасы:
коксты текшелерден қолмен немесе шығырлар мен өзге де механизмдердің көмегімен түсіру;
текшелерден түсірілген коксты сумен салқындату, оны кесектің мөлшері мен мөлшері бойынша сұрыптау;
коксты вагоншаларға тиеу, қоймаға тасымалдау және қатарларға салу;
люктерді ашу, жабу және текшелерге ілмектерді салу бойынша жұмыстарға қатысу.
48. Білуге тиіс:
коксты текшелерден түсіру тәртібін;
коксты сұрыптау, тиеу, қоймалау және сақтау тәртібін.
21-параграф. Конденсатты жинау және тазарту жөніндегі оператор, 3-разряд
49. Жұмыс сипаттамасы:
конденсат жинағыштарына, су жұмсартқыш жабдыққа және конденсатты тазартуға арналған сүзгілерге қызмет көрсету;
конденсат сынамасын алу;
мұнай өнімінің қоспасын анықтау;
конденсатты қаттылыққа, сілтілікке, темірге талдау жүргізу;
конденсатты мұнай өнімдерінен тазарту;
конденсатты айдау;
сорғыны іске қосу, қызмет көрсету және тоқтату;
конденсат санын есепке алу;
сүзгілерді босату және қалпына келтіру.
50. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін учаскенің басқару және коммуникация тораптарын;
сорғылардың, сүзгілердің және қызмет көрсетілетін өзге де жабдықтар мен аспаптардың құрылғысын;
нәтижелерді жинақтай отырып, талдаулар жүргізу әдістемесі мен техникасын;
қышқылдардың, сілтілердің және өзге де қолданылатын реактивтердің қасиеттерін;
тазартылған конденсат стандарттарын;
жабдықты техникалық пайдалану тәртібін;
слесарлық іс негіздерін.
22-параграф. Магистральдік газ құбырларының операторы, 4-разряд
51. Жұмыс сипаттамасы:
станция аумағындағы тұтынушыларға магистральдық газ-мұнай өнімдері құбырларына және газ коллекторларына қызмет көрсету;
тұндырғыштардан конденсатты айдау жөніндегі сорғылардың жұмысын басқару және оны автоцистерналармен өнеркәсіптік алаңға тасымалдауды қамтамасыз ету;
газ құбырындағы қысымды бақылау;
магистральдық құбырлардың герметикалығын тексеру;
бекіту құрылғыларын реттеу;
газ құбырлары мен коллекторлар жұмысындағы ақауларды уақтылы жою;
қызмет көрсетілетін жабдықты ағымдағы жөндеу.
52. Білуге тиіс:
газ құбыры мен коллекторларды орналастырудың технологиялық схемасын және оларды пайдалану тәртібін;
газдардың қасиеттерін;
газ құбырлары мен коллекторлар жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәсілдерін;
газ құбырларының апат орындарын қоршау тәртібін;
сорғылардың, конденсациялық құрылыстардың және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысын;
слесарлық ісін.
23-параграф. Мұнай айдау станциясының операторы, 5-разряд
53. Жұмыс сипаттамасы:
сорғылардың өнімділігі сағатына 3000 текше метрге дейінгі магистральдық құбыржолдарда автоматтандырылған мұнай өнімдерін айдау станцияларында жұмыс істеу кезінде мұнайды, мұнай өнімдерін айдау жөніндегі технологиялық процесті қашықтықтан басқару;
айдаудың берілген режимін жүргізу және реттеу;
бақылау-өлшеу аспаптары бойынша электр қозғалтқыштардың жүктемесін, сорғылар мен құбырлардағы жұмыс қысымын, сорғы агрегаттарының дірілін, сорғылар мен электр қозғалтқыштар мойынтіректерінің температурасын бақылау;
аспаптардың көрсеткіштерін алу;
айдалатын сұйықтықтың мөлшерін есепке алу;
сорғыларға, салқындату және желдету жүйелеріне, тиек арматурасына қызмет көрсету;
сорғыларды іске қосуға дайындау, іске қосу және тоқтату;
электр қозғалтқыштарына, іске қосу-реттеу аппаратурасына және тарату құрылғыларына қызмет көрсету;
электр қозғалтқыштарын қосу және ауыстырып қосу;
автоматтандырылған қазандықтарға, су сорғысы және кәріз станцияларына, теле жабдықталған қосалқы станцияларға, периметралды сигнализацияға қызмет көрсету;
негізгі және қосалқы жабдықтардың; қашықтан басқару пультінің автоматика жүйелерінің жұмысындағы ақауларды анықтау және оларды жөндеуге шығару;
орындалған жөндеу жұмыстарын қабылдау және жабдықтар мен аспаптардың іске қосуға дайындығын тексеру;
техникалық құжаттаманы жүргізу;
диспетчерге қажетті мәліметтерді беру.
54. Білуге тиіс:
айдаудың технологиялық процесі; мұнай өнімдерін айдау станцияларының технологиялық схемасы және электрмен жабдықтау схемасы;
автоматика жүйелерінің, реттеуші құрылғылардың және блоктаудың принципті схемалары;
негізгі және қосалқы жабдықты техникалық пайдалану тәртібін;
дабылдатқыш шарт жүйесін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі тәртібін;
правила учета работы перекачивающей станции;
жабдықты, автоматика мен телемеханиканы жөндеуге арналған ақаулы ведомостарды жасау тәртібін.
Электр қозғалтқыштары мен тарату құрылғыларына қызмет көрсету кезінде электр қауіпсіздігі бойынша 4 және 5 топтағы рұқсаты болуы тиіс.
Сорғылардың өнімділігі сағатына 3000 - нан 3500 текше метрге дейін автоматтандырылған мұнай өнімдерін айдау станцияларында жұмыс істеген кезде – 6-разряд.
Сорғылардың өнімділігі сағатына 3500 текше метрден асатын автоматтандырылған мұнай өнімдерін айдау станцияларында жұмыс істеу кезінде – 7-разряд.
55. 6 және 7-разрядтарды беру үшін техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім талап етіледі.
24-параграф. Мұнай базаларының жабдығын жөндеу жөніндегі электр слесарі, 3-разряд
56. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары электр слесарінің басшылығымен механикалық және электр жабдықтарын, тарату мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының агрегаттары мен құрылғыларын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және сынау;
бензоарату, май тарату және араластыру колонкаларын, есептеу механизмдерін, мөлшерлегіштерді, газ бөлгіштерді, компрессорларды профилактикалық жөндеу;
жылжымалы электр станцияларына қызмет көрсету;
электр желілері мен жарықтандыру жабдықтарын тексеру, монтаждау, ауыстыру және жөндеу;
бөлшектерді 11 - 12 квалитеттер (4 - 5 дәлдік кластары) бойынша слесарлық өңдеу;
таратушы мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының жабдықтарына күтім жасау.
57. Білуге тиіс:
жөнделетін жабдықтың құрылысын;
колонкаларды, жабдықтарды, агрегаттар мен құрылғыларды бөлшектеудің, жөндеудің және құрастырудың технологиялық кезектілігін;
жұмыс, авариялық және қауіпсіз жарықтандырудың жарықтандыру қондырғыларының схемасы мен құрылымын;
жарықтандыру желілерінде жұмыс істеу жолдары мен тәртібін;
мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларын механикалық пайдалану тәртібін;
слесарлық іс негіздерін және механика мен электротехника жөніндегі жалпы мәліметтерді;
кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.
25-параграф. Мұнай базаларының жабдығын жөндеу жөніндегі электр слесарі, 4-разряд
58. Жұмыс сипаттамасы:
механикалық және электр жабдықтарын, таратушы мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының агрегаттары мен құрылғыларын әзірлеу, жөндеу, құрастыру және сынау;
бензин тарату, май тарату және араластыру колонкаларын, есептеу механизмдерін, мөлшерлегіштерді, газ бөлгіштерді, компрессорларды орташа және күрделі жөндеу;
мұнай өнімдерін цистерналарға құюдың автоматты станциясын, төгу-құю бағаналарын, төгу аспаптарын, теміржол және автожол құю эстакадаларын, бақылау-өлшеу аспаптарын, құбыржолдардың тиек және реттеу аппаратурасын және май регенерациялау қондырғыларының жабдығын орнату және жөндеу;
жылжымалы автожанармай құю станцияларына қызмет көрсету;
бөлшектерді 7 - 11 квалитеттер (2 - 3 дәлдік кластары) бойынша слесарлық өңдеу;
жөндеуге ақаулық ведомостарын жасау.
59. Білуге тиіс:
жөнделетін жабдықтар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысын;
жабдықты жөндеу, құрастыру және сынау процесінде ақауларды жою тәсілдерін;
резервуарлық парктерді, бу қазатын, төгу-құю эстакадаларын, май регенерациялық қондырғыларды техникалық пайдалану тәртібін;
механика, электротехника, электрмен, газбен дәнекерлеу және сызу негіздерін;
аспаптар мен аппараттарды реттеу және градуирлеу тәсілдерін;
қарсылықты есептеу тәртібін;
сорғы, резервуарлық паркті, құю құю-құю эстакадаларын, май регенерациялық қондырғыларды, автожанармай құю станцияларын технологиялық байлау схемаларын;
қызмет көрсетілетін жабдық ақауларының себептерін және олардың алдын алу тәсілдерін;
мұнай өнімдерінің физикалық және химиялық қасиеттерін.
26-параграф. Мұнай базаларының жабдығын жөндеу жөніндегі электр слесарі, 5-разряд
60. Жұмыс сипаттамасы:
мұнай өнімдерін цистерналарға құюға арналған жартылай автоматты, автоматты құрылғыларды және тарату мұнай базаларын басқару пульттерін, бензоразатушы, май таратқыш және араластыру колонкаларын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және сынау;
аспаптарды сынау және пайдалануға тапсыру;
жүзбелі автожанармай құю станцияларына қызмет көрсету;
аспаптар мен жабдықтардың дәлдігі мен өнімділігін тексеру;
аспаптарды тексеру және сынау кезінде абсолюттік және салыстырмалы қателікті есептеу;
механикалық және электр схемалары мен автоматты құрылғыларды реттеу;
бөлшектерді 6 - 7 квалитеттер (1 - 2 дәлдік кластары) бойынша слесарлық өңдеу;
кернеулі және тығыз отырғызу жағдайларында тораптар мен жабдықтарды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру.
61. Білуге тиіс:
стационарлық, жылжымалы және жүзбелі автожанармай құю станцияларының жөнделетін жабдықтарының, жартылай автоматты және автоматты отын тарату колонкаларының, мұнай өнімдерін цистерналарға құюға арналған құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін;
автожанармай құю станциялары мен мұнай базаларында қолданылатын барлық тораптар мен электрондық схемаларды реттеу тәртібін;
бөлшектердің мерзімінен бұрын тозуын анықтау әдістерін;
жабдықты дәлдікке, қуатқа және өнімділікке сынау тәртібін;
машиналарды теңдестіру тәртібі мен әдістерін.
27-параграф. Мұнай базаларының жабдығын жөндеу жөніндегі электр слесарі, 6-разряд
62. Жұмыс сипаттамасы:
дистанциялық басқару және телемеханика жүйелерін, тарату мұнай базаларын, сорғы станциялары автоматикасының кешенді жүйелерін бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және сынау;
қашықтықтан басқарылатын электр жетекті тиекті арматураны монтаждау және жұмысын реттеу;
жабдықты пайдалану кезінде ақауларды анықтау және жою;
біліктілігі төмен электр слесарларының жұмысын басқару.
63. Білуге тиіс:
жөнделетін жабдықтың конструктивтік ерекшеліктерін, кинематикалық және электр схемаларын;
жөнделген жабдықты жөндеу, құрастыру, монтаждау және сынау әдістерін;
жабдықтың жұмыс істеп тұрған бөлшектеріне, тораптарына, механизмдеріне рұқсат етілген жүктемелер мен бұзылулардың, тозудың және авариялардың алдын алу бойынша алдын алу шараларын.
28-параграф. Мұнай құятын сыйымдылықтарды қараушы, 3-разряд
64. Жұмыс сипаттамасы:
теміржол цистерналарын, сыйымдылықтарды және мұнай кемелерін тексеру;
мұнай мен мұнай өнімдерін дайындауды бақылау және олардың тиеуге және құюға жарамдылығын анықтау;
мұнай және мұнай өнімдерінің қалдықтарын сыртқы белгілері бойынша анықтау, оларды өлшеу және сынамалар алу;
цистерналарға және мұнай кемелеріне құюға жарамсыз акт жасау.
65. Білуге тиіс:
мұнай мен мұнай өнімдерінің физикалық және химиялық қасиеттерін;
вагон-цистерналар мен мұнай кемелерінің құрылымын, оларды құю және төгу тәртібін;
мұнай және мұнай өнімдерінің сапасына және оларды тасымалдауға қойылатын техникалық талаптарды.
29-параграф. Мұнай құятын сыйымдылықтарды қараушы, 4-разряд
66. Жұмыс сипаттамасы:
булау пункттерінде теміржол цистерналарын қарау және қабылдау;
мемлекеттік стандарттарға сәйкес мұнай өнімдерін құюға арналған сыйымдылықтарды дайындау сапасын тексеру;
құюға арналған сыйымдылықтарды дайындау сапасына рекламациялық құжаттарды ресімдеу.
67. Білуге тиіс:
темір жол цистерналарының, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы мен мақсатын;
арматура мен коммуникациялар схемасын, құйылатын мұнай мен мұнай өнімдеріне мемлекеттік стандарттарды;
жүктердің негізгі жүру бағыттарын.
30-параграф. Мұнай мен мұнай өнімдерінің сапасын бақылаушы, 4-разряд
68. Жұмыс сипаттамасы:
қабылданатын, сақталатын және өткізілетін мұнайдың, мұнай өнімдерінің, реагенттердің және тауарлық өнімнің сапасын, бақылау сынамаларын іріктеу мен жасаудың дұрыстығын, актілерді ресімдеуді, мұнайды, мұнай өнімдерін құюға, құрғақ жүктер мен реагенттерді ыдысқа салуға арналған ыдыстың дайындығын бақылау;
бүлінуден және қайта сұрыптаудан сақтайтын іс-шараларды әзірлеуге және тұтынушылардың мұнай, мұнай өнімдері, реагенттер мен тауар өнімдерінің сапасы бойынша жеткізушілерге қоятын талаптарын талдауға қатысу;
мұнай өнімдерінің, жартылай фабрикаттардың сапасын түзету технологиясын әзірлеу және сапаны түзету бойынша жұмысқа басшылық ету.
69. Білуге тиіс:
мұнайдың, мұнай өнімдерінің, реагенттердің және тауарлық өнімнің түрлерін, олардың физикалық және химиялық қасиеттерін;
резервуарлық паркті, эстакаданы, айлақты технологиялық байлауын;
қойма үй-жайларының орналасу жоспарын;
резервуарларды, қойма үй-жайларын өнімдерді қабылдауға дайындау тәртібін;
сынамаларды іріктеп алудың мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттарын және талдаулар жүргізу әдістемесін;
бақылау сынамаларын ресімдеу тәртібін және сақтау мерзімдерін;
мұнайды, мұнай өнімдерін, реагенттерді цистерналарға, баржаларға және танкерлерге құю тәртібін;
құрғақ жүктерді ыдысқа салу тәртібін.
31-параграф. Отынды мотормен сынау жөніндегі машинист, 3-разряд
70. Жұмыс сипаттамасы:
этильденген және этильденбеген бензиндер мен керосиннің октандық сандарын, дизель отынының цетандық сандарын анықтау жөніндегі әдістемелерде немесе мемлекеттік стандарттарда көзделген Іштен жану қозғалтқыштарына қызмет көрсету;
этил сұйықтығын отындарға және майларға арналған қоспаларға мөлшерлеу;
бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау;
күйіктерді алумен қозғалтқышты қайта өңдеуге және жабдықты жөндеуге қатысу;
біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен сынау кезінде туындайтын ақауларды анықтау және жою;
сынақ журналын жүргізу.
71. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін генераторлардың, электр қозғалтқыштардың, отын сорғыларының, аспаптар мен қосалқы механизмдердің құрылысын және оларды пайдалану тәртібін;
сыналатын отын мен мұнай өнімдерін өндіру технологиясын;
отын құрамының олардың октандық сипаттамасына әсерін және тетраэтилқорғасына сезімталдығын;
қондырғы формулярындағы жазбалары бар қозғалтқыштардың жұмысын есепке алу тәртібін;
отынды, майларды, жағармайларды және телімдерді сынаудың мемлекеттік стандарттары мен әдістемелерін;
жазбалар журналын жүргізу тәртібін;
слесарлық іс негіздерін.
32-параграф. Отынды мотормен сынау жөніндегі машинист, 4-разряд
72. Жұмыс сипаттамасы:
сыртқы сипаттамаларын ала отырып, отын мен мұнай өнімдерін моторлы сынау жөніндегі әдістемелерде немесе мемлекеттік стандарттарда көзделген іштен жану қозғалтқыштарына қызмет көрсету;
майлардың, жағармайлар мен қоспалардың жуу, майға қарсы, тотығуға қарсы және өзге де мотор қасиеттерін анықтау;
қозғалтқыштарды сынауға дайындау;
детонация датчиктерін, электрондық детонометрлерді, тұтану және бүрку индикаторларын реттеу;
дозалары бар бастапқы эталондық және бақылау отынын жасау;
бастапқы эталондық отыннан екінші эталонға өтпелі шкалаларды алу;
біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен отын мен мұнай өнімдерінің сорттылығын айқындау, күрделі мотор сынақтарын жүргізу және майларды сыныптау;
қозғалтқышты сынақ стендіне орнату, оны монтаждау және демонтаждау;
ағымдағы жөндеуді орындау және қозғалтқыштарды орташа және күрделі жөндеуге қатысу;
тексеру кезінде қозғалтқышты бөлшектеу, қарау және құрастыру;
эталондық шкаламен салыстыру арқылы алынған сынақ нәтижелерін бағалау.
73. Білуге тиіс:
отын мен мұнай өнімдерін сынайтын машиналар мен қондырғылардың, детонация датчиктерінің, детонометрлердің, тұтану және бүрку индикаторларының және өзге де аспаптардың құрылғысын, оларды реттеу тәртібін;
дозалары бар бастапқы эталондық және бақылау отынын жасау тәртібін;
мұнай өнімдерінің физикалық-химиялық қасиеттерін;
мотор сынақтарын жүргізу жөніндегі мемлекеттік стандарттар мен әдістемелерін;
қолданылатын металдардың, қорытпалардың және металл емес материалдардың негізгі қасиеттерін;
сынақ журналын және жөндеу карталарын жүргізу тәртібін;
слесарлық ісін.
33-параграф. Отынды мотормен сынау жөніндегі машинист, 5-разряд
74. Жұмыс сипаттамасы:
отынды, майларды, жағармайларды және телімдерді күрделі біліктілік мотор сынақтарын жүргізу кезінде әдістемелерде немесе мемлекеттік стандарттарда көзделген іштен жану қозғалтқыштарына қызмет көрсету;
динамикалық жағдайлардағы жылу тұрақтылығын және отынның сорттылығын, майлардың жіктелуін анықтау;
жүйелерді, агрегаттар мен аспаптарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес реттеу;
қозғалтқышқа орташа және күрделі жөндеу жүргізу;
мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес сынақ нәтижелерін бағалау және жіктеу;
сынақ стендтерін монтаждау және демонтаждау;
құрастыру сызбаларын, қозғалтқыштың және стендтік жабдықтың схемаларын оқу.
75. Білуге тиіс:
іштен жану қозғағышының, отын мен мұнай өнімдерін сынау жөніндегі қондырғылардың құрылымын;
бақылау-өлшеу аспаптарын баптау және реттеу тәртібін;
қозғағыштардың, сынақ стенділерінің жұмысындағы ақауларды анықтау
және оларды жою әдістерін;
сынақ хаттамалары мен жөндеу карталарын ресімдеу.
34-параграф. Отынды мотормен сынау жөніндегі машинист, 6-разряд
76. Жұмыс сипаттамасы:
әдістемеде немесе мемлекеттік стандартта көзделген Іштен жану қозғалтқыштарына сыналатын үлгіні кейіннен жіктей отырып, эталондық мотор сынақтарын жүргізу кезінде қызмет көрсету;
термореттеудің барлық стендтік жүйелерін баптау;
электр және тежегіш құрылғыларын реттеу және тарифтеу;
сынау кезінде анықталған ақауларды жою;
микрометраж өндірісімен бөлшектеу және жиектеу және бөлшектерді қиыстыру;
қозғалтқыштың тозуын, механикалық пайдалы әсер коэффициентін анықтау үшін өлшеулер жүргізу;
қозғалтқыш пен сынақ стендіне орташа және күрделі жөндеу жүргізу;
біліктілігі төмен машинистерді басқару.
77. Білуге тиіс:
іштен жану қозғағыштарының конструктивтік ерекшеліктерін;
қозғағышпен сынау әдістерін;
қозғағыш пен сынау жүйесін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу әдістерін;
тезегіш құрылғыларын таралау тәсілдерін;
сынақ нәтижелерін бағалау әдістерін;
қозғағыш пен оның механикалық пайдалы әрекет коэффициенті бөлшектерінің тозуын есептеу әдістерін;
микрометраж жасау және сынақ хаттамалары мен микрометраждық, жөндеу карталарын жүргізу.
35-параграф. Пешті толтырушы және босатушы, 3-разряд
78. Жұмыс сипаттамасы:
сланецті вагондарға белгіленген схема бойынша тиеу және сланецтің бетін тегістеу;
туннель пешінен вагондарды беру және шығару;
әртүрлі аударғыштармен вагондардан жартылай коксты түсіру;
тақтатастарды тиеуге вагондарды беру;
дабыл қалқанын бақылау;
тиеу және түсіру құрылғыларын іске қосу және тоқтату;
вагондар мен үрлемелі келтеқұбырлардың торлары мен торкөз астындағы кеңістігін тазарту;
қызмет көрсетілетін жабдықтар мен пештерге ағымдағы жөндеу жүргізу.
79. Білуге тиіс:
туннель пештерінде шиферді өңдеудің технологиялық процесін;
пештерде сланеці бар вагондарды беру учаскесінде барабанды електердң, туннельді пештердің, пневматикалық жүйенің, сигнализацияны, көлік құралдарының құрылысын;
гидравликалық және су байланысының схемасын;
көлік жабдығына қызмет көрсету тәртібін;
жүктеме сапасының өндірілетін өнім мөлшеріне әсерін;
слесарлық іс негіздерін.
36-параграф. Пешті толтырушы және босатушы, 4-разряд
80. Жұмыс сипаттамасы:
жартылай кокстеу мен камералық пештерді көмірмен және сланецпен толтыру;
пештердегі көмір мен сланецтің деңгейін өлшеу;
мыналарды: көмір мен сланецтің шахта мен камералардың қималары бойынша біркелкі түсуін, пештің жоғары және төмен бөлігіндегі температура мен қысымды, тиеу және түсіру механизмдерінің жұмысын, жартылай кокс пен коксті суыту процесін реттеу;
коксті кокс қоректендіргіштерге тасымалдау;
ілікпе кезінде көмірді көсеу;
тиеу вагондары мен конвейерлердің жұмысын үйлестіру;
қисық мұржалы газ жинау арналары камераларын тазарту;
материалды жіктер мен люктерді тығыздау;
жұмыстағы ақауларды жою;
тиеу вагондары мен тиеу құрылғыларын ағымдық және күрделі жөндеуге қатысу;
өндірістік журналға жазба жүргізу.
81. Білуге тиіс:
сланецті камералық пештерде жартылай кокстеу мен қайта өңдеудің технологиялық процесін;
көмір мен сланецтің, жартылай кокстің, кокстің, шайыр мен газдың негізгі қасиеттерін;
камералық және жартылау кокстеу пештерінің, қызмет көрсететін жабдықтың, механизмдердің, коммуникациялар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын;
пештердің температуралық және гидравликалық жұмыс режимін;
жартылай кокс пен коксті тиеу және тасымалдау жүйелерін;
тиеу процесінің пештің өнімділігіне әсерін;
сланецтен газ бен май шығымына әсер етуші факторларды;
слесарлық ісін.
37-параграф. Планиметрист, 4-разряд
82. Жұмыс сипаттамасы:
тіркеуші аспаптардың диаграммаларын желілік, полярлық, радиальдік планиметрлер мен басқа да аспаптардың көмегімен өңдеу;
аспап топтарының көрсеткіштерін жүйелеу;
нақты параметрлердің олардың есептік шамасынан ауытқуларына түзету енгізу;
планиметриялық диаграммалар бойынша орташа шамаларды есептеу;
бақылау-өлшеу аспаптарын төлқұжаттандыру;
цехтың, кәсіпорнының жылу мен газ балансының карталарын жасау;
планиметр жұмысының дұрыстығын тексеру, оларды реттеу және жөндеу.
83. Білуге тиіс:
негізгі бақылау-өлшеу аспаптарының конструкциясын, құрылымын және мақсатын;
планиметр түрлерімен жұмыс істеу тәртібін;
тіркеуші аспаптардың диаграммаларын өңдеу және орташа шамаларды есептеу әдістерін;
бақылау-өлшеу аспаптарын есепке алу және төлқұжаттандыру тәртібін;
қызмет көрсететін өндірістердің технологиялық схемаларын және олардың өзара байланысын.
38-параграф. Таратып бөлу мұнай базалары жабдығының машинисі, 3-разряд
84. Жұмыс сипаттамасы:
мұнай өнімдерін жылдық өткізу көлемі 1 мың тоннаға дейінгі таратып бөлу мұнай базалары жабдығын басқару;
жабдықты тазалау, майлау және бекіту;
жабдықтың жұмысын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша қадағалау;
машина жұмысындағы кемшілікті естумен анықтау;
біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен мұнай мен мұнай өнімдерін айдау насостарына, насос стансаларына, компрессорларға, іштен жану қозғағыштарына, бу қазандарына, жылжымалы электр стансаларына, бу қазандықтарына, резервуарлық парктерге, құбыры коммуникацияларына, ағызу-құю теміржол және автоқұю эстакадалары мен мұнай айлақтарына қызмет көрсету;
цистерналар мен кемелерді қоюға және жинауға, тиеу-түсіру жұмыстарына қатысу;
ауыспалы көпіршелерді көтеру және түсіру;
құбырындағы люктерді ашу мен жабу;
төменгі ағызу аспаптарын қосу, штангілерге май құю.
85. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын;
вагон-цистерналар мен кемелерді қою тәртібін;
электромеханика мен слесарлық іс негіздерін;
бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты мен құрылымын.
39-параграф. Таратып бөлу мұнай базалары жабдығының машинисі, 4-разряд
86. Жұмыс сипаттамасы:
мұнай өнімдерін жылдық өткізу көлемі 1 мыңнан астам 20 мың тоннаға дейінгі таратып бөлу мұнай базалары жабдығын басқару;
мұнай мен мұнай өнімдерін айдау насостарына, насос стансаларына, компрессорларға, іштен жану қозғағыштарына, бу қазандарына, жылжымалы электр стансаларына, бу қазандықтарына, резервуарлық парктерге, құбыры коммуникацияларына, ағызу-құю теміржол және автоқұю эстакадалары мен мұнай айлақтарына қызмет көрсету;
мұнай өнімдерін қайта айдау, теміржол цистерналарына құю-ағызу, резервуардан резервуарға базаішілік қайта айдау кезінде қозғағыштар мен насостардың жұмыс режимін реттеу;
қызмет көрсететін жабдықты профилактикалық тексеру, ақауларын анықтау, ағымдық және күрделі жөндеу, майлау, іске қосу және тоқтату;
цистерналар мен кемелерді техникалық тексеру;
қозғағыштардың, генераторлардың, реттеуші аппаратураның, бақылау-өлшеу аспаптарының, жылжымалы электр стансаларының, бу қазандығы насостарының, компрессорлардың, құбырлары коммуникацияларының жұмысын қадағалау;
мұнай базасы жабдығын монтаждауға және демонтаждауға қатысу;
насостардың, компрессорлардың, қозғағыштар мен мұнай базасының өзге де жабдықтарының жұмысын есепке алу.
87. Білуге тиіс:
мұнай өнімдерін қабылдаудың, сақтаудың және жіберудің технологиялық процесін;
мұнай базасы жабдығын, нефтебазаны, резервуарларды техникалық пайдалану тәртібін;
насостардың, іштен жану қозғағыштарының, электр қозғағыштарының құрылымын;
насос стансаларының, бу қазандықтарының, электр стансаларының, жаппа арматураның және бақылау-өлшеу аспаптарының жабдығын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты;
гидравлика, механика, жылу техникасы, электротехника жөніндегі негізгі деректерді;
слесарлық мен ұсталық істерін;
сорғы, резервуарлық паркті, құю және төгу-құю эстакадаларын технологиялық байлау схемасын;
сорғы станциялары мен электр жетекті тиек арматурасын қашықтықтан басқару схемасын;
мұнай базасының механизмдері мен өзге де жабдықтары жұмысындағы ақаулардың себептерін, олардың алдын алу және жою тәсілдерін;
қайта айдалатын мұнай өнімдерінің физикалық және химиялық қасиеттерін;
жағармай материалдары мен отынның шығыс нормаларын.
Мұнай өнімдерін жылдық өткізу көлемі 20 мыңнан астам 100 мың тоннаға дейінгі таратып бөлу мұнай базалары жабдығын басқару кезінде - 5-разряд.
Мұнай өнімдерін жылдық өткізу көлемі 100 мыңнан астам 150 мың тоннаға дейінгі таратып бөлу мұнай базалары жабдығын басқару кезінде - 6-разряд.
40-параграф. Тауар операторы, 2-разряд
88. Жұмыс сипаттамасы:
резервуарлардағы, цистерналардағы, мұнай ыдыстарындағы мұнайды, мұнай өнімдерін өлшеу;
сынама алу;
сыйымдылықтар мен резервуарлардан су мен ласты сорып шығару;
автоцистерналарды, мұнай өнімдері тараларын, газы бар баллондарды өлшеу;
пломбыларды дайындау, пломбылау;
паспорттарды ілу;
тұтынушыларға май сүзгілерін беру және жұмысталғандарын олардан қабылдап алу;
тұтынушы тарасының техникалық жай-күйі мен тазалығын, оның жабылуын тексеру;
мұнай өнімдерін қыздыру;
таралық мұнай өнімдерін мен басқа да сұйық өнімдерді тиеу-түсіру жұмыстары.
89. Білуге тиіс:
резервуарлардың, өлшегіштердің мақсатын, олардың биіктік бірлігіне арналған толық сыйымдылығын;
сынама алу тәртібін;
мұнайдың, мұнай өнімдері мен газдың қасиеттері туралы негізгі деректерді;
құю мен ағызу технологиясын;
резервуарларды, цистерналарды, мұнай кемелерін пломбылау тәсілдерін;
мұнай өнімдері қыздыру тәсілдерін;
өлшеу аспаптарының, өлшеу аспаптары мен айлабұйымдардың құрылысын;
әртүрлі май сүзгілерінің мақсатын, пайдаланылған майлардың сипаттамасын;
таралы мұнай өнімдерін қоймалау тәртібін;
цистерналарды, резервуарларды, эстакадаларды, сыйымдылықтарды мұнай, мұнай өнімдері қалдықтарынан және балшықтан тазарту тәсілдерін;
қызмет көрсететін жабдықты техникалық пайдалану тәртібін;
сақтау және қайта айдау кезінде мұнайдың, мұнай өнімдері мен реагенттердің жоғалу және бұзылуының негізгі себептерін және олардың алдын алу әдістерін;
табиғи шығын нормаларын;
мұнайдың, мұнай өнімдері қабылдауға және тапсыруға арналған құжаттарды ресімдеудің тәртібін.
41-параграф. Тауар операторы, 3-разряд
90. Жұмыс сипаттамасы:
жылдық мұнай өнімдерін өткізу көлемі 10 мың тоннаға дейін және жылдық мұнай өнімдерін өткізу көлемі 10 мың тоннадан 40 мың тоннаға дейін барлық жұмыстарға басшылық ететін тарату мұнай базасының жабдығына қызмет көрсету;
мұнайды, мұнай өнімдерін, сұйытылған газдарды, тұзақ өнімін, реагенттерді және өзге де өнімдерді қабылдау және орналастыру, айдау, жіберу және сақтау;
біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың көрсетуімен жаппаларды қайта қосу;
сыйымдылықтарды, эстакадаларды, тікқұбырларды, айлақтар мен құбыржолдарды мұнайды, мұнай өнімдерін, реагенттерді, сұйытылған газдарды және өзге де өнімдерді қабылдауға, жіберуге және сақтауға дайындау;
резервуарлардағы, цистерналар мен өзге де сыйымдылықтардағы мұнайдың, мұнай өнімдері мен өзге де өнімдердің үлестік салмағын анықтау;
механикалық қоспалар мен судың температурасын, мазмұнын анықтау;
ұстап қалғыштардағы мұнайды, мұнай өнімдерін жинап алу, оларды өлшеуіштерге айдау;
резервуарлардан су мен балшықты тартып шығару;
цистерналардағы мұнайдың, мұнай өнімдері мен өзге де өнімдердің үлестік салмағын анықтау;
резервуарлардағы сұйық өнім көлемін калибрлеу кестесі бойынша анықтау;
резервуарлар мен сыйымдылықтарды өлшеуге қатысу;
цистерналарды пломбылау;
резервуарларды, құбырларын, құю-ағызу мүкамалдары мен басқа да жабдықтарды жөндеуге дайындау;
сілтіні, қышқылды және басқа реагенттерді цистерналардан ағызу;
сұйытылған газды сілтілендіруді жүргізу, газ беруді реттеу, газ толтыру станциялары мен сығылған газды құю қондырғыларында баллондар мен цистерналарды толтыру;
катализаторларды ұнтақтау, сұрыптау және тығындап жабу;
мұнай ұстауыштарға қызмет көрсету;
факелді жағу және өшіру;
газ конденсатын тазарту;
озокерит өндірісінде еріткіштер мен отынды қайта айдау;
озокеритті өлшеу және сұрыптары бойынша қою;
қабылданатын және тапсырылатын өнімге құжаттама жүргізу.
91. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін учаскенің басқару және коммуникация тораптарын, сорғылардың типтерін, олардың өнімділігін, қалыпты және рұқсат етілетін қысымын;
ыстық, қоймалжың және парафинді мұнай өнімдері мен газдарды айдау тәртібін;
озокерит пен еріткіштердің техникалық жағдайларын;
құбырларды пайдалану тәртібін;
мұнайдың, мұнай өнімдерінің, реагенттердің және газдың физикалық және химиялық қасиеттерін;
сақтау, қайта айдау кезіндегі мұнай өнімдері мен реагенттер шығынының негізгі себептерін және бұл шығындардың алдын алу әдістерін;
сынама іріктеу крандарының, сақтандыру және тыныс алу клапандарының, өлшеу құралдарының, хлопушкалардың, тығыздамалардың, компенсаторлардың құрылысы мен мақсатын;
коммуникацияларды мұнайды, мұнай өнімдері мен реагенттерді қайта айдауға дайындаудың тәртібін;
факелді жағу және өшіру тәсілдерін;
қарапайым талдауды жүргізу әдістерін;
резервуарлардағы, цистерналар мен басқа да сыйымдылықтардағы мұнайдың, мұнай өнімдері мен басқа да өнімдердің үлестік салмағын анықтау және резервуарларды өлшеу тәсілдерін;
теміржол және кеме шаруашылығының жарғысы мен шарттары бойынша теміржол цистерналарын, мұнай кемелерін төгу-құю және оларды төгу, вагондар мен мұнай кемелерін тиеу-түсіру толықтығы тәртібі мен белгіленген мерзімдерін;
кірме жолдарды және айлақтарды пайдалану шарттарын;
слесарлық іс негіздерін.
42-параграф. Тауар операторы, 4-разряд
92. Жұмыс сипаттамасы:
мұнай өнімдерін жылдық өткізу көлемі 10-нан астам 40 мың тоннаға дейін және барлық жұмыстарға басшылық ететін, мұнай өнімдерін жылдық өткізу көлемі 40-тан астам 100 мың тоннаға дейін тарату мұнай базасының жабдығына қызмет көрсету;
тауарлы және резервуар парктеріне, теміржол және автоқұю эстакадаларына, айлақтарға, құю пункттеріне, магистральдік мұнай өнімдері құбырларына, мұнай базалары мен мұнай мен мұнай өнімдерін айдау көлемі мен жүк айналымы тәулігіне 5000 тоннаға дейінгі мұнай өңдеу зауыттарының мұнай құю пункттеріне қызмет көрсету;
сыйымдылық көлемі 500 тоннаға дейінгі сұйытылған газ парктеріне қызмет көрсету;
этил араластыру қондырғыларына, мұнай ұстауыштарға, факел шаруашылығына, жоғары және төмен қысымды мұнай өнімдері құбырларына, газгольдерлерге, құю эстакадалары мен айлақтарына қызмет көрсету;
қажетті концентрациядағы сілті мен қышқыл ерітінділерін дайындау;
өнеркәсіптік ағын суларды тазарту, ұсталған мұнай өнімін бөлу процесін жүргізу;
сынама алуды және айдау режимін бақылау;
қызмет көрсететін шаруашылық бойынша ауысымда орындалатын барлық айдауларды жүргізу;
мұнайдың, мұнай өнімдері мен реагенттердің сақталуын қамтамасыз ету;
резервуардың қыздырылуын, қызмет көрсететін парк, эстакада, ұстап қалу шаруашылығы аумағындағы өнімдік және бу желілерінің жай-күйін қадағалау;
цистерналарды төгу-құю фронты бойынша және вагондарды тиеу және түсіру фронты бойынша орналастыру;
өнімдерді айдау, қабылдау және тапсыру, бос вагондарды қабылдау бойынша барлық операцияларға құжаттаманы ресімдеу;
жай цистерналарға актілерді ресімдеу;
қызмет көрсетілетін мүкәммал мен жабдықтың жарамдылығын қадағалау;
құюшы-ағызушылардың жұмысына басшылық ету.
93. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін паркте сақталатын барлық өнім сапасына арналған мемлекеттік стандарттарды немесе цехаралық шарттарды;
мұнай өнімдерін мақсатты араластыру тәртібін;
жүктерді теміржол мен су арқылы тасымалдау тәртібі мен шарттарын;
зауыттың кірме жолдарын пайдалануға арналған теміржолмен шарттың талаптарын;
цистерналарды, кемелерді, вагондарды толтыру және ағызып алу тәртібі мен мерзімдерін;
жөнелтілетін және қабылданатын мұнай өнімдері мен сухогруз сапасының стандарттарын;
слесарлық ісін.
43-параграф. Тауар операторы, 5-разряд
94. Жұмыс сипаттамасы:
мұнай өнімдерін жылдық өткізу көлемі 40-тан астам 100 мың тоннаға дейін және барлық жұмыстарға басшылық ететін, мұнай өнімдерін жылдық өткізу көлемі 100 мың тоннадан астам тарату мұнай базасының жабдығына қызмет көрсету;
тауарлы және резервуар парктеріне, теміржол және автоқұю эстакадаларына, айлақтарға, құю пункттеріне, магистральдік мұнай өнімдері құбырларына, мұнай базалары мен мұнай мен мұнай өнімдерін айдау көлемі мен жүк айналымы тәулігіне 5000-нан астам 10000 тоннаға дейінгі мұнай өңдеу зауыттарының мұнай құю пункттеріне қызмет көрсету;
сыйымдылық көлемі 500 тоннадан астам сұйытылған газ парктеріне қызмет көрсету;
жоғары сапалы мұнай өнімдері және күрделі коммуникация жүйесі бар парктерге қызмет көрсету;
тауарлық өнімді дайындау үшін мұнай өнімдерін компаундирлеу, бензинді этилдеу, қоспалар мен ингибиторларды қосу;
көлік ұйымдарымен есеп айырысуларды тапсыру, жөнелту және ресімдеу бойынша операцияларды жүргізу;
темір жолмен қаржылық есеп айырысуды жүргізу;
ауысымдағы мұнай мен мұнай өнімдері қозғалысының теңгерімін жасау;
құюшы-ағызушылардың жұмысына басшылық ету.
95. Білуге тиіс:
паркте сақталатын барлық өнім сапасына арналған мемлекеттік стандарттарды;
резервуарларды сапасы жағынан анағұрлым жоғары өніммен толтыруға дайындаудың тәртібін;
мұнай өнімдері мен сұйытылған газды қабылдау мен тапсыру тәртібін;
әкелуші және әкетуші құбырлары бойынша жүк ағындарын реттеу шарттарын;
темір жолмен қаражат есептерін жүргізу тәртібін.
44-параграф. Тауар операторы, 6-разряд
96. Жұмыс сипаттамасы:
жылдық мұнай өнімдерін өткізу көлемі 100 мың тоннадан астам 130 мың тоннаға дейінгі тарату мұнай базасының жабдығына және барлық жұмыстарға басшылық жасауға қызмет көрсету;
тауар және резервуарлық парктерге, теміржол және автомобиль эстакадаларына, айлақтарға, мұнай өңдеу зауыттарының магистральдық мұнай өнімдері құбырларының құю пункттеріне, жүк айналымы бар, тәулігіне 10000 тоннадан 16000 тоннаға дейін мұнай және мұнай өнімдерін айдау немесе құю көлемі бар ауыстырып тиеу мұнай базаларына қызмет көрсету;
қашықтықтан басқару жүйесі мен телемеханика жүйелері бар резервуар парктеріне қызмет көрсету;
мұнай өнімдерін автоцистерналарға құюдың автоматты жүйесіне басшылық ету және оның жұмысын қадағалау;
мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сақталуын қамтамасыз ету;
мұнай өнімдерінің шығынын азайту жөніндегі қажетті іс-шараларды жүргізу;
майларды жеделдетілген физикалық-химиялық талдауды жүргізу;
қоспаларды енгізу және араластыру арқылы майлардың пайдалану қасиеттерін жақсарту;
құрылғылардың, жабдықтың және мукамалдың жарамдылығын қадағалау;
есептеу орталығы үшін кодталған ақпаратты дайындау;
біліктілігі анағұрлым төмен операторлардың жұмысына басшылық ету.
97. Білуге тиіс:
теміржолмен және кеме шаруашылығымен цистерналарды, жартылай вагон-бункерлерді және мұнай кемесін толтыру-ағызудың тәртібі мен мерзімдері туралы жарғылар мен шарттарды;
мұнай өнімдерінің физикалық-химиялық қасиеттерін және олардың қолданылу салаларын;
майлардың ескіру белгілерін, оларды тұрақтандыру және араластыру тәсілдерін;
қабылданатын, жөнелтілетін және босатылатын мұнай өнімдерінің сапасына арналған стандарттарды;
қашықтықтан басқару және телемеханика аппаратурасының құрылымын, оларды баптау мен реттеуді;
электрондық-фактуралық машиналардың құрылымын.
45-параграф. Технологиялық компрессор машинисі, 4-разряд
98. Жұмыс сипаттамасы:
мұнай-газ өндіру кәсіпшіліктерінің компрессорлық станцияларында, магистральдық газ-мұнай өнімдері құбырларында инертті, табиғи мұнай және жасанды газдарды сығымдайтын әртүрлі жетектері бар компрессорларға қызмет көрсету;
жөндеуден және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерінен кейін, технологиялық картаға сәйкес компрессорлар жұмысының тәртібін іске қосу, тоқтату және реттеу;
газды коммуникациялар мен аппараттарға қызмет көрсету, олардың жұмысындағы ақауларды анықтау және тоқтату;
компрессорларды, олардың жетектерін, аппараттарын, газ коммуникацияларының тораптарын және цехтардың қосалқы жабдықтарын баптау, ағымдағы және орташа жөндеу;
ауысымдағы машинистер бригадасына басшылықты, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
өндірістік журналдарда жанар-жағармай материалдар шығысының есебін және жазбасын жүргізу.
99. Білуге тиіс:
газды тасымалдау технологиясын;
компрессорлардың, олардың жетектерінің, автоматика құралдарының, машиналар мен аппараттарды бақылау және қорғау аспаптарының құрылымын; қосалқы жабдықтың, газ коммуникацияларының құрылымы мен пайдалану тәртібін;
компрессорлар мен олардың жетектері, сондай-ақ цехтардың қосалқы жабдықтары жұмысының теориялық негіздерін;
цех құбырларының және цехаралық коммуникациялардың орналасу схемаларын;
автоматика және релелік қорғау құралдарын пайдаланудың принциптің схемасы мен тәртібін;
газ қауіпті жұмыстарды жүргізу жөніндегі тәртібі мен нұсқаулықтар;
компрессорларға, олардың жетектеріне, жаппа арматурасы мен аппаратурасына, автоматика және релелік қорғаныс құралдарына техникалық қызмет көрсетудің және жөндеудің барлық түрлерін жүргізудің техникалық шарттары мен технологиясын;
жөндеу кезінде қолданылатын материалдар және олардың ықтимал алмастырғыштарын;
тиісті жұмыстарды орындау кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары құралдарының, айлабұйымдардың түрлерін.
Жалпы қуаты сағатына 75000 текше метрге дейінгі газ моторлы поршеньді компрессорларға қызмет көрсету кезінде – 4-разряд.
Жалпы қуаты сағатына 75000 текше метрден астам газ моторлы поршенді компрессорларға немесе жалпы қуаты сағатына 750000 текше метрге дейінгі компрессорлардың жалпы өнімділігі турбокомпрессорларға қызмет көрсету кезінде – 5 разряд.
Жалпы өнімділігі сағатына 750000 текше метрден асатын турбокомпрессорларға қызмет көрсету кезінде – 6 разряд.
100. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.
46-параграф. Технологиялық қондырғы операторы, 2-разряд
101. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен аппараттарға, насостарға, желдету және жылыту жүйелеріне қызмет көрсету;
жағармайларды, майларды, парафинді, битумды және өзге де осыған ұқсас өнімдерді айдау, құю және ыдысқа салу;
өлшеуіштерді өлшеу, сынама алу;
катализаторларды тиеу және түсіру;
аппаратуралар мен пештерді тазалау.
102. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін жабдықтың, арматура мен коммуникациялардың құрылымын;
бақылау-өлшеу аспаптарының мақсатын;
шикізаттың және өндірілетін өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерін;
өнімді ыдысқа салу және ресімдеу тәртібін.
47-параграф. Технологиялық қондырғы операторы, 3-разряд
103. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен мұнайды, мұнай өнімдерін, газды, сланецті және көмірді жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес қайта өңдеу технологиялық процесін жүргізу;
технологиялық қондырғыларда аппараттарға, желдеткіштерге, кәдеге жаратушы қазандықтарға немесе буды қыздырғыштарға, колчеданды сепараторларға, катерлік, туннельдік пештерге, газ генераторларына және өзге де ұқсас жабдықтарға қызмет көрсету;
жұмыс істеп тұрған жабдықты резервке ауыстыру;
сілтіні ауыстыру;
аппараттардан суды дренаждау;
қызмет көрсететін учаскедегі реагенттерді, отынды, буды, суды, электр энергиясын беруді реттеу;
шикізатты ұнтақтауға және тартуға беруді, тарту деңгейін реттеу;
кептіру пешінің немесе диірмен пештің оттығын жағу процесін жүргізу;
шикізаттың, реагенттердің сапасын бақылау, жұмсалуын және өндірілетін өнімнің мөлшерін есепке алу;
силос жинақтаушы вагондардан коксті түсіру және тиеу;
ленталы конвейерлердің, классификаторлардың, қоректендірушілердің жанындағы, теміржолдардағы коксті жинау;
технологиялық жабдықты жөндеуге қатысу.
104. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін қондырғылардың технологиялық процестерін, схемалары мен карталарын;
технологиялық процесті реттеу тәртібін;
қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын;
бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты мен жұмыс істеу принципін;
шикізаттың, реагенттердің, алынатын өнімнің, қолданылатын материалдардың физикалық-химиялық қасиеттерін;
слесарлық іс негіздерін.
48-параграф. Технологиялық қондырғы операторы, 4-разряд
105. Жұмыс сипаттамасы:
ІІІ санаттағы қондырғыларда мұнайды, мұнай өнімдерін, газды, сланецті және көмірді жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес қайта өңдеу технологиялық процесін жүргізу;
біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен технологиялық процесті жүргізу және І және ІІ санаттағы қондырғылардың жекелеген блоктарының жұмысын қадағалау;
блоктың, қондырғының, бөлімшенің өнімділігін реттеу;
процестің берілген режимнен ауытқуының алдын алу және жою;
өнімнің шығымын мен сапасын, реагенттердің, энергия ресурстарының жұмсалуын бақылауды жүзеге асыру;
біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен камералық, туннельдік пештердің жылыту жүйелерін қосу және тоқтату, олардың гидравликалық режимін реттеу, ленталы конвейерлерге қызмет көрсету, мұнай коксін фракциондық құрамы бойынша баялатып кокстеу қондырғыларында сыныптау;
бақылау және автоматика сапаптарына қызмет көрсету;
картограммалар дайындау, оларды ауыстыру, қауырсындарды сиямен толтыру;
аспаптарды "О" тексеру;
жылыту жүйесінің қалануы жай-күйін қадағалау;
қондырғыны қосу, тоқтату және режимге шығару;
жекелеген қондырғылар мен аппараттарды тұтастай жөндеуге дайындау;
технологиялық қондырғыларды жөндеуге қатысу.
106. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін қондырғылардың технологиялық процестерін, схемаларымен карталарын;
технологиялық жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының, құбырларының, арматураның құрылымын;
процестің барысына және өнімнің сапасына әсер ететін факторларды.
49-параграф. Технологиялық қондырғы операторы, 5-разряд
107. Жұмыс сипаттамасы:
ІІ санаттағы қондырғыларда мұнайды, мұнай өнімдерін, газды, сланецті және көмірді жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес қайта өңдеу технологиялық процесін жүргізу;
біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен технологиялық процесті І санаттағы қондырғыларда жүргізу;
технологиялық режимнің сақталуын, шикізат пен өндірілетін өнімдердің сапасын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша бақылау;
шикізаттың, өнімнің, реагенттердің, катализаторлардың, отын-энергетикалық ресурстардың шығыс есебін бақылау;
процестің берілген режимнен ауытқуының алдын алу және болдырмау;
кезекшілікті қабылдау және тапсыру журналын толтыру.
108. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін жабдықтың технологиялық процестерін, схемалары мен карталарын;
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысын;
шикізаттың, реагенттердің және өндірілетін өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерін;
шикізат пен өнімге арналған мемлекеттік стандарттарды.
109. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.
50-параграф. Технологиялық қондырғы операторы, 6-разряд
110. Жұмыс сипаттамасы:
І санаттағы қондырғыларда мұнайды, мұнай өнімдерін, газды, сланецті және көмірді жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес қайта өңдеу технологиялық процесін жүргізу;
технологиялық процестің туындайтын ауытқулары мен аварияларды жоюға басшылық ету;
операторларды жұмыс орындарына бөліп қою.
111. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін жабдықтың технологиялық процестерін, схемалары мен карталарын;
технологиялық жабдықтың кинематикалық және электр схемаларын;
зауыттың негізгі қондырғыларының принципті схемалары және олардың өзара байланысын;
өндіріс технологиясын.
112. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.
51-параграф. Технологиялық қондырғыларды жөндеу жөніндегі слесарь, 2-разряд
113. Жұмыс сипаттамасы:
машиналардың, аппараттардың, құбырларының, арматураның қарапайым тораптары мен механизмдерін бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және сынау;
біліктілігі анағұрлым жоғары слесарьдің басшылығымен қарапайым, сондай-ақ күрделілігі орташа қондырғыларды, агрегаттер мен машиналарды жөндеу;
12 - 14 квалитеттер бойынша (5-7 дәлдік сыныбы) бөлшектерді слесарлық өңдеу;
бөлшектерді жуу, тазалау және майлау;
фланцыларды саңылаулары белгілеу және бұрғылау;
құбырлардағы бұрандаларды түзету, аралау және кесу;
жөнделетін жабдықты құрастыру және монтаждауға арналған қарапайым айлабұйымдарды жасау.
114. Білуге тиіс:
жөнделетін жабдықтың жекелеген тораптары мен аппараттарының құрылымын, мақсаты мен жұмыс істеу принципін;
қызмет жабдықтың жұмыс жағдайларын;
слесарь жұмыстарының негізгі жолдарын;
пісіру мен дәнекерлеудің жалпы тәртібін;
кіші диаметрлі құбырларын сынау тәртібін;
шақтамалар мен қонулар, квалитеттер, өңдеудің дәлдігі мен тазалығы сыныптары туралы негізгі ұғымдар;
айлабұйымдар мен аспаптардың мақсаты мен қолданылу тәртібін;
құбырларды белгілеу тәсілдерін, сызу элементтерін;
майлары, жуушы құрамдар мен жақпаларды қолдану тәртібін.
115. Жұмыс үлгілері:
1) машиналар мен аппараттар люктерінің қақпақтары – алу және орнату;
2) қоршаулар - алу және орнату;
3) салмалар - дайындау;
4) "құбырдағы құбыр" типтес жылу ауыстырғыштар – бөлшектеу;
5) суыту және майлау жүйелерінің – тазарту;
6) газ форсункалары - түгендеу.
52-параграф. Технологиялық қондырғыларды жөндеу жөніндегі слесарь, 3-разряд
116. Жұмыс сипаттамасы:
машиналардың, аппараттардың, құбырларының, арматураның күрделілігі орташа тораптары мен механизмдерін бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және сынау;
біліктілігі анағұрлым жоғары слесарьдің басшылығымен күрделілігі орташа, сондай-ақ күрделі қондырғыларды, агрегаттер мен машиналарды жөндеу;
11-12 квалитеттер бойынша (4-5 дәлдік сыныбы) бөлшектерді слесарлік өңдеу;
аппараттардың, насостардың, компрессорлардың байламын бөлшектеу;
жөнделетін жабдықты құрастыру және монтаждауға арналған күрделілігі орташа айлабұйымдарды жасау.
117. Білуге тиіс:
жөнделетін жабдықтың жекелеген тораптары мен аппараттарының құрылымы мен жұмыс істеу принципін;
құбырларға, профильді болатқа, бекіту материалдарына техникалық шарттар;
пісіру жұмысы негіздерін;
пісірілетін материалдардың техникалық жағдайларын;
құбырларын төсеу тәртібін;
жабдықты пайдалану тәртібін;
қызмет көрсететін жабдық коммуникацияларының принциптік технологиялық схемасын;
шақтамалар мен қонулар, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.
118. Жұмыс үлгілері:
1) төмен қысымды арматура - түсіру, жөндеу, орнату;
2) компрессорлар - клапандарды, сальниктерды, маслоотражательдерді, крейцкопфты, подшипниктерді, клапанов мен цилиндрлердің қақпақтары бөлшектеу және алу;
3) май насосы, лубрикаторлар - бөлшектеу және жөндеу;
4) поршень, плунжер, ортадан тепкіш және шестернялы насостар - бөлшектеу және жөндеу;
5) сальниктер – толтыру;
6) компрессорлар мен насосотардың суыту және майлау жүйелерінің құбырлары мен аппараттары - бөлшектеу;
7) пеш құбырлары, ұстындардың тарелкалары мен тарелкааралық кеңістіктері, жылу алмастырғыштардың құбырлары мен құбыраралық кеңістіктері, тоңазытқыш конденсаторларының тубкалары - кокстен және шөгіндіден тазарту.
53-параграф. Технологиялық қондырғыларды жөндеу жөніндегі слесарь, 4-разряд
119. Жұмыс сипаттамасы:
күрделі қондырғылардың машиналарын, аппараттарын, құбырларын, арматурасын жүк көтеру механизмдерін қолдана отырып бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;
7-10 квалитеттер бойынша (2-3 дәлдік сыныбы) бөлшектерді слесарлық өңдеу;
сыйымдылық жабдығының жұмысшы және бақылау сақтандыру клапандарын алу және орнату;
жөндеуден кейін жабдықты сынау, реттеу және тапсыру;
жөндеу жабдықтарын құрастыруға және монтаждауға арналған күрделі айлабұйымдарды жасау;
жөндеуге ақаулық ведомостарын жасау.
120. Білуге тиіс:
күрделі жабдықтың мақсатын, құрылымын;
жөнделетін жабдықты жөндеуге, сынауға, реттеуге және тапсыруға арналған техникалық шарттарды;
жоспарлы-алдын ала жөндеу негіздерін;
шақтамалар мен отырғызулар, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлері жүйесін;
түрлі күрделі емес бөлшектерді белгілеу және өңдеу тәсілдерін;
жүк көтеру механизмдерінің құрылымын және оларды пайдалану тәртібін;
такелаж ісі негіздерін;
жөнделген және құрастырылған тораптар мен аппараттарды тексеру тәртібін.
121. Жұмыс үлгілері:
1) ауамен суыту аппараттары - редукторды бөлшектеу;
2) ұстын типіндегі аппараттар – жөндеу, ішкі құрылғыларын құрастыру, қақпақтар мен ұштарды алу және орнату;
3) жылу ауыстырғыш аппараттар – құрастыру;
4) грануляторлар, кристаллизаторлар, араластырғыштар, сүзгілер - бөлшектеу, жөндеу және құрастыру;
5) поршеньді компрессорлар - цилиндрлерді, коленвалды, крейцкопф торабын, клапандарды, поршеньдерді бөлшектеу, жөндеу және құрастыру;
6) ортадан тепкіш компрессорлар – роторды бөлшектеу, подшипниктер тісті муфталарды жөндеу;
7) ортадан тепкіш, қос корпусты және көп сатылы жұмыс доңғалақтарының саны төртеуден артық насостар - бөлшектеу;
8) құбырлы пештер – құбырбаларын, екіліктерін ауыстыру;
9) реакторлар – фонарьді ауыстыру, ұштарын алу,аймақтық термобу қалтасын алу және орнату, тығыздау және муфта қоспасы торабын құрастыру;
10) редукторлар - жөндеу, құрастыру және реттеу.
54-параграф. Технологиялық қондырғыларды жөндеу жөніндегі слесарь, 5-разряд
122. Жұмыс сипаттамасы:
ерекше күрделі қондырғылардың машиналарын, аппараттарын, құбырларын, арматурасын механизмдерді қолдана отырып бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және жөндеуден кейін тапсыру;
6-7 квалитеттер бойынша (1-2 дәлдік сыныбы) бөлшектерді слесарлық өңдеу;
қауырт және тығыз орнау жағдайларында,ы тораптар мен жабдықтарды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру;
жабдықты техникалық куәландыру.
123. Білуге тиіс:
күрделі жабдықтың құрылымы мен конструктивтік ерекшіліктерін;
жабдықты жөндеу, құрастыру және монтаждау кезіндегі технологиялық кезектілікті және еңбекті ұйымдастыруды;
жөндеуде қолданылатын материалдардың барлық түрлерін;
бөлшектердің мерзімінен бұрын тозуын анықтау әдістерін;
машиналарды статикалық және динамикалық теңгермелеуді;
күрделі белгілеу кезіндегі геометриялық құрылыстар;
тозған бөлшектерді қалпына келтіру тәсілдерін;
жоғары қысыммен жұмыс істейтін жабдық пен аппаратураны жөндеу әдістерін.
124. Жұмыс үлгілері:
1) аппараттар – корпусын жөндеу (термоөңдеуді қажет етпейтін), тарелкаларды барботажға тексеру;
2) жаппа, сақтандыру және реттеуші арматура – бөлшектеу, жөндеу, ысқылау, құрастыру және реттеу;
3) желдеткіш ауа жолдары – құрастыру;
4) ауа үрлеуіштер, газ үрлеуіштер мен тығыздауыштар – жөндеу, сынау;
5) компрессорлар, насостар – подшипник ішпектерін және машиналардың өзге де бөлшектерін қыру, сақтандыру және кері клапандарды жөндеу;
6) поршень компрессоры - реттеу және пайдалануға тапсыру;
7) газ моторлы компрессорлар – жөндеу;
8) конденсатор-тоңазытқыштар – секцияларын алу және орнату;
9) шарлы диірмендер, ұнтағыштар, електер, түтін сорғылар, грануляторлар – күрделі жөндеу, сынау, тапсыру;
10) ортадан тепкіш, қос корпусты және көп сатылы жұмыс доңғалақтарының саны төртеуден артық насостар - бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, тапсыру;
11) құбырлы пештер-құбырларды бақылау, ақаудан шығару;
12) реакторлар – жөндеу;
13) гидротазалу, каталитті риформинг, гидрокрекинг және өзге де қондырғылардың жылу ауыстырғыштары (шикізаттық) мен 200 атмосфер жоғары басқа да бөлшектері – жөндеу;
14) центрифугалар – жөндеу.
55-параграф. Технологиялық қондырғыларды жөндеу жөніндегі слесарь, 6-разряд
125. Жұмыс сипаттамасы:
ерекше күрделі бірегей қондырғыларды, машиналарды, аппараттарды, агрегаттарды механизмдерді қолдана отырып жөндеу, монтаждау, демонтаждау, құрастыру, сынау және реттеу;
жабдықты пайдалану кезінде және жөндеу процесінде тексеру кезінде ақауларды анықтау және жою;
жөнделген жабдықтың дәлдігін тексеру және жүктемемен сынау.
126. Білуге тиіс:
ерекше жабдықтың конструктивтік ерекшіліктерін;
ерекше күрделі бірегей жабдықты жөндеуге, сынауға және тапсыруға арналған техникалық шарттарды;
металл технологиясын;
ерекше күрделі және жауапты тораптарды қалпына келтіру әдістерін;
жұмыс істеп тұрған жабдықтың бөлшектеріне, тораптары мен механизмдеріне жол берілетін шекті жүктемені;
жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйелерін.
127. Жұмыс үлгілері:
1) ауамен суыту аппараты – редукторды құрастыру және орталандыру;
2) барабанды вакуум-сүзгі – аралық подшипниктің ішпектерін ауыстыру, планшайбыны жөндеу, таратып бөлу ұштарын реттеу, пайдалануға тапсыру;
3) грануляторлар – бөлшектреді сұрыптау, штоборды, жетек ұшын жөндеу және құрастыру, бас жетек электр қозғағышын, пышақ тірегін орталау;
4) ортадан тепкіш компрессорлар – тығыздамалар мен роторды жөндеу, роторды теңгермелеу, орталандыру, құрастыру;
5) газ моторлы компрессорлар - жеткеру, реттеу, сынау;
6) утилизатор-қазандар – күрделі жөндеу, гидравликалық сынаулар, жоғары қысымды (700 - 2500 атмосфер) құбырларының линзалы тығыздамалары – жөндеу;
7) құбырлы пештер – змеевикті сынау (гидравликалық немесе пневматикалық);
8) реакторлар – корпусын жөндеу, гидравликалық сынау;
9) каталитикалық крекинг реакторы - сальник гильзасын, линзалы компенсатор мен қысымды тіреудің тік учаскесін, сепарациондық тарелке стаканын, бүйір құбырлар мен шықпа коллектор жинауышын ауыстыру;
10) каталитикалық риформинг және гидротазарту реакторы - стаканды, таратып бөлу құрылғыларын, аймақтық термобу қалталарын жөндеу және құрастыру;
11) араластырғышы бар реакторлар – араластырғыштар мен түптерді жоғары қысым реакторына орнату, муфта қоспаларын орталандыру және құрастыру, гидравликалық сынау;
12) каталитикалық крекинга регенераторы - змеевикті, ақаулы учаскелерді, таратып бөлу торын ауыстыру, ауа қорабын дайындау, ақаулы учаскелерді ауыстыру;
13) тіс профилі күрделі планетарлық редукторлар - құрастыру;
14) гидротазалу, каталитті риформинг, гидрокрекинг және басқа да қондырғылардың жылу ауыстырғыштары (шикізаттық) мен 200 атмосфер жоғары өзге де бөлшектері – құрастыру, сынау;
15) кез келген сұйық пен газ құюға арналған жоғары қысымды құбырлары, сондай-ақ гидротазалу, каталитті риформинг, гидрокрекинг құбырлары - жөндеу, құрастыру;
16) бу турбиналары - қалақ, корпус, ротор арасындағы саңылдауларды тексеру, диафрагма, сальник тығыздауыштары, тірек және таяныш подшипниктердегі саңылауларды жасау және белгілеу, орталандыру, реттеу;
17) турбокомпрессорлар - күрделі жөндеу және тапсыру;
18) центрифугалар – валдарды орталандыру, сыртқы тығыздаманы престемелеу және құрастыру, щуптарды құрастыру және бөлшектеу, подшипниктерді, втулкаларды қыру, бөлшектерді бракқа шығару, пайдалануға беру.
128. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.
56-параграф. Технологиялық қондырғыларды жөндеу жөніндегі слесарь, 7-разряд
129. Жұмыс сипаттамасы.
ерекше күрделі технологиялық кешендерді, құрама және ірі тоннажды қондырғыларды реттеу және кешенді баптау;
қызмет көрсету және диагностика, оның ішінде жұмыс кезінде және жөндеу кезінде машиналардың діріл диагностикасы;
арнайы күрделі техниканы және жөндеуге арналған жабдықты сынақтан өткізу және реттеу;
жабдықты пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша техникалық құжаттаманы жүргіз;
кешенді технологиялық жүйелер мен қондырғыларды іске қосуда қатысу;
біліктілігі төмен қызметкерлерді басқару.
130. Білуге тиіс:
күрделі технологиялық жүйелер мен қондырғыларды орнату әдістерін;
аса күрделі жабдықтың конструктивті ерекшеліктерін;
ерекше күрделі жабдықты жөндеуге, сынауға және пайдалануға тапсыруға арналған техникалық құжаттаманы;
металл технологиясын;
рұқсат және түсіру жүйесін;
мұнай өңдеу кәсіпорындарының жабдықтарын жоспарлы-алдын ала жөндеудің заманауи металлопласттары мен өзге де жүйелерін.
131. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.
57-параграф. Технологиялық насостар машинисі, 2-разряд
132. Жұмыс сипаттамасы:
насос стансаларына және магистралді құбырларында, қайта жөнелту базалары мен мұнайды қайта өңдеуші кәсіпорындарындағы мұнайды, мұнай өнімдері мен басқа да қоймалжың сұйықтарды қайта айдау және дайындау жөніндегі қондырғыларға қызмет көрсету;
насостардың жұмысын, майлау, суыту және желдету жүйелерін, құбырларының, жаппалардың, бақылау-өлшеу аспаптарының жарамдылығын қадағалау;
насос стансасының технологиялық байламы сызбасын жұмысқа дайындау;
біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен қайта айдалатын өнімдердің ағуын жою;
сальниктерді қағу және салмаларды ауыстыру;
насостарды қосу, тоқтату және сүрту;
жаппаларды ашу және жабу;
сынама алу.
133. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін сорғы станциясының схемасын;
насостардың жұмыс істеу принципін;
насостардың және олардың құбырларының сипаттамасын;
техникалық пайдалану тәртібін;
механизмдерді майлау тәртібін;
айдалатын сұйықтардың қасиеттерін;
жаппа арматура мен сақтандыру құрылғыларының орналасуын.
58-параграф. Технологиялық насостар машинисі, 3-разряд
134. Жұмыс сипаттамасы:
сорғылардың жалпы өнімділігі сағатына 500 текше метрге дейінгі магистральдық құбыржолдарда немесе ауыстырып тиеу мұнай базаларында мұнайды, мұнай өнімдерін және өзге де тұтқыр сұйықтықтарды айдау және дайындау жөніндегі сорғы станцияларына қызмет көрсету;
жиынтық өнімділігі сағатына 1000 текше метрге дейінгі мұнай және газ өңдеу кәсіпорындарының сорғы технологиялық қондырғыларына қызмет көрсету;
сорғы станцияларында және магистральдық құбырлардың технологиялық қондырғыларында, ауыстырып тиеу мұнай базаларында және мұнай өңдеу кәсіпорындарында жалпы қуаты 500 киловатқа дейінгі электр қозғалтқыштарымен бірлесіп сорғыларға қызмет көрсету;
бақылау-өлшеу аспаптары бойынша электр қозғалтқыштардың жүктемесін, сорғылар мен құбыржолдардағы жұмыс қысымын, автоматика аспаптарының жұмысын, майлау, салқындату және желдету жүйелерін, тарату құрылғыларын, тиек арматурасын бақылау;
электр қозғағыштарды қосу және тоқтату;
подшипниктерде майдың болуын тексеру;
подшипниктерді бөлшектеу, жуу, сүрту;
сақтандырғыштарды ауыстыру;
айдалатын өнімнің ысырабын жою;
электр жабдығын жөндеу жөніндегі слесарь жұмыстарын орындау;
жабдықтың жұмыс режимін қадағалау.
135. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін сорғы станциясының, технологиялық қондырғының, тауар паркінің, тұзақ шаруашылығының технологиялық процесі мен схемасын;
бақылау-өлшеу аспаптарының, реттеуіштер мен механикаландыру құралдарының мақсаты мен қолданылуын;
электротехника негіздерін;
гидравлика және механика бойынша қарапайым мәліметтерді;
жабдық жұмысындағы ақауларды жою және аварияларды жою тәсілдерін;
шартты сигнал беру жүйесін;
электр жабдығын техникалық пайдалану тәртібін;
ток қабылдағыштар мен желілерге қызмет көрсету кезіндегі қауіпсіздік тәртібін;
электр материалдарының түрлерін, олардың қасиеттері мен қолданылуын;
электр қондырғыларын жерге қосу жүйесін;
электрмен жабдықтау схемасын;
қосу құрылғылары мен таратып бөлу щиттерін;
трансформатор майларының мақсаты мен қасиеттерін;
электр қозғағыштары мен электр аспаптарын қыздырудың шекті температурасы мен жүктемесін;
слесарлық ісін.
Электр қозғағыштары мен таратып бөлу құрылғыларымен қызмет көрсету кезінде III топтағы рұқсаты болуға тиіс.
59-параграф. Технологиялық насостар машинисі, 4-разряд
136. Жұмыс сипаттамасы:
магистральдық құбырларда немесе сорғылардың жалпы өнімділігі сағатына 500-ден 1000 текше метрге дейін тиейтін мұнай базаларында мұнайды, мұнай өнімдерін және өзге де тұтқыр сұйықтықтарды айдау және дайындау жөніндегі сорғы станцияларына қызмет көрсету;
сорғылардың жиынтық өнімділігі сағатына 1000-нан 3000 текше метрге дейінгі мұнай және газ өңдеу кәсіпорындарында сорғы технологиялық қондырғыларына қызмет көрсету;
сорғы станцияларында және магистральдық құбырлардың технологиялық қондырғыларында, ауыстырып тиеу мұнай базаларында және мұнай өңдеу кәсіпорындарында жалпы қуаты 500-ден 3000 киловатқа дейінгі электр қозғалтқыштарымен бірлесіп сорғыларға қызмет көрсету;
ауамен суыту аппараттарының алкилирлеу қондырғылары контактор жетектеріне қызмет көрсету;
насос шықпасының берілген қысымын бақылау;
біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен трансформаторлық қосалқы станцияларға қызмет көрсету;
журналға жазба жүргізу.
137. Білуге тиіс:
орталықтан тепкіш, поршеньді сорғылардың және әртүрлі жүйелер мен қысымдағы турбонасостардың құрылысы және пайдалану тәртібін;
жаппа арматуралы құбырларының, құдықтар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен орналасуын;
насос стансасының барлық жабдығын қосу және тоқсату тәртібін;
апаттың алдын алу тәртібін;
насос стансасы жұмысының есебін жүргізуді;
слесарлық ісін.
Электр қозғағыштары мен таратып бөлу құрылғыларын қызмет көрсету кезінде IV топтағы рұқсаты болуға тиіс.
60-параграф. Технологиялық насостар машинисі, 5-разряд
138. Жұмыс сипаттамасы:
сорғылардың жалпы өнімділігі сағатына 1000-нан 3000 текше метрге дейінгі магистральдық құбыржолдары мен ауыстырып тиеу мұнай базаларында мұнайды, мұнай өнімдерін және басқа да тұтқыр сұйықтықтарды айдау және дайындау жөніндегі сорғы станцияларына қызмет көрсету;
сорғылардың жиынтық өнімділігі сағатына 3000 текше метрден астам мұнай және газ өңдеу кәсіпорындарында сорғы технологиялық қондырғыларына қызмет көрсету;
сорғы станцияларында және магистральдық құбырлардың технологиялық қондырғыларында, ауыстырып тиеу мұнай базаларында және мұнай өңдеу кәсіпорындарында жалпы қуаты 3000 киловаттан жоғары электр қозғалтқыштарымен бірлесіп сорғыларға қызмет көрсету;
басқару қалқанына қызмет көрсету;
тарату құрылғыларының трансформаторлық қосалқы станцияларына қызмет көрсету.
139. Білуге тиіс:
әртүрлі жүйелердегі қозғалтқыштармен және сорғылармен жарақтандырылған сорғы станциялары мен жоғары қуатты технологиялық қондырғылар жабдықтарының құрылғысын және пайдалану тәртібін;
гидравлика, механика, автоматика, телемеханика негіздерін;
сорғы станциясының жұмысындағы ақауларды анықтау және жою әдістері мен тәсілдерін;
сорғы станцияларының жұмысын есепке алуды жүргізу тәртібі мен нысандарын;
слесарлық іс.
Электр қозғағыштары мен таратып бөлу құрылғыларын қызмет көрсету кезінде V топтағы рұқсаты болуға тиіс.
61-параграф. Технологиялық насостар машинисі, 6-разряд
140. Жұмыс сипаттамасы:
жалпы өнімділігі сағатына 3000 текше метрден астам магистральдық құбыржолдары мен ауыстырып тиеу мұнай базаларында мұнайды, мұнай өнімдерін және басқа да тұтқыр сұйықтықтарды айдау және дайындау жөніндегі сорғы станцияларына қызмет көрсету;
сорғы станциясының барлық жабдықтарын іске қосу, жұмыс режимін реттеу және тоқтату;
сорғы жабдығының жұмысындағы ақауларды анықтау, алдын алу және жою;
біліктілігі анағұрлым төмен машинистің жұмысына басшылық ету.
141. Білуге тиіс:
станцияның жоғары қуатты сорғылары мен электр қозғалтқыштарын және қосалқы жабдықтарын пайдалану тәртібін, құрылымдық схемаларын;
жоспарлы-алдын ала жөндеудің мерзімдері мен тәртібін;
жабдықты жөндеуге арналған ақаулы ведомостарды жасау;
қызмет көрсетілетін сорғы станциясының сорғыларын, қозғалтқыштарын, бақылау-өлшеу аспаптарын және өзге де тетіктерін тексеру.
Электр қозғағыштары мен таратып бөлу құрылғыларын қызмет көрсету кезінде V топтағы рұқсаты болуға тиіс.
Жалпы өнімділігі сағатына 3500 текше метрден астам мұнай өнімдерін және басқа да тұтқыр сұйықтықтарды айдау және дайындау жөніндегі сорғы станцияларына қызмет көрсету кезінде - 7-разряд.
142. 6 және 7-разрядтарды беру үшін техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім талап етіледі.
3-тарау. Технологиялық жабдықтар мен өндірістердің санаттар бойынша тізбесі
143. Технологиялық жабдықтар мен өндірістердің санаттар бойынша тізбесі БТБА-ның (34-шығарылым) 1-қосымшасында келтірілген.
4-тарау. Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші
144. Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші БТБА-ға (34-шығарылым) 2- қосымшада көрсетілген.
145. 2012 жылғы қолданыстағы БТБА (34-шығарылым) бойынша кәсіптердің атаулары көрсетілген және осы БТБА-да (34-шығарылым) көзделген кәсіптердің атауларының тізбесі 3-қосымшасында келтірілген.
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік- біліктілік анықтамалығына (34-шығарылым) 1-қосымша |
Технологиялық жабдықтар мен өндірістердің санаттар бойынша тізбесі
6-разрядтағы технологиялық қондырғылар операторлары қызмет көрсететін І санатты қондырғылар:
А. Мұнайды қайта өңдеу
1. Өнімділігі тәулігіне 3000 тоннадан астам атмосфералық-вакуумді (құбырлы) қондырғылар.
2. Вакуумділер (құбырлы).
3. Қуаты тәулігіне 4500 тоннадан астам атмосфералық-вакуумді (құбырлы) қондырғылар.
4. Қуаты тәулігіне кемінде 3200 тоннадан астам дистилляторларды бір мезгілде сілітлеуші атмосфералық (құбырлы) қондырғылар.
5. "ЛК-6У" типті қондырғысы.
6. Термиялық крекинг.
7. Kpeкинг (құрамалы қондырғы).
8. Жылжымайтын катализаторы бар каталитикалық крекинг.
9. Жылжымалы катализаторы бар каталитикалық крекинг.
10. "ГК-3" типті құрамалы қондырғысы.
11. Каталитикалық риформинг.
12. Бензинді каталитикалық реформалау және дизель отынын гидро тазалау құрамалы қондырғысы ("ЖЕКСА").
13. Пиролиз қондырғысы.
14. Ксилол (параксилол және ортоксилола) өндіру қондырғысы.
15. Гидротазалау қондырғысы.
16. Мөлдір мұнай өнімдерін карбамидті тазарту.
17. Құрамалы типтік емес қондырғы ("ЭЛОУ" мұнай айдаумен ұштастырылған) өнімділігі тәулігіне 1000 тоннадан астам.
18. Гидрокрекинг.
19. Мұнай мен газды кешенді дайындау құрамалы қондырғылары.
20. "Майли" жартылай үздіксіз термиялық кокстеу.
Б. Газды өңдеу және тазарту
21. Газофракциондаушы, абсорбциялық-газды фракциондаушы және майды абсорбциондаушы қондырғылар.
22. Газды ыдырату және бөлу қондырғылары.
23. Газды мышьяк-сода және мыс-аммиак ерітіндісімен тазартатын қондырғылар.
24. Газды конверсиялау.
25. Синтез өнімдерін қалдық газдан бөлу қондырғысы.
26. Газ бен конденсатты бірлесіп өңдейтін құрамалы қондырғылар.
27. Гелий шығаратын қондырғылар.
28. Газ конденсатын тұрақтандыру және тұрақсыз бензинді фракциондау қондырғылар.
29. Газды күкірт қоспасынан тазалаушы және кептіруші қондырғы.
30. Аммиакты, пропанды және этанды тоңазыту қондырғылар.
31. Қатты абсорбенттегі меркаптандарды газдан тазарту қондырғысы.
32. Элементарлы күкірт алу қондырғысы.
33. Конденсатты күкірт сутегін қайта өңдеу қондырғысы.
34. Жеңіл көміртегінің кең фракциясын алу қондырғысы.
35. Азот-қышқылды қондырғы.
36. Конденсатты күкірт сутегін тұрақтандыру, пропан-бутан фракциясын меркаптандардан сілтімен тазарту және пропанохладоагент алу қондырғысы.
37. Күкіртті қиыршықтау қондырғысы.
38. Күкіртті дегазациялау, сақтау және жөнелту қондырғысы.
39. Ұшпа газдарды "Клин-эйр" әдісімен тазалау қондырғысы.
40. Ұшпа газдарды сульфрен әдісімен тазалау қондырғысы.
41. Аминді сүзу және сақтау қондырғысы.
42. Моноэтиленгликолді регенерациялау және сақтау қондырғысы.
43. Күкіртті сұйық ақпаларды және белсенді көмірді жағу қондырғысы.
44. Өнеркәсіптік ағындарды қабаттарға сіңіру қондырғысы.
45. Жасанды суықты қолдана отырып, тәулігіне сағатына 10 миллион текше метрден астам жиынтық қуаты бар газды диэтаноламинмен кептіру және тазарту қондырғысы.
В. Жоғары октанды қоспалар мен синтетикалық өнімдерді жасау
46. Күкірт қышқылымен, хлорлы алюминиймен және ортофосфорлы қышқылмен алкилирлеу.
47. Октол жасау.
48. Гидрирлеу және дегидрирлеу (жұпарландыру).
49. Парофазалы гидрирлеу (кемінде екі блокты).
50. Көмірқышқылдарын синтездеу және экстракциялау.
51. Эталонды отын, дербес көмірқішқылдар мен жоғары спиртті жасау.
52. Формалинді жасау.
53. "ЛИ-150" бензинді фракцияларды изомеризациялау қондырғысы.
Г. Май, жақпа мен май присадкаларды жасау
54. Деасфальттау.
55. Фенолмен және басқа да еріткіштермен селективті тазалау.
56. Майларды депарафинизациялау.
57. Майларды карбамидпен депарафинизациялау.
58. Синтетикалық шайыр жасау.
59. Синтетикалық майлы қышқылдар жасау.
60. Қуаты айына 20 мың тонна астам контактілі сүзу қондырғысы.
61. Кемінде 10 пісіру аппаратына қызмет көрсету кезіндегі жақпа жасау.
62. Өнімділігі айына 20 мың тоннадан кем арнайы майларды түйіспелі тазалау бойынша типтік емес құрамдастырылған қондырғы.
63. Арнаулы майлар мен "АМТ-300" хош иісті май жылу жеткізгіші жасау.
Д. Катализатор жасау
64. Ауысым бастығысыз жұмыс кезіндегі барлық катализаторлар жасау.
65. Резинаның тозудан сақтауыш жасау.
Е. Газ, жартылай кокс, сланецті, газдандыру және жартылай кокстеу өнімдері жасау.
66. Газ генераторлы станциялар мен цехтар.
67. Камералы пештер.
68. Көмірді жартылай кокстеу пештері.
69. Сланецті бензинді термиялық қайта өңдеу.
70. Фенолды және көмірқышқыл қоспаларын ректификациялау.
Ж. Өзге де өндірістер
71. Ішінара үздіксіз және контактілі кокстеу.
72. Қондырғы құрамында газды тазарту бөлімшесі болғанда, көміртегі конверсиясымен сутегін алу.
73. Өнімділігі жылына 12000 тонна және одан жоғары қондырғылардағы құю бекіткішін жасау.
74. Парафин жасау.
75. Тәжірибелік және жартылай өнеркәсіптік қондырғылар.
76. Жуу заттары жасау.
77. Рафинирлендірілген алкиларилсульфонат жасау.
78. Дитолилметан алу қондырғысы.
79. Элементарлы күкірт жасау.
80. "Мерокс" бензинін демеркаптанизациялау қондырғысы.
81. Синтетикалық майлы спирт жасау.
82. Көмір мен жартылай коксті дайындау және сыныптау қондырғысы.
83. Пластификатор жасау.
84. Сұйық гелий жасау.
85. Газ қоспасы жасау.
5-разрядтағы технологиялық қондырғылар операторлары қызмет көрсететін ІІ санатты қондырғылар:
А. Мұнайды қайта өңдеу.
1. Электр тұзсыздандыру және термотұзсыздандыру қондырғылары.
2. Қуаты тәулігіне 1000 тоннадан 3000 тоннаға дейін атмосфералық-вакуумдық (құбырлы) қондырғылар.
3. "Борман" құрамалы қондырғысы.
4. Ректификациялау және азеотропты қайта айдау.
5. Мөлдір мұнай өнімдерін тазалау және сілтілеу.
6. Қуаты тәулігіне 1000 тоннадан астам мұнай мен дистилляттарды тұрақтандыру.
7. Қуаты тәулігіне кемінде 4500 тонна атмосферлық (құбырлы) қондырғылар.
8. Қайталап айдау және нақты ректификациялау
9. Қуаты тәулігіне кемінде 3200 тонна дистилляторларды бір мезгілде сілітлеуші атмосфералық (құбырлы) қондырғылар.
10. "Баджер" жүйелі вакуумді қайта айдау.
Б. Газды қайта өңдеу және тазалау.
11. Бензинді ұстау және газды кептіру.
12. Газды: натрий фенолятымен, моноэтаноламинмен тазалау қондырғысы.
13. Газ бензинін жасау.
14. Магистральдық газ құбырларында өнімділігі тәулігіне 10 миллион текше метрден астам газды физикалық қоспалардан тазарту және кептіру қондырғысы.
15. Газ конденсаты тұрақтандыру және бензинді қайталама айдайтын "22/4" үлгісіндегі қондырғылар.
16. Тұрақсыө бензин мен газ конденсатын тұрақтандыру қондырғылары.
17. Май абсорбциондық газды бензиннен айыратын қондырғылар.
18. Төмен температуралы конденсациялау ("ТТК") қондырғылары.
19. Диэтанизацялау қондырғылары.
20. Сұйытылған газды сақтау және тасымалдау қондырғылары.
В. Жоғары октанды қоспалар мен синтетикалық өнім жасау.
21. Фосфор қышқылды катализатор көмегімен алкилирлендіру.
22. Полимеризациялау.
23. Изооктиленді гидрирлендіру.
24. Синтез өнімін гидрирлендіру.
25. Церезинді қышқылдандыру.
Г. Май, жақпалар мен май присадкалары жасау
26. Қышқылды-сілтілі тазарту.
27. Аппаратура қысыммен жұмыс істеген кезде сілтімен тазарту.
28. Қышқылдандыру қондырғыларында 10-нан кем пісіру аппаратына қызмет көрсету кезінде жақпа жасау.
29. Балауыз өнімі мен церезин жасау.
30. Қуаты айына 20 мың тоннадан кем контактілі сүзгілеу қондырғысы.
31. Жақпа шығару зауыттарының қышқылдандыру қондырғысы.
Д. Катализатор жасау
32. Жұқа күкіртті тазалауға арналған тазарту массасы жасау.
33. Аэрогель жасау.
Е. Газ, жартылай кокс жасау, сланецті, газдандыру және жартылай кокс өнімдерін қайта өңдеу.
34. Шайыр және синтез өнімін конденсациялау және ұстап қалу.
35. Шайырды термотұзсыздандыру және қайта айдау.
36. Фенол және оттегі қоспаларын алу.
37. Шайыр, желім, қатырушы және сланец шикізатынан алынатын өзге де өнімдер жасау.
38. Туннель пештері мен қатты жылужеткізгіші бар сланецті қайта өңдеу.
Ж. Өзге де өндірістер.
39. Өнімділігі сағатына 2000 текше метрден астам инертті газ орнату.
40. Коксті кубтарда жасау.
41. Контакті жасау (ақ, бейтараптандырылған қара және "Петров" контактісі).
42. Қуаты жылына 100 мың тонна қондырғыларда битум жасау.
43. Сланцебитум жасау.
44. Азолят жасау.
45. Кез келген өнімділіктегі құйма бекіткішті компаудирлеу арқылы орнату.
46. Рубракс жасау.
47. Қышқыл гудронды регенерациялау, сілті қалдықтарын майландыру және қышқылдату.
48. Жұмысталған балшықты регенерациялау.
49. Жоғары қычсым алаңындағы трансформатор майын электрмен тазарту.
50. Көбік құрауыш жасау.
51. Күкіртқышқылды тазалау.
52. Химиялық лас суларды жағу қондырғысы.
53. Шикізатты дайындау және өнімді босату қондырғысы.
3-4-разрядтағы технологиялық қондырғылар операторлары қызмет көрсететін ІІІ санатты қондырғылар:
А. Мұнайды қайта өңдеу
1. Мұнайды қондырғыларда тәулігіне 1000 тонна дейін қайта өңдеу.
Б. Газды қайта өңдеу және тазарту
2. Трикалий газын фосфатпен тазарту, сумен немесе сілті ерітіндісімен, батпақты кенді жуу, жұқа күкіртсіздендіру қондырғылары.
3. Газды тазарту, кептіру жітілендіру қондырғысы.
4. Газды физикалық қоспалардан тазарту қондырғылары және оның өнімділігі тәулігіне 10 миллион текше метрден кем құрғату.
5. Көмірді адсорбциондау қондырғылары.
Г. Май, жақпа және май присадкалары жасау
6. Аппаратураның қалыпты қысыммен жұмысы кезінде майды сілтілеп тазарту.
7. Май мен газды вакуумді айдау.
Ж. Өзге де өндірістер
8. Мылонафт және асидолмылонафт жасау.
9. Азот алу.
10. Өнімділігі сағатына 2000 текше метрден кем инертті газ алу қондырғысы.
11. Ағартушы балшықты (барлық бөлімшелерге қызмет көрсету кезінде) ұнтақтау және белсендіру.
12. Мұнай өсіргіш заттарды жасау қондырғысы ("МӨЗ").
13. Қуаты жылына 100 мың тонна кем қондырғыларда битум жасау.
14. Сульфофрезол жасау.
15. Петролатум мен майды сульфаттау.
16. Мазутты құрғақ сілтілендіру.
17. Нафтылы қышқылдарды дистилляциялау (дистиллирендірілген асидол шығару).
18. Газды таратып бөлу және газ өлшеу пункттері.
19. Компрессор цехының тоңазытқыш қондырғылары.
20. ("КФК") катализаторын жасау қондырғысы.
21. Майлы гидрогенизатты күкіртті сутегінен, бай газдарды аммиактан үрлеп алу, сілтілендіру және сулы жуу мен гидрогенизатты сепарациялау.
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік- біліктілік анықтамалығына (34-шығарылым) 2-қосымша |
Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші
Р/с № | Кәсіптің атауы | Разряд диапазоны | Беті |
1. | Аспапшы | 2-6 | 3 |
2. | Газ тарату станциясының операторы | 4-6 | 6 |
3. | Желілік аралап қараушы | 3-4 | 7 |
4. | Желілік құбыршы | 2-7 | 8 |
5. | Жерасты газ генераторларының операторы | 5-6 | 12 |
6. | Жерасты құбырларын коррозиядан қорғау жөніндегі монтер | 4-7 | 13 |
7. | Кокс тазалаушы | 3 | 16 |
8. | Кокс түсіруші | 3 | 16 |
9. | Конденсатты жинау және тазарту жөніндегі оператор | 3 | 17 |
10. | Магистральдік газ құбырларының операторы | 4 | 17 |
11. | Мұнай айдау станциясының операторы | 5-7 | 18 |
12. | Мұнай базаларының жабдығын жөндеу жөніндегі электр слесарі | 3-6 | 19 |
13. | Мұнай құятын сыйымдылықтарды қараушы | 3-4 | 22 |
14. | Мұнай мен мұнай өнімдерінің сапасын бақылаушы | 4 | 23 |
15. | Отынды мотормен сынау жөніндегі машинист | 3-6 | 23 |
16. | Пешті толтырушы және босатушы | 3-4 | 26 |
17. | Планиметрист | 4 | 28 |
18. | Таратып бөлу мұнай базалары жабдығының машинисі | 3-6 | 28 |
19. | Тауар операторы | 2-6 | 30 |
20. | Технологиялық компрессор машинисі | 4-6 | 36 |
21. | Технологиялық қондырғы операторы | 2-6 | 37 |
22. | Технологиялық қондырғыларды жөндеу жөніндегі слесарь | 2-7 | 40 |
23. | Технологиялық насостар машинисі | 2-7 | 46 |
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік- біліктілік анықтамалығына (34-шығарылым) 3-қосымша |
2012 жылғы қолданыстағы (34-шығарылым) БТБА бойынша кәсіптердің атаулары көрсетілген және осы (34-шығарылым) БТБА-да көзделген кәсіптердің атауларының тізбесі
р/с № | Осы БТБА (34-шығарылым) көзделген кәсіптердің атаулары | Разрядтар диапазоны | 2012 жылғы басылымы қолданыстағы БТБА (34-шығарылым) бойынша кәсіптердің атаулары | Разрядтар диапазоны |
1. | Аспапшы | 2-6 | Аспапшы | 2-6 |
2. | Газ тарату станциясының операторы | 4-6 | Газ тарату станциясының операторы | 4-6 |
3. | Желілік аралап қараушы | 3-4 | Желілік аралап қараушы | 3-4 |
4. | Желілік құбыршы | 2-7 | Желілік құбыршы | 2-5 |
5. | Жерасты газ генераторларының операторы | 5-6 | Жерасты газ генераторларының операторы | 5-6 |
6. | Жерасты құбырларын коррозиядан қорғау жөніндегі монтер | 4-7 | Жерасты құбырларын коррозиядан қорғау жөніндегі монтер | 4-6 |
7. | Кокс тазалаушы | 3 | Кокс тазалаушы | 3 |
8. | Кокс түсіруші | 3 | Кокс түсіруші | 3 |
9. | Конденсатты жинау және тазарту жөніндегі оператор | 3 | Конденсатты жинау және тазарту жөніндегі оператор | 3 |
10. | Магистральдік газ құбырларының операторы | 4 | Магистральдік газ құбырларының операторы | 4 |
11. | Мұнай айдау станциясының операторы | 5-7 | жоқ | нет |
12. | Мұнай базаларының жабдығын жөндеу жөніндегі электр слесарі | 3-6 | Мұнай базаларының жабдығын жөндеу жөніндегі электр слесарі | 3-6 |
13. | Мұнай құятын сыйымдылықтарды қараушы | 3-4 | Мұнай құятын сыйымдылықтарды қараушы | 3-4 |
14. | Мұнай мен мұнай өнімдерінің сапасын бақылаушы | 4 | Мұнай мен мұнай өнімдерінің сапасын бақылаушы | 4 |
15. | Отынды мотормен сынау жөніндегі машинист | 3-6 | Отынды мотормен сынау жөніндегі машинист | 3-6 |
16. | Пешті толтырушы және босатушы | 3-4 | Пешті толтырушы және босатушы | 3-4 |
17. | Планиметрист | 4 | Планиметрист | 4 |
18. | Таратып бөлу мұнай базалары жабдығының машинисі | 3-6 | Таратып бөлу мұнай базалары жабдығының машинисі | 3-5 |
19. | Тауар операторы | 2-6 | Тауар операторы | 2-6 |
20. | Технологиялық компрессор машинисі | 4-6 | Технологиялық компрессор машинисі | 4-6 |
21. | Технологиялық қондырғы операторы | 2-6 | Технологиялық қондырғы операторы | 2-6 |
22. | Технологиялық қондырғыларды жөндеу жөніндегі слесарь | 2-7 | Технологиялық қондырғыларды жөндеу жөніндегі слесарь | 2-6 |
23. | Технологиялық насостар машинисі | 2-7 | Технологиялық насостар машинисі | 2-6 |