Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 159 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 желтоқсанда № 21935 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 1-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың көшірмесін мәлімет үшін мүдделі мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасы Бас прокуратураcының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және оларға теңестірілген прокурорларға, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Г. Нурдаулетов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2020 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 159 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы орталықтандырылған деректер есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" 2014 жылғы 10 қазандағы № 114 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9869 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 24 қарашада жарияланған);

      2) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының әкімшілік-құқықтық статистика саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 21 қазандағы № 126 бұйрығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12299 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 қарашада жарияланған);

      3) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2020 жылғы 2 шілдедегі № 82 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтары Тізбесінің 7-тармағы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20920 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 8 шілдеде жарияланған).

О признании утратившими силу некоторых приказов Генерального Прокурора Республики Казахстан

Приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 24 декабря 2020 года № 159. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 декабря 2020 года № 21935

      Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2021 года.

      В соответствии с пунктом 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Признать утратившими силу некоторые приказы Генерального Прокурора Республики Казахстан согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан (далее – Комитет) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Генеральной прокуратуры Республики Казахстан.

      3) направление копии настоящего приказа для сведения заинтересованным государственным органам, руководителям структурных подразделений Генеральной прокуратуры Республики Казахстан, прокурорам областей, городов республиканского значения, столицы и приравненным к ним, а также территориальным органам Комитета.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Председателя Комитета.

      4. Настоящий приказ подлежит официальному опубликованию и вводится в действие с 1 января 2021 года.

      Генеральный Прокурор
Республики Казахстан
Г. Нурдаулетов

  Приложение к приказу
Генерального Прокурора
Республики Казахстан
от 24 декабря 2020 года № 159

Перечень утративших силу некоторых приказов Генерального Прокурора Республики Казахстан

      1) приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 10 октября 2014 года № 114 "Об утверждении Инструкции по формированию централизованного учета данных об административных правонарушениях и лицах, их совершивших" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 9869, опубликован 24 ноября 2014 года в информационно-правовой системе "Әділет");

      2) подпункт 2) пункта 1 приказа Генерального Прокурора Республики Казахстан от 21 октября 2015 года № 126 "О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Генерального Прокурора Республики Казахстан в сфере административно-правовой статистики" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 12299, опубликован 26 ноября 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет");

      3) пункт 7 Перечня некоторых приказов Генерального Прокурора Республики Казахстан в сфере правовой статистики и специальных учетов, в которые вносятся изменения и дополнение, утвержденного приказом исполняющего обязанности Генерального Прокурора Республики Казахстан от 2 июля 2020 года № 82 "О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Генерального Прокурора Республики Казахстан в сфере правовой статистики и специальных учетов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 20920, опубликован 8 июля 2020 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов).