Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 03.10.2023 № 84/10-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін және мөлшерін белгілеудің үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1149 тіркелген, 2018 жылдың 11 қаңтарында "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілді:
жоғарыда көрсетілген шешімімен бекітілген Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында (бұдан әрі – Қағида):
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Осы Қағиданың 14, 15, 16, 17-тармақтарында көрсетілген санаттарға жататын азаматтар үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек жылына бір рет көрсетіледі.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Осы Қағиданың 20-тармағында көрсетілген өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек жылына бір рет көрсетіледі.";
37-тармақтағы "(не болмаса алдыңғы)" деген сөздер алып тасталсын;
44-тармақтағы "өтініш" деген сөз алып тасталсын;
52-тармақтың 1) тармақшасыындағы "табысы аз азаматтардың ішінен көп балалы аналар, көп балалы отбасыларға" деген сөздер "табысы аз азаматтардың ішінен көп балалы аналар, көп балалы отбасыларға (аналарға)" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | А. Табулдина |
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты | |
хатшысының міндетін атқарушы | М. Шайдаров |