"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақмола облысында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № А-7/315 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4938 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | Е.Маржикпаев |