"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 3)-тармақшасына, "Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10414 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 28 қазандағы № 01-31/1586, 2020 жылғы 2 қарашадағы № 01-31/1616, 2020 жылғы 3 қарашадағы № 01-31/1632, 2020 жылғы 6 қарашадағы № 01-31/1649, 2020 жылғы 11 қарашадағы № 01-31/1671 ұсыныстары бойынша, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ақмола облысының аумағында орналасқан елді мекендерде белгіленген құс тұмауы жұқпалы ауруының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін карантин тоқтатылсын.
2. "Карантин белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 14 қазандағы № А-10/520 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8077 болып тіркелген, 2020 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | Е.Маржикпаев |
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № А-11/569 қаулысына қосымша |
Құс тұмауы жұқпалы ауруының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін карантин тоқтатылатын Ақмола облысының аумағында орналасқан елді мекендері
№ | Аудандардың атауы | Елді мекендердің атауы |
1. | Ақкөл | Ақкөл қаласы, Кеңес ауылдық округінің Малый Барап ауылы |
2. | Атбасар | Ақан Құрманов ауылдық округінің Қосбармақ ауылы, Сепе ауылдық округінің Есенгелді ауылы |
3. | Бұланды | Никольск ауылдық округінің Никольск ауылы, Вознесенка ауылдық округінің Вознесенка ауылы |
4. | Егіндікөл | Абай ауылы, Спиридоновка ауылы |
5. | Есіл | Свободный ауылдық округінің Свободный ауылы |
6. | Зеренді | Бұлақ ауылдық округінің Қарлыкөл ауылы, Троицк ауылдық округінің Қарсақ ауылы |
7. | Сандықтау | Веселов ауылдық округінің Жыланды ауылы |
8. | Жарқайың | Бірсуат ауылы |
9. | Целиноград | Мәншүк ауылы, Жарлыкөл ауылдық округінің Жалғызқұдық ауылы |
10. | Шортанды | Бектау ауылдық округінің Бектау ауылы |