Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің 08.04.2020 № 30 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына және 50 бабы 2 тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес және Көкшетау қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша кезектен тыс қалалық комиссияның жедел отырысының 2020 жылғы 12 наурыздағы № 2 хаттамасының негізінде, Көкшетау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көкшетау қаласының Вернадский 11 көшесі бойынша орналасқан тұрғын үй ғимаратында авариялық жағдайдың туындау қауіпіне байланысты объектіде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Е.Қ. Әбуев тағайындалсын.
3. Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Е.Қ. Әбуев екі айдың ішінде тұрғын үйді алуға мұқтаж азаматтардың түпкілікті тізімдерін құрастырсын.
Тұрғын үйді алуға мұқтаж азаматтардың түпкілікті тізімдерін құрастыруды аяқтаған соң төтенше жағдайдың нәтижесінде азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша комиссия құрылсын, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген барлық қажетті рәсімдерді есепке ала отырып, қажетті тұрғын үйді пайдалануға енгізу есебімен азаматтарды көшірудің мерзімін анықтасын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешімнің әрекеті 2020 жылдың 12 наурызынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
6. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А.Смаилов |