"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына және 50 бабы 2 тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес және Көкшетау қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша кезектен тыс қалалық комиссияның жедел отырысының 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 5 хаттамасының негізінде, Көкшетау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көкшетау қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Е.Қ. Әбуев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешімнің әрекеті 2020 жылдың 8 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
5. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А.Смаилов |