Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, 27-бабының 1-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, 2021 жылға арналған Степногорск қаласында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, 2021 жылға арналған Степногорск қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, 2021 жылға арналған Степногорск қаласында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.М. Әбіловаға жүктелсін.
5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қаласының әкімі | Е.Баяхметов |
Степногорск қаласы әкімдігінің 2020 жылғы "23" қарашадағы № а-11/518 қаулысына 1-қосымша |
2021 жылға арналған Степногорск қаласында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Ұйымдардың атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (%) |
"ЕПК Степногорск" акционерлік қоғамы | 2329 | 0,2 |
"Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі жанындағы "Степногорск-су арнасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 517 | 0,4 |
Степногорск қаласы әкімдігінің 2020 жылғы "23" қарашадағы № а-11/518 қаулысына 2-қосымша |
2021 жылға арналған Степногорск қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Ұйымдардың атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (%) |
"ЕПК Степногорск" акционерлік қоғамы | 2329 | 0,1 |
"Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі жанындағы "Степногорск-су арнасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 517 | 0,4 |
"Степногорск ЖЭО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 526 | 0,4 |
Степногорск қаласы әкімдігінің 2020 жылғы "23" қарашадағы № а-11/518 қаулысына 3-қосымша |
2021 жылға арналған Степногорск қаласында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Ұйымдардың атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (%) |
"ЕПК Степногорск" акционерлік қоғамы | 2329 | 0,1 |
"Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі жанындағы "Степногорск-су арнасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 517 | 0,2 |
"Степногорск ЖЭО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 526 | 0,6 |