Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Абай ауылы әкімінің 19.11.2020 № 6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Егіндікөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 624 ұсынуы бойынша, Абай ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Құс тұмауы ауруының пайда болуына байланысты, Егіндікөл ауданының Абай ауылы аумағында карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Абай ауылының әкімі | Б.Әбенов |