2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8) және 9) тармақшаларына, 27-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, 2021 жылға арналған Егіндікөл ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, 2021 жылға арналған Егіндікөл ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес, 2021 жылға арналған Егіндікөл ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау осы мәселеге жетекшілік ететін Егіндікөл ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысы Егіндікөл ауданының әкімі |
Е.Исабеков |
Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы "17" қарашадағы № а-11/213 қаулысына 1 қосымша |
2021 жылға арналған Егіндікөл ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (%) |
1 | Егіндікөл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы "Егіндікөл аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 32 | 3,1 |
Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы "17" қарашадағы № а-11/213 қаулысына 2 қосымша |
2021 жылға арналған Егіндікөл ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (%) |
1 | Егіндікөл ауданы әкімдігінің жанындағы шаруашылық жүргізу кұқығындағы "Егіндікөл Су Арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 25 | 4 |
Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы "17" қарашадағы № а-11/213 қаулысына 3 қосымша |
2021 жылға арналған Егіндікөл ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (%) |
1 | Егіндікөл ауданы әкімдігінің жанындағы шаруашылық жүргізу кұқығындағы "Егіндікөл Су Арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 25 | 4 |