Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімінің 28.04.2021 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Біржан сал ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Біржан сал ауданы әкімінің "Сайлау учаскелерін құру туралы" 2018 жылғы 29 қарашадағы № 8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 6883 тіркелген, 2018 жылы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрдегі жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған шешімнің қосымшасындағы № 251 сайлау учаскесі жаңа редакцияда баяндалсын:
"№ 251 сайлау учаскесі
Орналасқан орны: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Бұланды ауылы, "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесінің Бұланды орманшылығының ғимараты, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 1 құрылыс.
Шекарасы: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Бұланды ауылы, Қарағай ауылы.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Р.Н. Нұрғалиевке жүктелсін.
3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Біржан сал ауданының әкімі | Д.Есжанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесі Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы |