"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.М. Байегізоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Жарқайың ауданының әкімі | М.Балпан |
Жарқайың ауданы әкімдігінің 2020 жылғы "19" мамырдағы № А-5/138 қаулысымен бекітілген |
2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) | |||
мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | ||
1. | Қалалық жердегі толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | 60 | - | 31525 | - |
3 жасқа дейін - 7350 | - |
2. | Ауылдық жердегі толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | 120 | - | 35103 | - |
3 жасқа дейін - 6600 | - |
3. | Ауылдық жердегі жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | 14 | - | 25571 | - |
3 жасқа дейін - 6000 | - |
4. | Жарқайың ауданы Державин қаласының "Солнышко" балабақшасы | - | 85 | - | 30107 | - | 3 жастан 6 жасқа дейін - 10 000 |