Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы Бірсуат ауылы әкімінің 12.11.2020 № 5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Жарқайың ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 01-28-338 ұсынуы бойынша, Бірсуат ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Құс тұмауы ауруының пайда болуына байланысты, Жарқайың ауданының Бірсуат ауылы аумағында карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бірсуат ауылының әкімі | Б.Абенова |