Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 09.06.2022 № а-5/107 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Жақсы ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Жақсы ауданы Новокиенка ауылының және Киев ауылдық округінің әкімшілік шекараларында орналасқан "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына жалпы алаңы 9,3117 гектар жер учаскелерін алып қоймастан үш (3) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жақсы ауданы әкімінің орынбасары Р.Е. Рамазановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жақсы ауданы әкімі | Б.Малгаждаров |
Жақсы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы "04" мамырдағы № а-2/96 қаулысына қосымша |
Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Жақсы ауданында орналасқан жер учаскелерінің қауымдық сервитуты
№ | Жер учаскесiнiң орналасқан жерi | Қауымдық сервитут белгiленген жерлер, гектар | Жер санаты | Оның ішінде: | ||
егістік (гектар) | шабындық (гектар) | жайылым (гектар) | ||||
1 | Новокиенка ауылының әкімшілік шекараларында | 8,1178 | ауыл шаруа шылығы мақсатындағы жерлер | 5,2189 | - | 2,8989 |
2 | Киев ауылдық округінің әкімшілік шекараларында | 1,1939 | ауыл шаруа шылығы мақсатындағы жерлер | 1,1939 | - | - |
Барлығы | 9,3117 | - | 6,4128 | - | 2,8989 |