Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 12.03.2021 № А-3/83 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, пайдалы қазбаларды барлауды жүргізу мақсатында жер учаскесін немесе оның бір бөлігін уақытша пайдалану үшін, Зеренді ауданы Бұлақ ауылдық округінің әкімшілік шекараларында орналасқан жалпы алаңы 176,44 гектар "Қызылту" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесін алып қоймастан 2021 жылғы 13 желтоқсанға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Пайдалы қазбаларды барлауды жүргізу мақсатында жер учаскесін немесе оның бір бөлігін уақытша пайдалану үшін жер учаскесін пайдаланған кезде "Қызылту" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Т. Әленовке жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Зеренді ауданының әкімі | Б.Ғайса |
Зеренді ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № А-12/815 қаулысына қосымша |
Пайдалы қазбаларды барлауды жүргізу мақсатында жер учаскесін немесе оның бір бөлігін уақытша пайдалану үшін, Зеренді ауданы Бұлақ ауылдық округінің әкімшілік шекараларында орналасқан жер учаскесінің қауымдық сервитуты
№ | Жер учаскесінің орналасқан орны | Қауымдық сервитут белгіленген жерлер, гектар | Жер санаты | Оның ішінде: | ||
егістік (гектар) | шабындық (гектар) | жайылымдар (гектар) | ||||
1 | Бұлақ ауылдық округінің әкімшілік шекараларында | 176,44 | Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер | 98,86 | - | 77,58 |