"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес Троицк ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Троицк ауылдық округі әкімінің "Карантин белгілеу туралы" 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8051 болып тіркелген, 2020 жылғы 6 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жариялған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Троицк ауылдық окргінің әкімі | Т.Карабалин |