"Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 – бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 8 қазандағы қорытындысы негізінде, Айдабол ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Зеренді ауданы Айдабол ауылының Придорожная көшесі Ақжол көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Айдабол ауылының әкімі | Н.Водовозов |