Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қорғалжын аудандық мәслихатының "Қорғалжын аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын бекіту туралы" 2017 жылғы 2 мамырдағы № 3/15 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5987 тіркелген, 2017 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қорғалжын аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Н.Баешев |
Қорғалжын аудандық мәслихатының хатшысы |
О.Балгабаев |