2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Шортанды ауданының Бозайғыр, Дамса, Раевка ауылдық округтерінің әкімшілік шекараларында орналасқан "АNT Technology" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалпы алаңы 33,18 гектар жер учаскелерін алып қоймастан қырық сегіз (48) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "АNT Technology" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің орынбасары Қ.Н.Орынбасаровқа жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шортанды ауданының әкімі |
Г.Касенов |
Шортанды ауданы әкімдігінің 2020 жылғы "13" ақпандағы № А-2/31 қаулысына қосымша |
Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Шортанды ауданында орналасқан жер учаскелерінің қауымдық сервитуты
№ | Жер учаскесінің орналасқан жері | Қауымдық сервитут белгіленген жерлер, гектар | Жер санаты |
1 | Бозайғыр ауылдық округінің әкімшілік шекаралары | 19,15 | Темір жол көлігінің жерлері |
2 | Дамса ауылдық округінің әкімшілік шекаралары | 12,08 | Темір жол көлігінің жерлері |
3 | Раевка ауылдық округінің әкімшілік шекаралары | 1,95 | Темір жол көлігінің жерлері |
Барлығы | 33,18 |