Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | О. Уразалин |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы |
|
_____________ С. Қалдығұлова | |
2020 жылғы "____" ___________ |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № 997 қаулысына қосымша |
Ақтөбе облысының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы әкімдігінің 07.11.2023 № 302 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Маршрут атауы | Жол ақысы (бір бағытта, теңгемен) |
1 | Ақтөбе - Алға | 400 |
2 | Ақтөбе - Қайнар | 600 |
3 | Ақтөбе - Маржанбұлақ | 150 |
4 | Ақтөбе - Темірбек Жүргенов | 2000 |
5 | Ақтөбе - Қарауылкелді | 1500 |
6 | Ақтөбе - Бадамша | 700 |
7 | Ақтөбе - Әлімбет | 800 |
8 | Ақтөбе - Ырғыз | 2300 |
9 | Ақтөбе - Қобда | 600 |
10 | Актобе - Мәртөк | 400 |
11 | Ақтөбе - Мәртөк - Жайсаң | 600 |
12 | Ақтөбе - Сарыжар | 200 |
13 | Ақтөбе - Родниковка | 350 |
14 | Ақтөбе - Қаратоғай | 300 |
15 | Ақтөбе - Қандыағаш | 700 |
16 | Ақтөбе - Ембі | 1500 |
17 | Ақтөбе - Ойыл | 1500 |
18 | Ақтөбе - Темір | 850 |
19 | Ақтөбе - Шұбарқұдық | 1500 |
20 | Ақтөбе - Кенкияқ - Саркөл | 2000 |
21 | Ақтөбе - Жаңажол | 2200 |
22 | Ақтөбе - Хромтау | 600 |