Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 "Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 11 мамырдағы № 554 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 мамырда № 7097 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2024 жылғы 30 мамырдағы № 173 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 30.05.2024 № 173 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 "Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5179 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Ай сайынғы әлеуметтік көмек кірісті есепке алмай көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерге 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерiнде;

      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 10 000 (он мың) теңге мөлшерiнде;

      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 10 000 (он мың) теңге мөлшерiнде;

      4) екінші рет некеге тұрмаған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысқа қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне) жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 2 500 (екі мың бес жүз) теңге мөлшерiнде;

      5) 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай әскери қызмет өткерген және тылда жұмыс жасаған азаматтарға жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 2 500 (екі мың бес жүз) теңге мөлшерiнде;

      6) үйде оқитын мүгедек балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне бір мүгедек балаға 5 000 (бес мың) теңге мөлшерiнде;

      7) туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, ай сайын ұсынылатын "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақтөбе облыстық туберкулезге қарсы диспансері" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны берген (жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі, банктегі шотының нөмірі жалғанған) тізімдерге сәйкес, жылына 6 айға амбулаториялық ем алу мерзіміне 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;

      8) адамның иммун тапшылығы вируспен ауыратын балаларға ата-анасының біреуінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде (жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі, банктегі шотының нөмірі жалғанған), Ақтөбе облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінен кем емес мөлшерде.

      Әлеуметтік көмек, егер жоғарыда аталған тұлғалар толық мемлекет қарауында болмаған жағдайда көрсетіледі.";

      16-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) әрбір адамға табыстарын есепке алмай, I, II және III-топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi І, ІІ, ІІІ-топтағы мүгедек балаларға, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға уәкілетті ұйымның тізімдері негізінде;".

      2. "Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді, оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 16 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Ақтөбе қалалық
мәслихатының сессия төрағасы
Т. Хамитов
      Ақтөбе қалалық
мәслихатының хатшысы
С. Шинтасова
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Ақтөбе облысының
жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
      _____________Б. Елеусінова
      2020 жылғы "___" _____

О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 23 ноября 2016 года № 114 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Актобе"

Решение маслихата города Актобе Актюбинской области от 11 мая 2020 года № 554. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 18 мая 2020 года № 7097. Утратило силу решением маслихата города Актобе Актюбинской области от 30 мая 2024 года № 173

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Актобе Актюбинской области от 30.05.2024 № 173 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, с постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", маслихат города Актобе РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата города Актобе от 23 ноября 2016 года № 114 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Актобе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5179, опубликованное 13 января 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде) cледующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Актобе, утвержденных указанным решением:

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Ежемесячная социальная помощь без учета дохода оказывается:

      1) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны на коммунальные услуги, в размере 20 000 (двадцати тысяч) тенге;

      2) лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны на коммунальные услуги в течение 7 месяцев отопительного сезона (с января по апрель, с октября по декабрь) в размере 10 000 (десяти тысяч) тенге;

      3) другим категориям лиц, приравненным по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны на коммунальные услуги в течение 7 месяцев отопительного сезона (с января по апрель, с октября по декабрь) в размере 10 000 (десяти тысяч) тенге;

      4) женам (мужьям) умерших участников Великой Отечественной войны, не вступившим в повторный брак на коммунальные услуги в течение 7 месяцев

      отопительного сезона (с января по апрель, с октября по декабрь) в размере 2 500 (двух тысяч пятьсот) тенге;

      5) гражданам, трудившимся и проходившим воинскую службу в тылу, не менее 6 месяцев в период с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года на коммунальные услуги в течение 7 месяцев отопительного сезона (с января по апрель, с октября по декабрь) в размере 2 500 (двух тысяч пятьсот) тенге;

      6) родителям или законным представителям детей - инвалидов, обучающихся на дому, на одного ребенка-инвалида в размере 5 000 (пяти тысяч) тенге;

      7) гражданам, больным различной формой туберкулеза, согласно списков (с приложением копий документа, удостоверяющего личность, номер счета в банке) государственного коммунального предприятия "Актюбинский областной противотуберкулезный диспансер" на праве хозяйственного ведения государственного учреждения "Управление здравоохранения Актюбинской области" предоставляемых ежемесячно на период амбулаторного лечения, в пределах 6 месяцев в году, в размере 20 000 (двадцати тысяч) тенге;

      8) детям, больным вирусом иммунодефицита человека, на основании заявления одного из родителей или законного представителя (с приложением копий документа, удостоверяющего личность, номер счета в банке), в размере не менее двукратного размера прожиточного минимума по Актюбинской области.

      Социальная помощь оказывается указанным лицам, если они не находятся на полном государственном обеспечении.";

      в пункте 16:

      подпункт 1) изложить в следующей редакции:

      "1) инвалидам I, II и III групп, детям инвалидам до шестнадцати лет, детям-инвалидам с шестнадцати до восемнадцати лет І, ІІ, ІІІ групп, родителям, воспитывающим ребенка инвалида согласно списков уполномоченной организации на каждого человека без учета дохода.".

      2. Государственному учреждению "Аппарат маслихата города Актобе" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Департаменте юстиции Актюбинской области;

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе маслихата города Актобе, после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 16 марта 2020 года.

      Председатель сессии
маслихата города Актобе
Т. Хамитов
      Секретарь маслихата
города Актобе
С. Шинтасова
      СОГЛАСОВАНО:
      Руководитель государственного
учреждения "Управления
координации занятости и
социальных программ
Актюбинской области"
      ___________Б. Елеусинова
      "____"_______2020 года