Аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 маусымдағы № 132 "Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 469 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 қыркүйекте № 7457 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 маусымдағы № 132 "Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5597 тіркелген, 2017 жылы 3 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би аудандық мәслихатының сессия төрағасы
      А. Дошаев
      Әйтеке би аудандық мәслихатының хатшысы
      Е. Тансыкбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды
      үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
      басқармасының басшысы
      _________________________Б. О. Елеусинова
      "____"________________20___ж.

  Әйтеке би аудандық мәслихаттың
  2020 жылғы 14 қыркүйектегі
  № 469 шешіміне қосымша
  Әйтеке би аудандық мәслихатының
  2017 жылғы 9 маусымдағы
  № 132 шешімімен бекітілген

Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары

      1. Осы Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2–3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар), сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Әйтеке би ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақтөбе облысының Статистика департаменті есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Әйтеке би аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Осы Қағидалар Әйтеке би ауданында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.

      4. Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына "Әйтеке би аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен және осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте көрсетіледі.

      5. Үлгілік қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде ЖАО мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      6. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" (бұдан әрі – Ардагерлер туралы Заң) 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек Үлгілік қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      7. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      8. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      Жеңіс күні – 9 мамыр.

      Мүгедектер күні - қазан айының екінші жексенбісі.

      9. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстардың ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі және әлеуметтік көмектің мөлшерлері

      10. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне коммуналдық қызметтерге 8 000 (сегіз мың) теңге мөлшерiнде;

      2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 3 500 (үш мың бес жүз) теңге мөлшерінде;

      3) "Ардагерлер туралы" Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға жылу маусымының 7 ай ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 3500 (үш мың бес жүз) теңге мөлшерінде;

      4) еңбек ардагерлеріне жылу маусымының 7 ай ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 3500 (үш мың бес жүз) теңге мөлшерінде;

      5) үйде оқитын мүгедек балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне, білім беру кезеңіне бір мүгедек балаға 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде "Әйтеке би аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ұсынған тізімдері негізінде;

      6) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, ай сайын ұсынылатын "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Әйтеке би аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынған тізімдері негізінде, жылына алты айға дейінгі амбулаториялық ем алу мерзіміне 10 (он) айлық есептiк көрсеткіш мөлшерінде;

      7) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, I, II, III топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға және оларды ертіп жүруші тұлғаларға, "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша емделуге төленетін жол шығындарын өтеу үшін;

      Әлеуметтік көмек, егер жоғарыда аталған тұлғалар толық мемлекет қарауында болмаған жағдайда көрсетіледі.

      11. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге табыстарын есепке алмай біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      Жеңіс күніне орай:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, 500 000 (бес жүз мың) теңге мөлшерiнде;

      2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;

      3) "Ардагерлер туралы" Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға, 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерiнде;

      4) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына, 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерiнде;

      5) еңбек ардагерлеріне, 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерiнде;

      6) Мұгедектер күніне орай - мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектерге, 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерiнде.

      12. Өмірлік қиын жағдайға тап болған кезде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, 150 000 (жүз елу мың) теңгеден артық емес мөлшерде;

      2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, 100 000 (жүз мың) теңгеден артық емес мөлшерде;

      3) еңбек ардагерлеріне және "Ардагерлер туралы" Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға, 80 000 (сексен мың) теңгеден артық емес мөлшерде;

      4) зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға, 60 000 (алпыс мың) теңгеден артық емес мөлшерде;

      5) мүгедектерге, оның ішінде он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға, 60 000 (алпыс мың) теңгеден артық емес мөлшерде;

      6) саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға, 50 000 (елу мың) теңгеден артық емес мөлшерде;

      7) көп балалы отбасыларға, 140 000 (жүз қырық мың) теңгеден артық емес мөлшерде;

      8) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне, 60 000 (алпыс мың) теңгеден артық емес мөлшерде;

      9) аз қамтылған азаматтарға, 140 000 (жүз қырық мың) теңгеден артық емес мөлшерде;

      10) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, 80 000 (сексен мың) теңгеден артық емес мөлшерде.

      13. Өмірлік қиын жағдайлардағы азаматтарға, егер жолыққан сәттің алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы Ақтөбе облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен бір еседен аспаса әлеуметтік көмек көрсетіледі (кірісі есептелмей әлеуметтік көмек көрсетілетін Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қоспағанда).

      Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар азаматтардың санаттарының қатарына жатқызу үшін төмендегілер негіздемелер болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) жан басына шаққандағы орташа табыстың, өмірлік қиын жағдай туындауына байланысты біржолғы әлеуметтік көмек тағайындау барысында ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселік мөлшерінен аспауы.

      14. Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініштерді қарау мерзімі:

      өмірлік қиын жағдайлар туындаған сәттен бастап алты айдан кеш емес.

      15. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді. 

      16. Қазақстан Республикасының аумағында енгізілген төтенше жағдай кезеңіне біржолғы әлеуметтік көмек 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде бір адамға табыстарын есепке алмай және тек бір санат бойынша көрсетіледі:

      1) мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы I, II және III-топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға уәкілетті ұйымның тізімдері негізінде;

      Әлеуметтік көмек, егер жоғарыда аталған тұлғалар толық мемлекет қарауында болмаған жағдайда көрсетіледі;

      2) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын амбулаториялық ем алып жүрген науқастарға, "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Әйтеке би аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ұсынған тізімдері негізінде;

      3) уәкілетті органның әлеуметтік қызметкерлерімен қызмет көрсететін жалғыз тұратын қарт азаматтарға;

      4) атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы Ақтөбе облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасыларға, арнайы аудандық комиссия бекіткен және ауылдық округ әкімдері ұсынған тізімдері негізінде.

      Әлеуметтік көмек құжаттарсыз көрсетіледі және төтенше жағдай тоқтатылған жағдайда төлем тоқтатылады.

3. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі

      17. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Әйтеке би ауданы әкімдігі бекіткен тізімі бойынша көрсетіледі.

      Азаматтардың кейбір санаттарының әр түрлі атаулы күндер мен мерекелік күндері (санатына байланысты) әлеуметтік көмек алуға құқығы болған жағдайда әлеуметтік көмектің бір түрі көрсетіледі (көлемі бойынша үлкені).

      18. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды тапсырады:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;

      3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат.

      Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.

      19. Осы Қағидалардың 10 тармағының 1) - 6) тармақшаларында көрсетілген адамдарға ай сайынғы әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі, 10 тармағының 7) тармақшасында көрсетілген адамдар өтінішке қоса мынадай құжаттарды тапсырады:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) өініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;

      3) облыстық денсаулық сақтау басқармасы берген белгіленген үлгідегі емделуге арналған жолдама;

      4) жол жүру дерегін растайтын билеттер.

      20. Отбасында екі немесе одан да көп адамдардың ай сайынғы коммуналдық қызметтерді алуға құқығы болған жағдайда әлеуметтік көмек төлемі отбасы мүшелерінің таңдауы бойынша тек біреуіне ғана көрсетіледі.

      21. Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      22. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе ауылдық округтің әкiмi бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.

      23. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша Үлгілік қағидалардағы 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе ауылдық округ әкiмiне жiбередi.

      Ауылдық округ әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкілетті органға жiбередi.

      24. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.

      25. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкілетті орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.

      26. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе ауылдық округ әкiмiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      27. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.

      28. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажетті құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 24 және 25 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      29. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      30. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;

      2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн Әйтеке би аудандық мәслихаты белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      31. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер

      32. Әлеуметтiк көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Әйтеке би ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталғанда.

      Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      33. Бұл ретте дәйексіз мәліметтерді келтіріп заңсыз әлеуметтік көмек тағайындауға әкелгені анықталған жағдайда, әлеуметтік көмек төлеу тағайындалған тұлғаға (отбасына) белгіленген кезеңге тоқтатылады.

      34. Артық төленген сомалар ерiктi қайтаруға жатады, бас тартқан жағдайда - сот арқылы.

5. Қорытынды ереже

      35. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң немесе "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзіледі.

О внесении изменения в решение районного маслихата от 9 июня 2017 года № 132 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Айтекебийском районе"

Решение Айтекебийского районного маслихата Актюбинской области от 14 сентября 2020 года № 469. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 24 сентября 2020 года № 7457

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", статьей 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", Айтекебийский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение районного маслихата от 9 июня 2017 года № 132 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Айтекебийском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5597, опубликованное 3 августа 2017 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде) следующее изменение:

      Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Айтекебийском районе, утвержденные указанным решением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Государственному учреждению "Аппарат Айтекебийского районного маслихата" в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в Департаменте юстиции Актюбинской области.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Айтекебийского районного маслихата
      А. Дошаев
      Секретарь Айтекебийского районного маслихата
      Е. Тансыкбаев
      "СОГЛАСОВАНО"
      Руководитель управления координации
      занятости и социальных программ
      Актюбинской области
      ______________________ Б. О. Елеусинова
      "____"________________20___г.

  приложение к решению
  Айтекебийского районного маслихата
  от 14 сентября 2020 года № 469
  Утвержден решением
  Айтекебийского районного маслихата
  от 9 июня 2017 года № 132

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Айтекебийском районе

      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Айтекебийском районе (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) пункта 1 статьи 56 Бюджетного Кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008года, постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (далее –Типовые правила), и определяют порядок оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.

1. Общие положения

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) - юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услуг субъектов квазигосударственного сектора в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий, услуг субъектов квазигосударственного сектора и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме, осуществляющее государственную регистрацию прав на недвижимое имущество по месту его нахождения;

      2) памятные даты – события, имеющие общенародное историческое, духовное, культурное значение и оказавшие влияние на ход истории Республики Казахстан;

      3) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решением акима Айтекебийского района, по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;

      4) прожиточный минимум – необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемой департаментом статистики Актюбинской области Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      5) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      6) среднедушевой доход семьи (гражданина) – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      7) трудная жизненная ситуация – ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;

      8) уполномоченный орган – государственное учреждение "Айтекебийский районный отдел занятости и социальных программ", финансируемое за счет местного бюджета, осуществляющее оказание социальной помощи;

      9) участковая комиссия – комиссия, создаваемая решением акимов соответствующих административно-территориальных единиц для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью, и подготовки заключений;

      10) предельный размер – утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      3. Данные Правила распространяются на лиц, постоянно проживающих в Айтекебийском районе.

      4. Социальная помощь предоставляется отдельным категориям нуждающихся граждан государственным учреждением "Айтекебийский районный отдел занятости и социальных программ" в порядке, определяемом настоящими Правилами.

      5. Для целей Типовых правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая МИО в денежной или натуральной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее – получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к памятным датам и праздничным дням.

      6. Лицам, указанным статье 16 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан" и в подпункте 2) статьи 10, в подпункте 2) статьи 11, в подпункте 2) статьи 12, в подпункте 2) статьи 13 Закона Республики Казахстан от 6 мая 2020 года "О ветеранах" (далее Закон - О ветеранах), социальная помощь оказывается в порядке, предусмотренном Типовыми правилами.

      7. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно, ежеквартально, 1 раз в полугодие).

      8. Перечень памятных дат и праздничных дней для оказания социальной помощи:

      День Победы – 9 мая.

      День инвалидов – второе воскресенье месяца октября.

      9. Участковые и специальные комиссии осуществляют свою деятельность на основании положений, утверждаемых областными МИО.

2. Перечень категорий получателей социальной помощи и размеры социальной помощи

      10. Ежемесячная социальная помощь без учета дохода оказывается:

      1) ветеранам Великой Отечественной войны на коммунальные услуги в размере, 8 000 (восьми тысяч) тенге;

      2) ветеранам боевых действий на территории других государств, ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны на коммунальные услуги в течение 7 месяцев отопительного сезона (с января по апрель, с октября по декабрь), в размере 3 500 (трех тысяч пятисот) тенге;

      3) другим лицам, на которых распространяется действие Закона "О ветеранах", на коммунальные услуги в течение 7 месяцев отопительного сезона (с января по апрель, с октября по декабрь) в размере 3500 (трех тысяч пятьсот) тенге;

      4) ветеранам труда на коммунальные услуги в течение 7 месяцев отопительного сезона (с января по апрель, с октября по декабрь) в размере 3500 (трех тысяч пятьсот) тенге;

      5) родителям или законным представителям детей–инвалидов, обучающихся на дому, на одного ребенка–инвалида в размере 2 (двух) месячного расчетного показателя на период обучения, согласно списков, представленных государственным учреждением "Айтекебийский районный отдел образования";

      6) гражданам, страдающим онкологическими заболеваниями, инфицированным вирусом иммунодефицита человека и больным различной формой туберкулеза, согласно списков государственного коммунального предприятия "Айтекебийская районная больница" на праве хозяйственного ведения государственного учреждения "Управление здравоохранения Актюбинской области" предоставляемых ежемесячно на период амбулаторного лечения в пределах до 6 месяцев в году, в размере 10 (десяти) месячных расчетных показателей;

      7) ветеранам Великой Отечественной войны, инвалидам I, II, III группы, детям-инвалидам до шестнадцати лет и сопровождающим их лицам для оплаты проезда на лечение по направлению государственного учреждения "Управление здравоохранения Актюбинской области".

      Социальная помощь оказывается указанным лицам, если они не находятся на полном государственном обеспечении.

      11. Единовременная социальная помощь без учета дохода к памятным датам и праздничным дням оказывается:

      ко Дню Победы:

      1) ветеранам Великой Отечественной войны, в размере 500 000 (пятьсот тысяч) тенге;

      2) ветеранам боевых действий на территории других государств, ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      3) другим лицам, на которых распространяется действие Закона "О ветеранах", в размере 30 000 (тридцати тысяч) тенге;

      4) семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия, в размере 30 000 (тридцати тысяч) тенге;

      5) ветеранам труда, в размере 30 000 (тридцати тысяч) тенге;

      6) ко Дню инвалидов - инвалидам, получающим государственные социальные пособия, в размере 30 000 (тридцати тысяч) тенге.

      12. Единовременная социальная помощь при наступлении трудной жизненной ситуации оказывается:

      1) ветеранам Великой Отечественной войны, в размере не более 150 000 (сто пятидесяти тысяч) тенге;

      2) ветеранам боевых действий на территории других государств, ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, в размере не более 100 000 (сто тысяч) тенге;

      3) ветеранам труда и другим лицам, на которых распространяется действие Закона "О ветеранах", в размере не более 80 000 (восьмидесяти тысяч) тенге;

      4) лицам, достигшим пенсионного возраста, в размере не более 60 000 (шестидесяти тысяч) тенге;

      5) инвалидам, в том числе лицам, воспитывающим ребенка-инвалида до восемнадцати лет, в размере не более 60 000 (шестидесяти тысяч) тенге;

      6) жертвам политических репрессий, лицам, пострадавшим от политических репрессий, в размере не более 50 000 (пятидесяти тысяч) тенге;

      7) многодетным семьям, в размере не более 140 000 (сто сорока тысяч) тенге;

      8) детям–сиротам, детям, оставшимся без попечения родителей, выпускникам детских домов, в размере не более 60 000 (шестидесяти тысяч) тенге;

      9) малообеспеченным гражданам, в размере не более 140 000 (сто сорока тысяч) тенге;

      10) гражданам, страдающим онкологическими заболеваниями, инфицированным вирусом иммунодефицита человека и больным различной формой туберкулеза, в размере не более 80 000 (восьмидесяти тысяч) тенге.

      13. Социальная помощь гражданам, находящимся в трудной жизненной ситуации, предоставляется, если среднедушевой доход семьи (гражданина) за предшествовавший на момент обращения квартал не превышает однократного размера прожиточного минимума по Актюбинской области (за исключением ветеранов Великой Отечественной войны, которым социальная помощь оказывается без учета дохода).

      Основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации являются:

      1) основания, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;

      2) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара либо наличие социально значимого заболевания;

      3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего однократного размера прожиточного минимума для предоставления единовременной социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации.

      14. Сроки обращения за социальной помощью при наступлении трудной жизненной ситуации вследствие стихийного бедствия или пожара:

      не позднее шести месяцев с момента наступления соответствующей трудной жизненной ситуации.

      15. Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия и указывает его в заключении о необходимости оказания социальной помощи.

      16. Единовременная социальная помощь на период введенного чрезвычайного положения на территории Республики Казахстан в размере 20 000 (двадцати тысяч) тенге на каждого человека без учета дохода и только по одной категории оказывается:

      1) инвалидам I, II и III группы, получающим государственные социальные пособия, детям-инвалидам до шестнадцати лет, родителям, воспитывающим ребенка инвалида согласно списков уполномоченной организации;

      Социальная помощь оказывается указанным лицам, если они не находятся на полном государственном обеспечении;

      2) гражданам, страдающим онкологическими заболеваниями, инфицированным вирусом иммунодефицита человека и больным различной формой туберкулеза получающим амбулаторное лечение, согласно списков государственного коммунального предприятия "Айтекебийская районная больница" на праве хозяйственного ведения государственного учреждения "Управление здравоохранения Актюбинской области";

      3) одиноко проживающим престарелым гражданам обслуживаемым социальными работниками уполномоченного органа;

      4) малообеспеченным семьям, не получающим адресную социальную помощь, доходы которых на каждого члена семьи не превышают однократного размера прожиточного минимума по Актюбинской области, на основании списков представленных акимами и сельских округов, утвержденных специальной районной комиссией.

      Социальная помощь оказывается без предъявления документов и в случае прекращения чрезвычайного положения оплата прекращается.

3. Порядок оказания социальной помощи

      17. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням оказывается по спискам, утверждаемым акиматом Айтекебийского района по представлению уполномоченной организации либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.

      В случае наличия права отдельных категории граждан на социальную помощь (в соответствии статуса) к различным памятным датам и праздничным дням оказывается один вид социальной помощи (более высокий по размеру).

      18. Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи в уполномоченный орган или акиму сельского округа представляет заявление с приложением следующих документов:

      1) документ, удостоверяющий личность;

      2) сведения о доходах лица (членов семьи);

      3) акт и/или документ, подтверждающий наступление трудной жизненной ситуации.

      Для получения социальной помощи, которая назначается независимо от доходов лица (членов семьи), сведения о доходах лица (членов семьи) не предоставляются.

      19. Ежемесячная социальная помощь лицам, указанным в подпунктах 1) - 6) пункта 10 настоящих Правил, оказывается без истребования заявлений от получателей, лица, указанные в подпункте 7) пункта 10 представляют заявление с приложением следующих документов:

      1) документ, удостоверяющий личность;

      2) документ, подтверждающий социальный статус заявителя;

      3) направление на лечение установленного образца, выданное областным управлением здравоохранения;

       4) билеты, подтверждающие факт проезда.

      20. При наличии в семье двух и более лиц, имеющих право на ежемесячную социальную помощь за коммунальные услуги, выплата социальной помощи предоставляется одному из членов семьи по их выбору.

      21. Документы представляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.

      22. При поступлении заявления на оказание социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации уполномоченный орган или аким сельского округа в течение одного рабочего дня направляет документы заявителя в участковую комиссию для проведения обследования материального положения лица (семьи).

      23. Участковая комиссия в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), подготавливает заключение о нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи по формам согласно приложениям 2, 3 к Типовым правилам и направляет их в уполномоченный орган или акиму сельского округа.

      Аким сельского округа в течение двух рабочих дней со дня получения акта и заключения участковой комиссии направляет их с приложенными документами в уполномоченный орган.

      24. В случае недостаточности документов для оказания социальной помощи, уполномоченный орган запрашивает в соответствующих органах сведения, необходимые для рассмотрения представленных для оказания социальной помощи документов.

      25. В случае невозможности представления заявителем необходимых документов в связи с их порчей, утерей, уполномоченный орган принимает решение об оказании социальной помощи на основании данных иных уполномоченных органов и организаций, имеющих соответствующие сведения.

      26. Уполномоченный орган в течение одного рабочего дня со дня поступления документов от участковой комиссии или акима сельского округа производит расчет среднедушевого дохода лица (семьи) в соответствии с законодательством Республики Казахстан и представляет полный пакет документов на рассмотрение специальной комиссии.

      27. Специальная комиссия в течение двух рабочих дней со дня поступления документов выносит заключение о необходимости оказания социальной помощи, при положительном заключении указывает размер социальной помощи.

      28. Уполномоченный орган в течение восьми рабочих дней со дня регистрации документов заявителя на оказание социальной помощи принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи на основании принятых документов и заключения специальной комиссии о необходимости оказания социальной помощи.

      В случаях, указанных в пунктах 24 и 25 настоящих Правил, уполномоченный орган принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи в течение двадцати рабочих дней со дня принятия документов от заявителя или акима сельского округа.

      29. Уполномоченный орган письменно уведомляет заявителя о принятом решении (в случае отказа - с указанием основания) в течение трех рабочих дней со дня принятия решения.

      30. Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:

      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем;

      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследования материального положения лица (семьи);

      3) превышения размера среднедушевого дохода лица (семьи) установленного маслихатом Айтекебийского района порога для оказания социальной помощи.

      31. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом района на текущий финансовый год.

4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи

      32. Социальная помощь прекращается в следующих случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы Айтекебийского района;

      3) направления получателя на проживание в государственные медико – социальные учреждения;

      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем.

      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      33. В случае выявления представления недостоверных сведений, повлекших за собой незаконное назначение социальной помощи, выплата социальной помощи лицу (семье) прекращается на период ее назначения.

      34. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном порядке, а в случае отказа – в судебном порядке.

5. Заключительное положение

      35. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системой "Е–собес" или автоматизированной информационной системой "Социальная помощь".