Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 23.09.2020 № 424 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 45 "Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 5114 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық -құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесідей толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
2 тармақ келесі мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) төтенше жағдай – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қорғау мүдделерінде ғана қолданылатын және азаматтардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгілеуге жол беретін және оларға қосымша міндеттер жүктейтін, мемлекеттік органдар, ұйымдар қызметінің ерекше құқықтық режимі болып табылатын уақытша шара.".
келесі мазмұндағы 12-1 тармақпен толықтырылсын:
"12-1. Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде біржолғы әлеуметтік көмек 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде әр адамға табыстарын есепке алмай және тек бір санат бойынша көрсетіледі:
1) бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға уәкілетті ұйымның ұсынған тізімдері негізінде;
2) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын амбулаториялық ем алып жүрген науқастарға, "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алға аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ұсынған тізімдері негізінде;
3) уәкілетті органның әлеуметтік қызметкерлерімен қызмет көрсететін жалғыз тұратын қарт азаматтарға;
4) атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы Ақтөбе облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 (бір) еселенген мөлшерінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасыларға, арнайы аудандық комиссия бекіткен қалалық және ауылдық округ әкімдері ұсынған тізімдердің негізінде.
Әлеуметтік көмек құжаттарды ұсынусыз көрсетіледі.".
2. "Алға аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2020 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Алға аудандық мәслихат сессиясының төрайымы |
Г. Джармухамбетова |
Алға аудандық мәслихатының хатшысы |
Б. Жумабаев |
"КЕЛІСІЛДІ" "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Б. Елеусінова |
______ ____________ 2020 ж. |