Алға аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 116 "Алға ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 26 тамыздағы № 405 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 қыркүйекте № 7370 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 137 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 28.03.2024 № 137 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алға аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 116 "Алға ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5676 тіркелген, 2017 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Алға ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерінде және тәртібінде:

      1 және 3 тармақтар мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      1) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды;

      2) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

      3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 7 (жеті) пайызы мөлшерінде белгіленеді.";

      "3. Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.".

      2. "Алға аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алға аудандық
мәслихат сессиясының төрағасы
Р. Еркусимова
      Алға аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Жумабаев

О внесении изменений в решение Алгинского районного маслихата от 26 сентября 2017 года № 116 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Алгинском районе"

Решение Алгинского районного маслихата Актюбинской области от 26 августа 2020 года № 405. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 1 сентября 2020 года № 7370. Утратило силу решением Алгинского районного маслихата Актюбинской области от 28 марта 2024 года № 137

      Сноска. Утратило силу решением Алгинского районного маслихата Актюбинской области от 28.03.2024 № 137 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", Алгинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Алгинского районного маслихата от 26 сентября 2017 года № 116 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Алгинском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5676, опубликованное 20 октября 2017 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения:

      в Размере и порядке оказания жилищной помощи в Алгинском районе, утвержденных указанным решением:

      пункты 1 и 3 изложить в следующей новой редакции:

      "1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      1) расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      3) расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Доля предельно допустимых расходов в пределах установленных норм устанавливается в размере 7 (семи) процентов от совокупного дохода семьи (гражданина).";

      "3. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.".

      2. Государственному учреждению "Аппарат Алгинского районного маслихата" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Департаменте юстиции Актюбинской области;

      2) размещение настоящего решения на интернет–ресурсе Алгинского районного маслихата после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Алгинского
районного маслихата
Р. Еркусимова
      Секретарь Алгинского
районного маслихата
Б. Жумабаев