Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің 09.12.2020 № 46 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 02-09-04/129 ұсынысы негізінде, Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан қарасан ауруы анықталуына байланысты, Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округінің Жарсай қыстағы аумағында карантин белгіленсін.
2. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің 20.11.2020 № 39 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 3 тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің 20.11.2020 № 39 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Көлтабан ауылдық округінің әкімі |
С. Бітімбай |