Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 15.09.2023 № 56 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 333 "Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7502 тіркелген, 2020 жылы 5 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
5 тармағында "Үлгілік" сөзі "осы" сөзімен ауыстырылсын;
6 тармағында "Үлгілік" сөзі "осы" сөзімен ауыстырылсын;
8 тармақтың үшінші абзацы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – 30 тамыз.";
14 тармақ келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"14. Біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:
1) Жеңіс күніне орай:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 2 000 000 (екі миллион) теңге мөлшерiнде;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарына, еңбек ардагерлеріне, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің екінші рет некеге отырмаған жұбайына (зайыбына) 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;
қайтыс болған ауғандық жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жұбайына (зайыбына) 30 000 ( отыз мың) теңге мөлшерiнде;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай:
мүгедектерге 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерiнде;
3) емделуге төленетін жол шығындарын өтеу үшін:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, I, II, III топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға және оларды ертіп жүруші тұлғаларға, "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – облыстық денсаулық сақтау басқармасы) жолдамасы бойынша.";
16 тармақ келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"16. Атаулы күндер мен мерекелік күндері әлеуметтік көмек алушылардан өтініш талап етілмей, әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеуді қамтамасыз ететін уәкілетті органның не уәкілетті ұйымдардың, ЖАО бекіткен тізімі бойынша табыстарын есепке алмай көрсетіледі.
Азаматтардың кейбір санаттарының әр түрлі атаулы күндер мен мерекелік күндері (санатына сәйкес) әлеуметтік көмек алуға құқығы болған жағдайда әлеуметтік көмектің бір түрі көрсетіледі (көлемі бойынша үлкені).
14 тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар мынадай құжаттарды ұсынады:
1) арызы;
2) мүгедек баланың жеке куәлігінің көшірмесі немесе туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) жолдама:
стационарға емдеуге жатқызуға;
республикалық деңгейде мамандандырылған және жоғары
мамандандырылған консультациялық-диагностикалық көмек алуға;
4) 14 тармағының 3) тармақшасында көрсетілген азаматтардың санатына жататындығын растайтын куәліктің көшірмесі;
5) жол жүру дерегін растайтын билеттер, егер олар болмаған жағдайда – темір жол көлігінде емделу орнына дейінгі және кері қайтуға жол жүру құны туралы анықтама;
6) 14 тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамды алып жүру қажеттігін растайтын медициналық анықтама.";
18 тармақ келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"18. Осы Қағидалардың 9 тармағында көрсетілген тұлғаларға ай сайынғы әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі.".
2. "Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы |
М. Турымов |
Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы |
К. Қосаяқов |