Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарғалы аудандық мәслихатының келесідей шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Қарғалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қарашадағы № 180 "Қарғалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5751 тіркелген, 2018 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;
2) Қарғалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 287 "Қарғалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қарашадағы № 180 "Қарғалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-6-180 тіркелген, 2018 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.
2. "Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Қарғалы аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарғалы аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
С. Темирбаев |
Қарғалы аудандық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы |
С. Аманжолов |