Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106, 109-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қобда аудандық мәслихатының 2020 жылғы 8 қаңтардағы № 293 "2020-2022 жылдарға арналған Өтек ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6672 тіркелген, 2020 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) тармақшасында:
кірістер – "40 773,3" сандары "31 393,1" сандарымен ауыстырылсын;
трансферттер түсімдері бойынша - "39 728,2" сандары "30 348,0" сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшасында
шығындар – "40 773,3" сандары "31 393,1" сандарымен ауыстырылсын;
қазақ тіліндегі 3 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"3. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшерi – 42 500 теңге;
2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 651 теңге;
3) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 31 183 теңге;
2020 жылғы 1 сәуірден бастап:
1) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 778 теңге;
2) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 32 668 теңге болып белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын.",
орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Қобда аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қобда аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Ж. Атамуратова |
Қобда аудандық мәслихатының хатшысы |
Ж. Ергалиев |
2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 397 шешіміне қосымша | |
Қобда аудандық мәслихаты 2020 жылғы 8 қаңтары № 293 шешіміне 1 қосымша |
2020 жылға арналған Өтек ауылдық округінің бюджеті
Санаты | Сомасы, мың теңге | |||
Сыныбы | ||||
Iшкi сыныбы | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
І. Кірістер | 31393,1 | |||
1 | Салықтық түсімдер | 796,0 | ||
1 | 04 | Меншiкке салынатын салықтар | 796,0 | |
1 | 04 | 1 | Мүлiкке салынатын салықтар | 11,0 |
1 | 04 | 3 | Жер салығы | 39,0 |
1 | 04 | 4 | Көлiк құралдарына салынатын салық | 746,0 |
2 | Салықтық емес түсімдер | 249,1 | ||
1 | 06 | Басқа да салықтық емес түсімдер | 249,1 | |
1 | Басқа да салықтық емес түсімдер | 249,1 | ||
4 | Трансферттердің түсімдері | 30348,0 | ||
4 | 02 | Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер | 30348,0 | |
4 | 02 | 3 | Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер | 30348,0 |
Функционалдық топ | Сомасы (мың теңге) | ||||
Кіші функция | |||||
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі | |||||
Бағдарлама | |||||
Атауы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
II. Шығындар | 31393,1 | ||||
01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер | 13753,5 | |||
1 | Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар | 13753,5 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 13753,5 | |||
001 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 13395,3 | |||
022 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 358,2 | |||
04 | Бiлiм беру | 15332,0 | |||
1 | Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту | 15332,0 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 15332,0 | |||
004 | Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту және мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру | 11614,0 | |||
041 | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға | 3718,0 | |||
07 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 2049,6 | |||
3 | Елді-мекендерді көркейту | 2049,6 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 2049,6 | |||
008 | Елдi мекендердегі көшелердi жарықтандыру | 1042,8 | |||
011 | Елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру | 1006,8 | |||
12 | Көлiк және коммуникация | 258,0 | |||
1 | Автомобиль көлiгi | 258,0 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 258,0 | |||
013 | Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету | 258,0 | |||
ІІІ. Таза бюджеттік кредиттеу | 0 | ||||
Бюджеттік кредиттер | 0 | ||||
ІV. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо | 0 | ||||
Қаржы активтерін сатып алу | 0 | ||||
V. Бюджет тапшылығы | 0 | ||||
VI. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) | 0 |