Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139 бабының 9 тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 4 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәртөк аудандық мәслихатының 2016 жылғы 4 қарашадағы № 40 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Мәртөк ауданының елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы мамандарға, жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5141 тіркелген, 2016 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған шешімнің 1 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Мәртөк ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы мамандарға, сондай-ақ аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленсін.".
2. "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәртөк аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
В. Гончарюк |
Мәртөк аудандық мәслихатының хатшысы |
А. Альмухамбетов |