Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына және 71-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Соколов - Сарыбай кен - байыту өндірістік бірлестігі" акционерлік қоғамымен пайдалы қазбаларды барлау үшін, Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 4280 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 6 (алты) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасары жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мұғалжар ауданының әкімі |
А. Шериязданов |