Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 109-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 398 "2020-2022 жылдарға арналған Құмжарған ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6762 тіркелген, 2020 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тармақшасында:
кірістер – "58 735,6" сандары "55 735,6" сандарымен ауыстырылсын;
трансферттер түсімі – "57 652,0" сандары "54 652,0" сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшасында:
шығындар – "58 735,6" сандары "55 735,6" сандарымен ауыстырылсын;
5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшері – 42 500 теңге;
2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 2 651 теңге;
3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 31 183 теңге;
2020 жылғы 1 сәуірден бастап:
1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 17 641 теңге;
2) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 40 441 теңге;
3) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 778 теңге;
4) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 32 668 теңге көлемінде белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын.".
2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мұғалжар аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Н. Сарсенов |
Мұғалжар аудандық мәслихатының хатшысы |
Р. Мусенова |
Мұғалжар аудандық мәслихатының | |
2020 жылғы 5 маусымдағы | |
№ 445 шешіміне қосымша | |
Мұғалжар аудандық мәслихатының | |
2020 жылғы 6 қаңтардағы № 398 | |
шешіміне 1 қосымша |
2020 жылға арналған Құмжарған ауылдық округ бюджеті
санаты | сыныбы | кіші сыныбы | атауы | сомасы (мың теңге) | |
1. КІРІСТЕР | 55 735,6 | ||||
1 | САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕР | 1 050,0 | |||
01 | Табыс салығы | 55,0 | |||
2 | Жеке табыс салығы | 55,0 | |||
04 | Меншікке салынатын салықтар | 995,0 | |||
1 | Мүлікке салынатын салықтар | 5,0 | |||
3 | Жер салығы | 58,0 | |||
4 | Көлік құралдарына салынатын салық | 932,0 | |||
2 | САЛЫҚТЫҚ ЕМЕС ТҮСІМДЕР | 33,6 | |||
06 | Басқада салықтық емес түсімдер | 33,6 | |||
1 | Басқада салықтық емес түсімдер | 33,6 | |||
4 | Трансферттердің түсімдері | 54 652,0 | |||
02 | Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер | 54 652,0 | |||
3 | Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер | 54 652,0 | |||
функционалдық топ | кіші функция | бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсі | бағдарлама | атауы | сомасы (мың теңге) |
ІІ. ШЫҒЫНДАР | 55 735,6 | ||||
01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер | 15 562,6 | |||
1 | Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар | 15 562,6 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл,кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 15 562,6 | |||
001 | Аудандық маңызы бар қала,ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 15 562,6 | |||
04 | Бiлiм беру | 35 797,0 | |||
1 | Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту | 35 797,0 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл,кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 35 797,0 | |||
004 | Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту және мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру | 35 797,0 | |||
07 | Тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық | 2 252,0 | |||
3 | Елді мекендерді көркейту | 2 252,0 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл,кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 2 252,0 | |||
008 | Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | 2 052,0 | |||
011 | Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру | 200,0 | |||
12 | Көлiк және коммуникация | 1 000,0 | |||
1 | Автомобиль көлiгi | 1 000,0 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 1 000,0 | |||
013 | Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасы ету | 1 000,0 | |||
13 | Басқалар | 1 124,0 | |||
9 | Басқалар | 1 124,0 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала,ауыл,кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 1 124,0 | |||
040 | Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру | 1 124,0 | |||
V. Бюджет тапшылығы (профициті) | 0,0 | ||||
VI. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) | 0,0 |