Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 393 "2020-2022 жылдарға арналған Ащысай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6757 тіркелген, 2020 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшері – 42 500 теңге;
2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 2 651 теңге;
3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 31 183 теңге;
2020жылғы 1 сәуірден бастап:
1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 17 641 теңге;
2) зейнетақының ең төмен мөлшері – 40 441 теңге;
3) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 2 778 теңге;
4) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 32 668 теңге белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын.".
2. "Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мұғалжар аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
А. Жукашев |
Мұғалжар аудандық мәслихатының хатшысы |
Р. Мусенова |