Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021 жылға Мұғалжар ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мұғалжар ауданының әкімі | А. Шериязданов |
Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 401 қаулысына қосымша |
2021 жылға Мұғалжар ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымдардың атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %) | Жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | "Актобе мунай маш комплект" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 117 | 2% | 2 |
2 | "Көктас" акционерлік қоғамы | 55 | 2% | 1 |
3 | "AltynEx Company" акционерлік қоғамы | 110 | 2% | 2 |
4 | "Силикат-А" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 65 | 2% | 1 |
5 | "Базальт-А" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 26 | 2% | 1 |
6 | "Мұғалжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Коммуналшы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны | 100 | 2% | 2 |
7 | "Мұғалжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ембіжылу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны | 53 | 2% | 1 |
8 | "Вернал Ойл Қазақстан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 72 | 2% | 1 |
9 | "Кентавр" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 70 | 2% | 1 |