Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 2 қазандағы № 02-13-4/201 ұсынысы негізінде, Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мұғалжар ауданы, Ақкемер ауылдық округінің Жарық ауылы аумағында, мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс - шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс - шаралары алынсын.
2. Ақкемер ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 59 "Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округінің Жарық ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6563 тіркелген, 2019 жылғы 20 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Мұғалжар ауданының Ақкемер ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақкемер ауылдық округінің әкімі
Д. Кужаньязов