Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Құмсай ауылдық округі әкімінің 04.03.2021 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 02-13-4/71 ұсынысы негізінде, Мұғалжар ауданы Құмсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Мұғалжар ауданы Құмсай ауылдық округінің Құмсай ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Мұғалжар ауданы Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мұғалжар ауданы Құмсай ауылдық округінің әкімі |
А. Тугыров |