Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 15 "Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 530 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 қарашада № 7609 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 78 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 08.09.2023 № 78 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 15 "Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4903 тіркелген, 2016 жылы 20 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      1 тармақ келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн–өзi басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді (бұдан әрi – Үлгілік қағидалар) және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.";

      2 тармақтың 1), 4) тармақшалары келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай–ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақтөбе облысының статистика департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін облыстардағы мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;";

      7 тармақтың үшінші абзацы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні.";

      8 тармақ келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне коммуналдық қызметтерге 8000 (сегіз мың) теңге мөлшерінде уәкілетті ұйымның ұсынған тізімдері негізінде;

      2) мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге мүгедек балалардың ата–аналарына немесе заңды өкілдеріне, білім беру кезеңіне бір мүгедек балаға, 2 (екі) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде "Темір аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ұсынған тізімдері негізінде;

      3) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, ай сайын ұсынылатын "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің

      шаруашылық жүргізу құқығындағы "Темір аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынған тізімдері негізінде, жылына алты айға дейінгі амбулаториялық ем алу мерзіміне 10 (он) айлық есептiк көрсеткіш мөлшерінде;

      4) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 3 500 (үш мың бес жүз) теңге мөлшерінде;

      5) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға жылу маусымының 7 ай ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 3500 (үш мың бес жүз) теңге мөлшерінде;

      6) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының орденімен және медальдарымен наградталған адамдарға жылу маусымының 7 ай ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 3500 (үш мың бес жүз) теңге мөлшерінде.

      Әлеуметтік көмек, егер жоғарыда аталған тұлғалар толық мемлекет қарауында болмаған жағдайда көрсетіледі.";

      9 тармақтың бірінші абзацы, 1), 2), 3) тармақшалары келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, не оның мүлкіне зиян келтіру нәтижесінде келтірілген шығындарға байланысты біржолғы әлеуметтік көмектің төмендегі мөлшерлері белгіленеді:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 150 000 (жүз елу мың) теңгеге дейінгі шекте;

      2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 100 000 (жүз мың) теңгеге дейінгі шекте;

      3) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарына 80 000 (сексен мың) теңгеге дейінгі шекте;":

      10 тармақтың бірінші, екінші абзацтары келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Өмірлік қиын жағдайлардағы азаматтарға, егер жолыққан сәттің алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы Ақтөбе облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен 1 еседен

      аспаса әлеуметтік көмек көрсетіледі (кірісі есептелмей әлеуметтік көмек көрсетілетін Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қоспағанда).

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, әлеуметтік көмек олардың табысын есепке алмай көрсетіледі.";

      12 тармақ келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "12. Біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) Жеңіс күніне орай:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 2 000 000 (екі миллион) теңге мөлшерiнде;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарына, еңбек ардагерлеріне, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің екінші рет некеге отырмаған жұбайына (зайыбына) 50000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;

      қайтыс болған ауғандық жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жұбайына (зайыбына) 30000 ( отыз мың) теңге мөлшерiнде;

      2) Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай:

      мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектерге 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;

      3) емделуге төленетін жол шығындарын өтеу үшін:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, I, II, III топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға және оларды ертіп жүруші тұлғаларға, "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – облыстық денсаулық сақтау басқармасы) жолдамасы бойынша.";

      14 тармақ келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "14. Атаулы күндер мен мерекелік күндері әлеуметтік көмек алушылардан өтініш талап етілмей, әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеуді қамтамасыз ететін уәкілетті органның не уәкілетті ұйымдардың, ЖАО бекіткен тізімі бойынша табыстарын есепке алмай көрсетіледі.

      Азаматтардың кейбір санаттарының әр түрлі атаулы күндер мен мерекелік күндері (санатына сәйкес) әлеуметтік көмек алуға құқығы болған жағдайда әлеуметтік көмектің бір түрі көрсетіледі (көлемі бойынша үлкені).

      12 тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) арызы;

      2) мүгедек баланың жеке куәлігінің көшірмесі немесе туу туралы куәлігінің көшірмесі;

      3) жолдама:

      стационарға емдеуге жатқызуға;

      республикалық деңгейде мамандандырылған және жоғары

      мамандандырылған консультациялық-диагностикалық көмек алуға;

      4) 12 тармағының 3) тармақшасында көрсетілген азаматтардың санатына жататындығын растайтын куәліктің көшірмесі;

      5) жол жүру дерегін растайтын билеттер, егер олар болмаған жағдайда – темір жол көлігінде емделу орнына дейінгі және кері қайтуға жол жүру құны туралы анықтама;

      6) 12 тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамды алып жүру қажеттігін растайтын медициналық анықтама.";

      15 тармақ келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "15. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе қала, ауылдық округтің әкіміне мынадай құжаттармен:

      1) жеке басын куәландыратын құжатпен;

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен;

      3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/немесе құжатпен қоса өтініш береді.

      Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.";

      16 тармақ келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "16. Осы Қағидалардың 8 тармағында көрсетілген тұлғаларға ай сайынғы әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі.";

      17 тармақ келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "17. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.";

      19 тармақтың бірінші абзацы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "19. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидалардағы 2, 3–қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе қала, ауылдық округ әкіміне жібереді.";

      осы қағидалардағы 1, 2, 3–қосымшалар алып тасталсын.

      2. "Темір аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Темір аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
Е. БАЛБОСЫНОВ
      Темір аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Избасов
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б.Елеусинова
      "_____" _______________ 2020 жыл

О внесении изменений в решение районного маслихата от 11 апреля 2016 года № 15 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Темирском районе"

Решение Темирского районного маслихата Актюбинской области от 30 октября 2020 года № 530. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 6 ноября 2020 года № 7609. Утратило силу решением Темирского районного маслихата Актюбинской области от 8 сентября 2023 года № 78

      Сноска. Утратило силу решением Темирского районного маслихата Актюбинской области от 08.09.2023 № 78 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" Темирский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение районного маслихата от 11 апреля 2016 года № 15 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Темирском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4903, опубликованное 20 мая 2016 года в информационно–правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан "Әділет) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Темирском районе, утвержденных указанным решением:

      пункт 1 изложить в следующей новой редакции:

      "1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Темирском районе (далее – Правила) разработаны в соответствии со статьей 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (далее – Типовые правила) и определяют порядок оказания социальной помощи, установления размеров и перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.";

      подпункты 1), 4) пункта 2 изложить в следующей новой редакции:

      "1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – уполномоченная организация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услуг субъектов квазигосударственного сектора в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий, услуг субъектов квазигосударственного сектора и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме,

      осуществляющее государственную регистрацию прав на недвижимое имущество по месту его нахождения;

      4) прожиточный минимум – необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной

      потребительской корзины, рассчитываемой Республиканским государственным учреждением "Департамент статистики Актюбинской области Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан";

      третий абзац пункта 7 изложить в следующей новой редакции:

      "День Конституции Республики Казахстан – 30 августа.";

      пункт 8 изложить в следующей новой редакции:

      "8. Ежемесячная социальная помощь без учета доходов оказывается:

      1) ветеранам Великой Отечественной войны на коммунальные услуги в размере 8 000 (восьми тысяч) тенге на основании списков, представленных уполномоченной организацией;

      2) родителям или законным представителям детей–инвалидов на возмещение затрат на обучение на дому детей–инвалидов, на одного ребенка – инвалида в размере 2 (двух) месячных расчетных показателей на период обучения, на основании списков, представленных государственным учреждением "Темирский районный отдел образования, физической культуры и спорта";

      3) гражданам, страдающим онкологическими заболеваниями, инфицированным вирусом иммунодефицита человека и больным различной формой туберкулеза согласно списков государственного коммунального

      предприятия "Темирская районная больница" на праве хозяйственного ведения государственного учреждения "Управление здравоохранения Актюбинской области", предоставляемых ежемесячно на период амбулаторного лечения в пределах до шести месяцев в году, в размере 10 (десяти) месячных расчетных показателей;

      4) ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранам боевых действий на территории других государств на коммунальные услуги в течении 7 месяцев отопительного сезона (с января по апрель, с октября по декабрь), в размере 3 500 (трех тысяч пятисот) тенге;

      5) другим лицам, на которых распространяется действие Закона Республики Казахстан от 6 мая 2020 года "О ветеранах" на коммунальные услуги в течении 7 месяцев отопительного сезона (с января по апрель, с октября по декабрь), в размере 3 500 (трех тысяч пятисот) тенге;

      6) лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и беупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны на коммунальные услуги в течении 7 месяцев отопительного сезона (с января по апрель, с октября по декабрь), в размере 3 500 (трех тысяч пятисот) тенге.

      Социальная помощь оказывается в случае, если вышеназванные лица не находятся на полном государственном обеспечении.";

      первый абзац, подпункты 1), 2), 3) пункта 9 изложить в следующей новой редакции:

      "9. В зависимости от наступившей трудной жизненной ситуации или убытков, понесенных в результате повреждения его имущества, устанавливаются следующие размеры единовременной социальной помощи:

      1) ветеранам Великой Отечественной войны в пределах 150 000 (ста пятидесяти тысяч) тенге;

      2) ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранам боевых действий на территории других государств в пределах 100 000 (ста тысяч) тенге;

      3) другим лицам, на которых распространяется действие Закона Республики Казахстан от 6 мая 2020 года "О ветеранах" в пределах 80 000 (восьмидесяти тысяч) тенге;";

      первый, второй абзацы пункта 10 изложить в следующей новой редакции:

      "10. Социальная помощь гражданам, находящимся в трудной жизненной ситуации, предоставляется, если среднедушевой доход семьи (гражданина) за предшествовавший на момент обращения квартал не превышает 1–кратного размера прожиточного минимума по Актюбинской области (за исключением ветеранов Великой Отечественной войны, которым социальная помощь оказывается без учета дохода).

      При наступлении трудной жизненной ситуации ветеранам Великой Отечественной войны социальная помощь оказывается без учета их дохода.";

      пункт 12 изложить в следующей новой редакции:

      "12. Единовременная социальная помощь оказывается:

      1) ко Дню Победы:

      ветеранам Великой Отечественной войны в размере 2 000 000 (двух миллионов) тенге;

      ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранам боевых действий на территории других государств в размере 100 000 (ста тысяч) тенге;

      другим лицам, на которых распространяется действие Закона Республики Казахстан от 6 мая 2020 года "О ветеранах", ветеранам труда, супруге (супругу) умерших ветеранов Великой Отечественной Войны, которые не вступали в повторный брак, в размере 50 000 (пятидесяти тысяч) тенге;

      супруге (супругу) умерших воинов–афганцев, которые не вступали в повторный брак, в размере 30 000 (тридцати тысяч) тенге;

      2) ко дню Конституции Республики Казахстан:

      инвалидам, получающим государственные социальные пособия, в размере 50 000 (пятидесяти тысяч) тенге;

      3) для оплаты проездных расходов на лечение:

      ветеранам Великой Отчественной войны, инвалидам I, II, III групп, детям–инвалидам до шестнадцати лет и сопровождающим их лицам, по направлению государственного учреждения "Управление здравоохранения Актюбинской области" (далее – областного управления здравоохранения).";

      пункт 14 изложить в следующей новой редакции:

      14. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням без учета доходов оказывается по списку, утверждаемому МИО по представлению уполномоченного органа, осуществляющего назначение и выплату социальной помощи, либо уполномоченной организацией без истребования заявлений от получателей.

      В случае наличия права отдельных категорий граждан на социальную помощь (в соответствии статуса) к различным памятным датам и праздничным дням оказывается один вид социальной помощи (более высокий по размеру).

      Лица, указанные в подпункте 3) пункта 12, представляют следующие документы:

      1) заявление;

      2) копия удостоверения личности или копия свидетельства о рождении ребенка инвалида;

      3) направление на:

      госпитализацию в стационар;

      получение специализированной и высокоспециализированной консультативно-диагностической помощи на республиканском уровне;

      4) копия удостоверения, подтверждающего принадлежность к категориям граждан, указанных в подпункте 3) пункта 12;

      5) билеты, подтверждающие факт проезда, а в случае их отсутствия – справка о стоимости проезда на железнодорожном транспорте до места лечения и обратно;

      6) медицинская справка, подтверждающая необходимость сопровождения лица, указанного в подпункте 3) пункта 12.";

      пункт 15 изложить в следующей новой редакции:

      "15. Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи в уполномоченный орган или акиму города, сельского округа представляет заявление с приложением следующих документов:

      1) документ, удостоверяющий личность;

      2) сведения о доходах лица (членов семьи);

      3) акт и/или документ, подтверждающий наступление трудной жизненной ситуации.

      Для получения социальной помощи, которая назначается независимо от доходов лица (членов семьи), сведения о доходах лица (членов семьи) не предоставляются.";

      пункт 16 изложить в следующей новой редакции:

      "16. Ежемесячная социальная помощь лицам, указанным в пункте 8 настоящих Правил, оказывается без истребования заявлений от получателей.";

      пункт 17 изложить в следующей новой редакции:

      "17. Документы представляются в подлинниках для сверки, после чего

      подлинники документов возвращаются заявителю.";

      первый абзац пункта 19 изложить в следующей новой редакции:

      "19. Участковая комиссия в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), подготавливает заключение о нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи по формам согласно приложениям 2, 3 к Типовым правилам и направляет их в уполномоченный орган или акиму города, сельского округа.";

      приложения 1, 2, 3 к настоящим Правилам исключить.

      2. Государственному учреждению "Аппарат Темирского районного маслихата" в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в Департаменте юстиции Актюбинской области.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Темирского
районного маслихата
Е. БАЛБОСЫНОВ
      Секретарь Темирского
районного маслихата
Б. Избасов
      "СОГЛАСОВАНО"
Руководитель государственного учреждения
"Управление координации занятости и
социальных программ Актюбинской области"
Б. Елеусинова
      "_____" _______________ 2020 года