Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2020 жылғы 18 тамыздағы № 2-14/101 ұсынысы негізінде, Көптоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округінде орналасқан "Даурен-С" шаруа қожалығының аумағында мүйізді ірі қара малдарынның арасындағы бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 23 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6504 тіркелген, 2019 жылы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Ойыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Көптоғай ауылдық округінің әкімі | Е. Асылбаев |