Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімінің 22.05.2020 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 4 наурыздағы № 2-13/39 ұсынысы негізінде, Саралжын ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі Ақкемер ауылында орналасқан "Дархан-1" шаруа қожалығының аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан қарасан ауруының анықталуына байланысты карантин белгіленсін.
2. "Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Саралжын ауылдық округінің әкімі | А. Мубараков |