2020 жылға арналған Хромтау ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 11 наурыздағы № 114 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 наурызда № 6865 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Ескерту. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - осы қаулының 4 тармағымен.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару Кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7 тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға арналған Хромтау ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардыжұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Хромтау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Хромтау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Хромтау ауданының әкімі
      Н. Алдияров

  Хромтау ауданы әкімдігінің
  2020 жылғы 11 наурыздағы
  № 114 қаулысына қосымша

2020 жылға арналған Хромтау ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота

№ п/п

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық түрде)

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Казхром" ТҰҚ" АҚ филиалы - Дөң тау кең байыту комбинаты

2696

2

54

2

"Восход-Oriel" ЖШС

528

0,5

3

3

"Восход Хром" ЖШС

287

0,5

1

4

"Ақтөбе мыс компаниясы" ЖШС

1433

1

14

5

"Коппер Текнолоджи" ЖШС

435

1

4

6

"БШПУ-Казахстан" ЖШС

180

1

2

7

"Хромтау кірпіш зауыты" ЖШС

111

1

1

8

"Нұр-Сапар" ЖШС

19

5

1


Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Хромтаускому району на 2020 год

Постановление акимата Хромтауского района Актюбинской области от 11 марта 2020 года № 114. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 12 марта 2020 года № 6865. Прекращено действие в связи с истечением срока

      Сноска. Вводится в действие с 01.01.2020 в соответствии с пунктом 4 настоящего постановления.

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 18 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года, статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан", подпунктом 7) статьи 9, подпунктом 2) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", и приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13898, акимат Хромтауского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации независимо от организационно-правовой формы и формы собственности по Хромтаускому району на 2020 год, в разрезе организации согласно приложению.

      2. Государственному учреждению "Хромтауский районный отдел занятости и социальных программ" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции Актюбинской области;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Хромтауского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Хромтауского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2020 года.

      Аким Хромтауского района
      Н. Алдияров

  Приложение к постановлению
  акимата Хромтауского района
  от 11 марта 2020 года № 114

Квота рабочих мест для трудоустройства лиц состоящих на учете службы пробации по Хромтаускому району на 2020 год в разрезе организаций

№ п/п

Наименование организации

Списочная численность работников

Размер квоты (в процентом выражении от списочной численности работников)

Количество рабочих мест (единиц)

1

Донской горно-обогатительный комбинат - филиал АО "ТНК "Казхром"

2696

2

54

2

ТОО "Восход-Oriel"

528

0,5

3

3

ТОО "Восход Хром"

287

0,5

1

4

ТОО "Актюбинская медная компания"

1433

1

14

5

ТОО "Коппер Текнолоджи"

435

1

4

6

ТОО "БШПУ-Казахстан"

180

1

2

7

ТОО "Хромтауский кирпичный завод "

111

1

1

8

ТОО "Нур-Сапар"

19

5

1