Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 17, 69, 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "West Copper Development" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінің аумағында орналасқан, жалпы алаңы 888 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2025 жылдың 22 қарашасына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуты белгіленсін.
2. Пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскесін пайдаланған кезде "West Copper Development" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
3. "Ақтөбе облысының Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Хромтау ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды Хромтау ауданы әкімінің орынбасары С.Жаконовке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Хромтау ауданының әкімі |
Н. Алдияров |