Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Бөгетсай ауылдық округі әкімінің 09.07.2020 № 27 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Хромтау аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 15-4/88 ұсынысы негізінде, Бөгетсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малының арасынан құтырық ауруының анықталуына байланысты, Хромтау ауданының Бөгетсай ауылдық округі Бөгетсай ауылында орналасқан "Бекзат" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Бөгетсай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Хромтау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Ауылдық округ әкімі |
У. Жаналин |