Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қызылсу ауылдық округі әкімінің 11.11.2020 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Хромтау аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 15-4/521 ұсынысы негізінде, Қызылсу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жануарлардың арасынан пастереллез ауруының анықталуына байланысты, Хромтау ауданының Қызылсу ауылдық округінде орналасқан "Жигер" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қызылсу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Хромтау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Ауылдық округ әкімі | А. Кушмагамбетов |