Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Хромтау аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 1 қазандағы № 15-4/664 ұсынысы негізінде, Қызылсу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Хромтау ауданының Қызылсу ауылдық округінде орналасқан "Жигер" шаруа қожалығының аумағындағы жануарлардың арасынан пастереллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қызылсу ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 17 шілдедегі № 6 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7316 тіркелген, 2020 жылғы 24 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. "Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қызылсу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Хромтау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | А. Кушмагамбетов |