Ескерту. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2 тармағымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 және 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шалқар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 63 "Шалқар аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5198 тіркелген, 2017 жылғы 12 қаңтарда "Шалқар" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2020 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шалқар аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Ж. Утегенов |
Шалқар аудандық мәслихатының хатшысы |
С. Бигеев |