Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-1 бабына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 417 "2020-2022 жылдарға арналған Есет Көтібарұлы ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6693 тіркелген, 2020 жылғы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тармақшасында:
кірістер - "41167,1" сандары "40114,1" сандарымен ауыстырылсын;
трансферттердің түсімдері – "39804,0" сандары "38751,0" сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшасында:
шығындар - "41167,1" сандары "40114,1" сандарымен ауыстырылсын;
3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшері – 42500 теңге;
2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 2651 теңге;
3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы - 31183 теңге;
2020 жылғы 1 сәуірден бастап:
1) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 2778 теңге;
2) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы - 32668 теңге көлемінде белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын.";
екінші абзацында:
"16612,0" сандары "15559,0" сандарымен ауыстырылсын.
2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Шалқар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шалқар аудандық мәслихатының сессия төрағасы, мәслихат хатшысы |
С. Бигеев |
Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 499 шешіміне қосымша | |
Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 417 шешіміне 1 қосымша |
2020 жылға арналған Есет Көтібарұлы ауылдық округ бюджеті
Санаты |
Сомасы, | ||||
Сыныбы | |||||
Ішкі сыныбы | |||||
Атауы | |||||
I. Кірістер | 40114,1 | ||||
1 | Салықтық түсімдер | 1062,0 | |||
04 | Меншікке салынатын салықтар | 1062,0 | |||
1 | Мүлікке салынатын салықтар | 20,0 | |||
3 | Жер салығы | 36,0 | |||
4 | Көлік құралдарына салынатын салық | 1006,0 | |||
2 | Салықтық емес түсімдер | 301,1 | |||
01 | Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер | 32,0 | |||
5 | Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер | 32,0 | |||
06 | Басқа да салықтық емес түсімдер | 269,1 | |||
1 | Басқа да салықтық емес түсімдер | 269,1 | |||
4 | Трансферттердің түсімдері | 38751,0 | |||
02 | Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер | 38751,0 | |||
3 | Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер | 38751,0 | |||
II. Шығындар | 40114,1 | ||||
01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер | 19555,1 | |||
1 | Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар | 19555,1 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 19555,1 | |||
001 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 19322,1 | |||
022 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 233,0 | |||
04 | Білім беру | 19142,0 | |||
1 | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту | 19142,0 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 19142,0 | |||
041 | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға | 19142,0 | |||
07 | Тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық | 1417,0 | |||
3 | Елді-мекендерді көркейту | 1417,0 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 1417,0 | |||
008 | Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | 300,0 | |||
009 | Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету | 523,0 | |||
011 | Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру | 594,0 | |||
III. Бюджет тапшылығы (профицит) | 0,0 | ||||
IV. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) | 0,0 |