Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округі әкімінің 04.11.2020 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 27 мамырдағы № 16-8/62 ұсынысы негізінде, Шетырғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малы арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты, Шетырғыз ауылдық округінде орналасқан "Нұрзаман" шаруа қожалығы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шетырғыз ауылдық округінің әкімі | Ж. Табынбеков |