"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Алматы облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Баталов |
Алматы облысы әкімдігінің қаулысына қосымша |
Алматы облысы әкімдігінің күштері жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі
1. Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысының ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 416 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3482 тіркелген, 2015 жылдың 3 қарашасында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы.
2. Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі "Алматы облысының ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы" № 416 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 4 қазандағы № 464 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4864 тіркелген, 2018 жылдың 26 қарашасында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.
3. Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі "Алматы облысының ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы" № 416 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 276 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5206 тіркелген, 2019 жылдың 31 шілдесінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.